О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Ненi бiлемiз? Оңтүстiк Қазақстанның географиялық орны 
мен табиғаты туралы. 
Ненi үйренемiз? Қазақстан картасындағы Оңтүстiк Қазақстан 
экономикалық ауданының географиялық орнын, шекарасын кар-
тадан көрсете бiлуге. 
Ненi үйрендiк? деген мақсатымыз сабақтың соңында айқын-
далды. 
Балалар, бiз бүгiн Арал теңiзiнен Жоңғар қақпасына дейiнгi 
аймақтарға керуенге шығамыз. Керуен жолы Оңтүстiк өңiрдiң ба-
тысында орналасқан Қызылорда облысынан басталады. 
Сұлу Көкше, өр Алатау арасы,
Бәрi тұтас қазағымның даласы. 
Сонша жердi сойылымен қорғаған,
Бабаларым осал емес-ау шамасы…
деген өлеңді оқи отырып, Оңтүстiк Қазақстан өңiрiне керуен 
жолдары карта бетiнде керуен көшi бар түйелер жүргiзiлiп 
отырды. 
Керуен жолы Қызылорда облысынан басталды. 
О, Сыр бойы, сүйiктi атамекен, 
Анамдай ардақтайтын құрмет еткен. 
Жан-тәнiм тебiрене жайып құшақ, 
Жүзiңнен қысқа күнде қырық тәу етем. 
Суың – бал құмың – қазына, сазың – алтын,
Ақтарып асылыңды алды халқым,
Өлкеңде өрнектi әсем өмiр қайнап 
Әлемдi алты орап алды даңқың.
Қызылорда – бұрынғы Ақмешiт қаласы. Қазақстанның 
Орынбордан кейiнгi астанасы болған. Аумағы – 226,0 мың км
2

халқы – 596,2 мың адам. Шығысында – Оңтүстiк Қазақстан об-
лысы, солтүстiгiнде – Қарағанды, солтүстiк-батысында Ақтөбе,
Арал теңiздерiмен, оңтүстiгiнде – Түрікменстан мемлекетiмен 
шекте сiп жатыр. Күрiш пен тарының отаны деуге болады.
Керуен көшi нiң келесi сапары Оңтүстiк Қазақстан облысына 
жалғасты. 


89
Қолтаңба бағытың бар ел ескерген. 
Көркемдiк дәрежең бар киелiсiң
Алыптар тұрған едi бастауыңда, 
70 жыл өтiп кеттi қас қағымда.
Көресiз мұражайдан тарих iзiн,
Қазақтың қасiреттi дастанын да... 
Шымкент – Оңтүстiк Қазақстан облысының орталығы, көне 
қалалардың бiрi. Отырар, Сауран, Түркiстан, т.б. көне өлке ле-
рiмен әйгiлi. Аумағы – 117,3 мың км
2
, халқы – 1978,3 мың адам. 
Облыс шығысында – Жамбыл, солтүстiгiнде – Қарағанды, баты-
сында – Қызылорда, оңтүстiгiнде – Өзбекстан Республикасымен 
шектеседi. Бау-бақша мен жүзiмдiктердiң астанасы. 
Керуенiмiз Жамбыл облысына келiп тоқтады. 
Жамбыл – Тараз деген атпен VI ғасырда белгiлi болған. 2000 
жылы қайтадан Тараз атауы берiлдi. Қала өзiнiң 2000 жылдық 
мерейтойын атап өттi. Аумағы – 144,3 мың км
2
, халқы – 988,8 
мың адам. Шығысында – Алматы, солтүстiгiнде – Қарағанды, 
батысында – Оңтүстiк Қазақстан облыстарымен, Оңтүстiгiнде – 
Қырғызстан Республикасымен шектесiп жатыр. 
Керуеннiң соңғы жолы Алматы облысына келiп тоқтады. 
Алатау, басыңнан бұлт аса алмаған, 
Тосырқап тасыңды жат баса алмаған. 
Табиғат шебер қолмен қоя салған, 
Шыңдарың пирамида қашалмаған. 
Көгiнде мөлдiр аспан төңкерiлген,
Жиегi көк көрпедей көмкерiлген. 
Әп-сәтте қара нөсер құйып өтсе,
Артынша бұлт астынан күн көрiнген…
Қазiргi Алматының негiзiнiң қаланғанына 150 жылдай уақыт 
болды. 1854 жылы Верный бекiнiсi ретiнде пайда болған. 1920-
1998 жылдарға дейiн Қазақстан Республикасының астанасы бол-
ған. Қазiргi таңда бұрынғы Талдықорған облысымен қосылып, 
жерiнiң аумағы 223,9 мың км
2
, халқы – 2687,9 мың адам. Шығы-
сында – Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде – Шығыс Қазақстан, 
солтүстiк – батысында – Балқаш көлi мен Қарағанды, батысында 
– Жамбыл облыстарымен шектеседi. Алматы – Қазақстанның ең 


90
көрiктi қаласы, республиканың бiлiм және мәдениет орталығы. 
Апортымен әйгiлi. 
Сабақтың екiншi бөлiмiнде Оңтүстiк Қазақстан экономика лық 
ауданының табиғатына сипаттама берiлдi. Ауданның жалпы алып 
жатқан территориясы батыстан-шығысқа, яғни Арал теңiзiнен 
– Жоңғар қақпасына дейiн 2000 км-ге, солтүстiктен-оңтүстiкке, 
яғни Балқаштан Бетпақдалаға дейiн 700 км-ге созылып жатыр. 
Табиғаты Орта Азия табиғатына ұқсас және алуан түрлi. Жерiнiң 
80-пайызы қуаң жерлер, тек биiк таулардың бөктерiнде ғана 
ылғалды жерлер сақталған. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауының 
Батыс және Солтүстiк тiзбектерi бар. Климатының ерекшелiгi – 
жазы ашық, ыстық күндерiнiң санының көп болуы. Сондықтан 
мұнда бау-бақша, техникалық дақылдар, жүзiмдiктер өсiруге өте 
қолайлы. Жауын-шашынның мөлшерi жазықтарда – 250 мм, та-
улы аймақтарда – 400 мм. Өзендерi шiлде-тамыз айларында тау 
мұздықтарының еруiнен тасиды. 
Минералды байлықтарға бай аудан. Қаратау, Кентау, Жаңатас, 
Текелiде полиметалл кендерi мен фосфорит бар. Аралда – ас тұзы 
мен сульфат, Састөбеде әктас, Түркiстанда ғаныш, т.б. бар. 
Сабақта, сонымен бiрге Оңтүстiк Қазақстан экономикалық 
ауданының экологиялық мәселелерiне тоқталдық:
1. Қызылорда облысындағы Арал мәселесi. Бұл дүниежүзi лiк 
ауыр мәселеге айналып отыр. 
2. Қармақшы, Арал аудандарында терi ауруларының көбеюi. 
(Арал тұзына байланысты). 
3. Ақсу-Жабағылы қорығының қазiргi аянышты тағдыры. 
4. Созақ өңiрiндегi геологиялық барлау жұмысына байланыс-
ты жер асты суларының шектен тыс ластануы. 
5. Бұрынғы шахталардың қараусыз қалуы. 
6. Ауылдардың тозуы мен оның алдын алу жолдары. 
7. Алматы апортының ұсақталып кетуi. 
8. Климаттың тұрақсыздануынан өзендер режимiнiң өзгеруi. 
9. Жарамсыз жерлердi қалпына келтiру шаралары, т.б. 
Оқушылардың осы мәселелер жайындағы ой-пiкiрлерi тың-
далды. 
Сабақты пысықтауға сөзтуым «Қошқар мүйiз» қолданылды. 
1. Қазақстанның астанасы болған қала (Қызылорда). 


91
2. Оңтүстiк өңiрдегi iрi темiржол стансаларының бiрi (Арыс). 
3. Әктас өндiретiн жер (Састөбе). 
4. Шөл зонасына тән өсiмдiк (Ебелек). 
5. Шымкент мегаполисiндегi қала (Кентау). 
6. Созақ өңiрiнде өндiрiлетiн қазба (Уран). 
Оқушылар бiлiмi бағаланып болғаннан кейiн үйге тапсырма 
берiлдi. Төмендегi сұрақтармен жұмыс жасау тапсырылды. 
1. Оңтүстiк өңiрлерге басқа ұлт өкiлдерi мен шетел азаматта-
ры ның көп қоныстануы қазақ халқының ұлттық құрамына әсер 
ете ме?
2. Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы-
ның шекаралық жағдайлары туралы не айтар едiңiздер?
3. Арал тағдырын шешуге сiздер қалай көмектесер едiңiздер?
4. Оңтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеруiнiң се-
бептерi неде?
5. Қолда бар қорықтарды қалай сақтап қаламыз?
6. Өздерiңiз тұрған жерде қандай тарихи және киелi орындар 
бар, олар қалай сақталып, қорғалуда?
Осы тақырыпты одан әрi тереңдету барысында келесi сабақта 
төмендегiдей дидактикалық тапсырмаларды орындаттық. 
1-тапсырма. Оқушыларды сауаттылыққа және есте сақтау қа-
бi летiн арттыруға негiзделген географиялық диктант жаздырдық. 
Көп нүктенiң орнына дұрыс жауабын жазу:
1) Қазақстанның оңтүстiгiнде орналасқан облыстар: …., …, 
…, … (Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл). 
2) Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданымен шектесетiн 
облыстар: …, …, …, … (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маң ғыс-
тау, Ақтөбе). 
3) Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының басты пай-
далы қазбалары:…, …, …, …, …. , т.б. (фосфорит, полиметалл ас 
тұзы). 
4) Оңтүстiк Қазақстан ауданы солтүстiктен-оңтүстiкке…, 
батыстан-шығысқа …км-ге созылып жатыр… (Батыстан Шығыс-
қа 2000 км, Солтүстіктен Оңтүстікке 700 км). 
Оңтүстiк Қазақстан ауданы … зонасында орналасқан (шөл).
Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнде …, … таулары орналасқан (Тянь-
Шань, Қаратау). 


92
2-тапсырмада ұшқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу мақ са-
тында сөзжұмбақ «ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН« шештiрдiк. 
1. Пайдалы қазба (фосфорит). 
2. Қоңыр көмiр өндiрiлетiн кен орны (Ленгiр). 
3. Оңтүстiктегi биiк тау (Тянь-Шань). 
4. Дәндi дақыл (күрiш). 
5. Түркiстан маңындағы дәндi дақыл (күрiш). 
6. Оңтүстiктегi ең iрi өнеркәсiп торабы (Алматы). 
7. Алматының негiзi болған бекiнiс (Iле). 
8. Талдықорған қаласындағы зауыт (аккумулятор). 
9. Iле өзенiне салынған су қойма (Қапшағай). 
10. Манкенттiң көне атауы (Маңкес). 
11. Техникалық дақыл (қызылша). 
12. Суармалы егiншiлiк дамыған өзен (Талас). 
13. Саны жөнiнен ең көп өсiрiлетiн мал (қой). 
14. Шымкент қаласындағы зауыт (қорғасын). 
15. Оңтүстiктегi көне қала (Түркiстан). 
16. Оңтүстiктегi канал (Қаратал). 
17. Алматы қаласының ежелгi атауы (Верный). 
Сергiту сәтiнде халық педагогикасымен байланыстырып, 
өлең-жырға кезек бердiк. Тақтаға оқушылар кезегiмен шығып, 
үлестiрме қағаз алды. Онда қалалардың аттары жазылған. Оқушы 
алған қаласы жайында ән орындады (алдын ала тапсырылған). 
Мақсатымыз – оқушыларды әсемдiкке, сұлулыққа тәрбиелеу. 
4-тапсырмада оқушылардың картографиялық диаграммалар-
мен жұмыс жасау қабiлеттерiн арттыру мақсатында Оңтүстiк 
Қазақтан халқы жайындағы кестенi қолданып, шеңберлi диаграм-
ма сызды. 
5-тапсырмада географияның тiлi карта болғандықтан кескiн 
картамен жұмыс жасаттық. Оңтүстiк Қазақстан экономика лық 
ауда нына физикалық-географиялық және экономикалық-геогра-
фия лық сипаттама жасау арқылы (кескiн картамен жұмыс) сұрақ-
тарға жауап бердi. 
1. Кескiн картада белгiленген нысандарды атаңыз.
2. Пайдалы қазбаларын шартты белгiмен түсiрiңiз.
3. Өнеркәсiп тораптарын түсiрiңiз.
4. Ауылшаруашылық дақылдарын түсiрiңiз.


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет