О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Оқушылардың экскурсияға дайындалуы



Pdf көрінісі
бет46/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Оқушылардың экскурсияға дайындалуы. Тек мұғалiмнiң 
дайындығы экскурсияның табысты болуын қамтамасыз ете ал-
майды. Оқушылар да экскурсия жұмысына дайындалған болуы 
керек. 
Көз мөлшерлi съемканы экскурсияның жоспарына тек оқу-
шылар ол жұмысқа азды-көптi дағдыланған болса ғана енгiзуге 
болады. Егер оқушылар планшеттi бағдарлай алмаса, сыныптың 
қабырғаларын, ауланың кескiнiн планшетке түсiре бiлмесе, экс-
курсияда көз мөлшерлi съемканы жасауға болмайды немесе 
барлық уақыт соған кетедi. Мұның екеуi де пайдасыз. Сон дық тан 
бiз экскурсияға алдын ала мiндеттi түрде дайындық өткiземiз. 
Экскурсияның екiншi бөлiмiнде бiз де сол мысалды аламыз. 
Экскурсияның негiзi мақсаты төңiректегi жер рельефiнiң фор-
маларымен танысу болып табылады. Бiздiң алған тақырыбы мыз 
әлi сыныпта өтiлмеген. Солай бола тұрса да, ол туралы бiраз 
хабарымыз болуы керек. Мысалы, экскурсияда оқушылардың 
iстейтiн жұмысының негiзгi әдiсi болып табылатын объектiнi 
қағазға түсiрудi алайық. Егер оқушылар сыныпта сурет са-
лып көрмеген болса, онда экскурсияда сурет салғызу бекер 
болып шығады. Сурет салуға дағдыланудың үстiне, мұғалiм 
оқушыларға тиiстi жабдықтардың болуын қамтамасыз ету ке-
рек, өйткенi ондай жабдық болмайынша сурет салуды ойға да 
алуға болмайды. Оқушылардың әрқайсысында қағаз, қалам 
және өшiргiш, ең болмаса қолдан iстелсе де, папка болуы мiндет. 
Кәдiмгi дәптер даладағы жұмысқа жарамайды. Оқушы оны 
бiрiншi экскурсияда-ақ уқалап жыртып бiтiредi. Оқушы папкасыз 
жөндi бiр сурет те сала алмайды, түсiнiктi жазу да жаза алмай-
тын болады. Осылардың бәрi де бiр ұсақ-түйектердiң маңызы бо-
лады. Алғашқы экскурсияға барар алдында оқушылармен бiрге 


