О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


 Мұғалiм мен оқушылардың экскурсияға дайындалуы



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

8.2. Мұғалiм мен оқушылардың экскурсияға дайындалуы 
Мұғалiмнiң экскурсияға дайындалуын бiз аса маңызды мәсе-
лелердiң бiрi деп санаймыз. Сондықтан бұл мәселелерге барынша 
толық тоқталуымыз керек. Мұндай нағыз практикалық мәнi бар 
мәселенi баяндаудың ең жақсы жолы, бiздiң пiкiрiмiзше, нақты 
мысалды келтiрсек жақсы түсiнiктi болады. 
Мұғалiм экскурсияны 5-сыныппен, күздiгүнi, яғни физикалық 
география сабағы басталысымен өткiзуi керек едi дейiк. Оқушылар 
тек бiрiншi тарауды ғана өткен, көз мөлшерлi съемканы да толық 
өткен жоқ. Алайда олар планшеттi бағдарлауды, мектеп ауласын-
да көз мөлшерлi жеңiл съемка жұмысын жүргiзудi бiледi. Бiрақ 
бұлардың бәрi – күзгi дала экскурсиясында толықтыру, баянды 
етудiң тек алғашқы қадамы. 
Мұғалiм шамалап мынадай тақырыптар тағайындайды:
1. Үлескінің көз мөлшерлi түсірілімі. 
2. Жер бетiнiң басты-басты формаларымен: жазық, жота, өзен 
аңғары және сайлармен алғаш танысу. 
3. Көкжиектi байқау. 
Осы тағайындалған жоспардан мұғалiм уақыттың бiр бөлi-
мiн көз мөлшерлi съемка практикасына, ал ендiгi бiр бөлiмiн 
әлi сабақта айтылмаған жаңа материалды оқуға жұмсағысы 
келгенi көрiнiп тұр. Олай болса, мұғалiм экскурсия жұмысының 
екiншi бөлiмiнде келесi сабақтарда қажет болатын материалды 
қарастыратын болады. 
Экскурсиялық жұмыстың, әдетте мектепте болатын жұмыс-
тан өзгешелiгi мұнда оқушылар да, мұғалiм де ашық далада бо-
лады. Оның үстiне, оқушылар да, мұғалiм де жұмыс үдерісiнде 
бiр жерден бiр жерге көшiп жүруi керек. Басқа жағдайларының 
бәрi кәдiмгi сабақтағы сияқты жоспармен жүргiзiлетiн маңызды 


128
жұмыстар. Орын ауыстырып, жұмыс үшiн керектi объектiлердi 
табу мұғалiмнiң ең басты мiндеттерiнiң бiрi болады. Бұл мiндеттi 
орындау үшiн мұғалiм, алдымен, тиiстi жерлердi, өзiне тән сипа-
ты бар объектiлердi, ол объектiлер жақсы көрiнетiн орындарды 
белгiлеп алады. Мұғалiм жергiлiктi жағдаймен аса таныс болма-
са, әрине, ол әуелi бiлетiн адамдардан сұрастырып, iрi масштабты 
картаны құрастырып, содан кейiн тиiстi жерлердi iздеуге кiрiсуi 
керек. 
Мұғалiм мектеп маңындағы жердi жақсы бiледi дейiк, соған 
сүйенiп, ол экскурсияның жүретiн жолын тағайындасын. Мұға-
лiмге объектiлердiң барлығы оңтайлы маршрутта орналасқан бо-
луы, жолдың, өткелдiң қиын болмауы, тағайындалған маршрут-
тың 2-3 шақырымнан аспауы өте маңызды. Бұл жағдайда мұғалiм 
жақсы қолбасшы болуына тура келедi. Маршрут таңдауды оңай 
жұмыс екен деп ойламау керек. Маршрутты дұрыс белгiлеу ол экс-
курсия мәселелерiнiң көбiн шешу деген сөз. Мұғалiм маршрутқа 
тек айналаны мұқият зерттеп болғаннан кейiн барады. 
Мұғалiм карта мен жазу кітапшасын алып, сағатына қарай 
отырып, жердi түгел шолып шығып, маршрутты дәл белгiлейдi. 
Ендi экскурсияның пайдалы екенiн кейiн тек мұғалiм ғана емес, 
бүкiл мектеп те сезедi. 
Бiр экскурсияға дайындалу үшiн кемiнде 1 күн керек. Оның 
үстiне, айта қаларлықтай еңбектену қажет. Кейбiр жағдайда 
дайындық бiр күнде де бiтуi мүмкiн. 
Жұмысты жаңа iстей бастаған жас мұғалiмнiң айтқаны да тұп-
тура. Экскурсияға алғаш дайындалу, шынында, көп еңбек тiлейдi. 
Мұнда әдістемелік дайындалудан басқа мұғалiм экскурсияға ба-
ратын жердi мейлiнше мұқият зерттеп шығуына тура келедi. 
Бiрақ осы қиындықтардың бәрi тек алғашқы экскурсиялармен 
байланысты. Алғашқы сабақ та толып жатқан дайындыты қажет 
етеді. Студент байқау сабағында бiрнеше күн дайындалады. Бiр-
екi жылдан кейiн сол сабаққа дайындалуға 2-3 сағаттың өзi де 
жеткiлiктi болып шығады. 
Экскурсия да дәл осындай уақытты алады. Мұғалiмнiң 
қарап шыққандарының бәрi, әсiресе оның жазу кітапшаларына 
жазылғандар, болашақ жұмыс үшiн мол дерек болады. Осы марш-
рутта өткiзiлетiн келесi экскурсиялардың әрқайсысы мұғалiмнiң 


129
жер тану жағынан болса, жұмыс әдiсi жағынан болсын үнемi 
жетiле беруiне себеп болады. Әрбiр келесi экскурсия мұғалiмге 
ылғи түрлi жастағы (мектеп жасына дейiнгiден бастап ересек 
нұсқаушыларға дейiн) адамдармен жүздеген экскурсия өткiзген 
автордың өзi бұрын талай барып жүрген жердiң өзiнде өткiзiлген 
әрбiр келесi экскурсияда тек жұмыс әдiсi жағынан емес, сол 
жердi зерттеу жағынан да әрдайым бiр жаңалық табатындығына 
таңғалатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет