51
жергiлiктi жердiң географиялық ендiгi мен бойлығын өлшеу, т.б.
жатады.
4.4. Карта және басқа да картографиялық шығармалармен
жұмыс iстеу әдiстерi
Әрбiр географиялық карта картографиялық тордан, белгiлi
масштабпен сызылған құрлық пен судың кескiнiнен тұрады.
Оқушылар географиялық картамен жұмыс iстегенде мыналарды
бiлуi керек: 1) бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатура
және нақты картографиялық түсiнiктер; 2)
картада бейнелен-
ген объектiлер мен құбылыстарды түсiне бiлу; 3) географиялық
объектiлердi картадан көрсете бiлу.
Картаны оқи бiлу 2-кезеңнен тұрады:
1. Шартты белгiлерi мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқы-
лы объектiлер мен құбылыстарды оқу.
2. Карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу. Мысалы,
физикалық картада Қызылқұм шөлiнiң географиялық орнын
анықтаса, кейiннен тақырыптық карталар арқылы ландшафт
элементтерiне сипаттама бередi.
ХIХ ғасырдың II жартысында орыс әдiскер-педагогы А. Брыз-
галов: «Оқушы картаға қарап бәрiн бiлуi үшiн географиялық
шартты белгiлер, музыкалық ноталарға ұқсап анық болуы тиiс»,
– деген екен. Географиялық картаны
оқу географиялық ендiк
пен бойлық, градустық тор, масштаб, кейiн территориялар мен
гео гра фиялық объектiлерге сипаттама беруден басталады. Жал-
пы, гео графиялық карталарға қарағанда арнайы карталарды
оқу қиын. Сондықтан оқушы, алдымен, жалпы картамен, кейiн
арнайы карталармен танысады. Мысалы,
Қазақстан мемлекетi
жайын да алғаш географиялық орны туралы картадан өтсе, кейiн
тақы рыптық карталар арқылы пайдалы қазбалары, климаты, iшкi
сулары, жер бедерiне тоқталады. Экономикалық картасы арқылы
шаруашылығы мен халқына, саяси-әкiмшiлiк бөлiнулерiне, т.б.
сипаттама бередi.
Оқулықта және атластарда арнайы карталар сызылады. Мұға-
лiм сабақ кезiнде осы карталар бойынша сабақты түсiндiруге
тырысады. Арнайы карталардың шартты белгiлерi өте көп,
оқушылар олардың барлығын естерiнде қалдыра алмайды. Олар
шартты белгiлердi ажыратуы үшiн өзiндiк жұмыстар берiледі.
Мұғалiм карта
арқылы сұрақтар бере отырып, бiлiмдi бекiтедi.
Мектеп географиясында карталар түрлi-түстi фонмен берiледi.
Әрбiр территория түрлi фонмен боялады. Фон әдiсi арнайы карта-
лар мен атластарда, мысалы, топырақ түрлерi, өсiмдiктер, саяси-
әкiмшiлiк бөлiнулер, табиғат зоналары, т.б. бейнелеулерде жиi
қолданылады.
Арнайы карталарда
сызықтық әдiстермен жолдар, шекара,
өзен торлары бейнеленсе, қозғалысты бейнелеу әдiстерi арқылы
желдiң, ағыстың бағыттары, соғыстың бағыты және экспорт,
импорт өнiмдерiнiң бағыты, т.б. кескiнделедi. Ал геометриялық
белгiлер арқылы пайдалы қазбалар,
өнеркәсiп салалары, халық
саны, қала пунсондары, т.б. берiледi.