130
бiрер рет аулаға шығып, бiр оңай заттардың суретiн салдырып 
байқау қажет. Ол партада отырып емес, әдейi тыста iстелсiн. Бұл 
жұмысты география пәнiнiң мұғалiмiмен келiсу бойынша сурет 
пәнiнiң мұғалiмi атқаруына болады. 
Экскурсияға балалар материалды мектепте өткеннен кейiн 
шығатын болса, мұғалiм ол материалдардың экскурсияда қажет 
жерлерiн оқушылармен бiрге қайталауы керек. Мысалы, мұғалiм 
қандай да бiр сайдың жасы туралы тапсырма бермек болса, онда 
балалар сол күнге дейiн сайлар, өзектер туралы не өткен бол-
са, соның бәрiн қайта оқушылардың есiне түсiрiп шығуы керек. 
Егер мұғалiм төбенiң көлеңке жақ бетiндегi өсiмдiктерден күнгей 
жағындағы өсiмдiктердiң айырмашылығын көрсетпекшi болса, 
әрине, ол өсiмдiктерге жарықтың, құрғақтықтың, ылғалдылықтың 
қандай әсерi болатынын балалардың есiне түсiру керек. 
Еске түсiрiлген теориялық бiлiмдер экскурсияда көргендердi 
жылдам және терең түсiнуiне көмектеседi. 
Осындай оқу жағынан дайындалудан басқа, ұйымдастыруда 
да дайындық анағұрлым маңыздырақ болады. Оқушылар экскур-
сияда көз үйренген төрт қабырғалы сынып бөлмесiнде отырмай-
ды, еркiн кеңiстiкте, тәртiп бойынша, тiлеген жайын қарай жүрiп 
отырады. 
Оның үстiне далаға шығу, әсiресе алғашқы жолы қашан да 
болса оқушыларды өте елегiзiтiп, олардың тәртiп сақтауын 
төмендетiп жiбередi. Жұмыстың сәтсiз болып шықпауы үшiн, 
осылардың бәрiн алдын ала ескеру керек болады. Даладағы 
жұмыс тек мұғалiм үлгiлi тәртiп орнатып, оны толық сақтай 
алса ғана, жақсы нәтижелi болып шығады. Бiз жай тәртiп емес, 
үлгiлi тәртiптi босқа айтып отырғанымыз жоқ. Адамды алаңдата 
беретiн жағдайда жұмыстың үздiксiз дұрыс жүруiн тек өте 
жақсы тәртiп сақтау қамтамасыз ете алады. Жұмыстың тәртiбi 
мұғалiмнiң өзiнiң қандайлық дайындалғандығына, ал экскурсия 
тәртiбi оқушылардың қандай дәрежеде ұйымдастырылғандығына 
байланысты. 
Мұғалiм экскурсияға жақсы дайындалған екен, бiрақ ұйым-
дастыру жағына көңiл бөлмептi. Ол айналасындағы жүрген 30-40 
оқушылармен бiрге далада келе жатыр. Балалардың кейбiреулерi 
бөлiнiп кетiп, кейбiреулерi тiптi басқа жаққа жүгiрiп те кетедi, 


131
кейде ойынға айналып кетедi, бiреуiн бiреуi итерiп, бiрiне-бiрi 
аяқтарын тосады, т.с.с. Мұғалiм жұмыстың алғашқы жарым 
сағатында-ақ қайсы бiреуiн соғып та үлгередi, бiрақ онымен 
тәртiп орнай қоймайды. Бұл жерде оқушылар мұғалiмнiң қолынан 
ештеңе келмейтiнiн әбден бiледi: дала жағдайында олардың бәрiн 
көзден таса қылмай отыруға бола ма?
Мiне, қаралатын нысанға да келдiк. Оқушылар үймелеп тұр. 
Ұсақ балаларды ығыстырып жiберiп, ересектерi iлгерi шығып
тұр. Артқылар мұғалiмнiң көрсетiп тұрғанын көре алмайды
сондықтан оларға көңiлсiз, олар ойынға айнала бастайды. Артта-
ғылардың ойыны жұмысқа ынталыларға, көбiнесе мұғалiм дерге 
бөгет жасайды. 
Мұғалiм түсiнiк берудi аяқтап, тапсырмалар бере бастай-
ды. Бiрақ арттағыларға бастан-аяқ қайта түсiндiру керек. Бұл 
жұмысқа бөгет келтiрiп, мұғалiмнiң жұмыс iстей бастағандарына 
көмектесуiне кедергi жасайды. 
Экскурсия аяқтала бастаған кезде бұдан да жаман болады. 
Оқушылардың жұмыстан әлдеқашан көңiлi қалған бiр бөлiмi бұта 
тасасына барып, өз қызығы өзiнде болып, экскурсиядан қалып 
та қояды. Шаршап бiткен мұғалiм олардың қалып қойғанын да 
байқамайды. Олар үшiн кейiн мұғалiм қанша әуре болады десе-
ңiзшi. Амал қанша, жұмыста мұндай жағдайлардың кездесуі 
сирек болмайды. Балалар жоғалған уақыттар да болған. Тiптi, 
шомылып жүрiп суға кеткендер де болған. Мiне, бұлар тәртiптiң 
жақсы болмағандығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет