О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

8. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР
8.1. Географиялық экскурсиялар және оның түрлерi
Басқа пәндердiң барлығынан география үшiн экскурсия ның 
мәнi өте зор. Айналамыздағы табиғаттың географиялық объек-
тiлерi мен өз елiнiң географиялық факторлары арасын дағы 
себептi тәуелдiлiктi зерттеу география сабағын оқытуда негiз бо-
лып табылады. 
Қазан төңкерiсiне дейiнгi уақыттарда география мұғалiмiне 
экскурсия идеясының өзi үшiн күресуге тура келдi. Қазiргi кез-
де экскурсия мектептiң барлық басқыштарында да оқу үдерісiнiң 
ажыратылмас бiр бөлiмi болып табылады. 
БК (б) П Орталық Комитетiнiң 1932 жылғы 25 тамыздағы бас-
тауыш және орта мектептердiң оқу бағдарламалары және режи-
мi туралы қаулысында: «Оқытушы өзi оқытатын пәнiн жүйелi, 
дәйектi түрде оқытуға, балаларды неғұрлым оқулықпен және 
кiтаппен жұмыс iстеуге, өздiгiнен iстейтiн әртүрлi жұмыстарына 
үйретуге, кабинеттерде, зертханаларда, оқу шеберханаларында 
жұмыс iстеуге, үйретуге мiндеттi, осы негiзгi әдiстермен қатар 
әртүрлi тәжiрибелер және аспаптар көрсетудi, балаларды шыға-
руды (зауыттарға, мұражайларға, далаға, орманға, т.с.с. жерлерге) 
кең түрде қолданылатын болсын» делiнген. 
Осыған қарағанда экскурсия бiздiң мектептерде кең өрiс алып, 
оқу үдерісiнiң ажыратылмас бiр бөлiгi болып алды деп ойлауға 
болар едi. 
Iс жүзiнде бұлай болмай отыр. Өздерiнiң география жөнiндегi 
жұмысының жүйесiнде экскурсияны енгiзген мектептер өте сирек 
кездеседi. Географиялық экскурсияны анда-санда пайдаланатын 
мектептер де жиi кездесе бермейдi. Ал 5-сыныптың физикалық 
география бағдарламасында бiрсыпыра тақырыптарды экскур-


120
сия арқылы өту қажет екендiгi белгiлi. Мұнда бiздiң ай тайын 
деп отырғанымыз: «Көз мөлшерi съемка», «Жақын жердегi 
жазықтарды зерттеу», «Жазық құрылысын оның табиғи және 
жасанды айқындалу жолы бойынша зерттеу», «Жақын жердегi 
төбелердi зерттеу», т.с.с. Осыған қарамастан мектептердiң көп-
шiлiгi әлi күнге дейiн география сабағында экскурсияны қол дан-
бай келе жатыр. 
Мектептерде экскурсия жасау iсiнiң дамуы жолындағы түрлi 
бөгеттердiң, ең бастысы, мұғалiмнiң дайындығының нашарлығы. 
Солай екендiгiн мұғалiмдерге қойылған сұрақтар, анкеталар, 
мектептердi байқау, тексеру нәтижелерi, т.с.с. көрсетедi. Экс-
курсия жұмысын жүргiзе алмауы салдарынан мұғалiм экскур-
сия жұмысынан өзiнiң бас тартып, қашқақтап жүргенiн де сез-
бей қалады. Мұғалiмнiң экскурсияға бұлай қарауының себебi де 
түсiнiктi. 
Экскурсия жеңiл жұмыс емес. Ол көп дайындықты қажет 
етеді, оның үстiне сабақ кестесiн бұзып, мұғалiмнiң бүкiл сынып-
ты жұмыс күнi далаға ертiп, шығып кетуi керек. Сабақ кестесiнiң 
бұзылуы нәтижесiнде тәжiрибесi кем мұғалiмнiң өткiзген экскур-
сиясы да көңiлдегiдей болмай, оның өзiн де қанағаттандыра ал-
майтын болып шығады. Әрине, мұндай сәтсiздiкке ұшырағаннан 
кейiн, мұғалiм экскурсия жөнiнде әрекет жасамайды. Егер экскур-
сия сабақ кестесiне кiрмеген болса, мұғалiмнiң күнде сабақтан 
қолы тимейтiн болса, оның экскурсия өткiзбеуiне заңды себеп 
табыла кетедi. 
Экскурсияны мұғалiмнiң өзi жақтырмайтын жерде iс осы-
лай болып шығады. Мұғалiмнiң экскурсияны жақтырмау себебi 
көбiнесе оның экскурсия жұмысының қандайлық мәнi бар екенiн 
түсiне алмағандығы болады. Өзi экскурсия өткiзе алмайтын 
мұғалiм экскурсияға уақыт жұмсауға тұрмайды деп есептейдi. 
Ал экскурсияны жақсы өткiзе бiлетiн мұғалiм қайта экскурсия-
да уақыт үнемделетiнiн бiледi. Үш сағаттық бiр экскурсияда 6-8 
сағаттық әдеттегi мектеп жұмысынан артық нәтиже шығаруға 
болады. Сондықтан оқушылардың экскурсиядан алған бiлiмiнiң 
тереңдiгi, әсiресе географиялық фактiлердi ұғуы, әдеттегi сабақ-
тардан әлдеқайда артық болып шығады. Мiне, сондықтан пат-
шалық Ресейде жақсы мұғалiмдер экскурсия үшiн күрескен едi. 


121
Экскурсия iсiнiң сәтсiздiкке ұшырауының себебi тек қана мұ-
ға лiмнiң дайындығының жеткiлiксiздiгi емес. Егер мектеп жұ-
мы сы жақсы жоспарланған болса, одан экскурсия жұмысына да 
нұқсан келмей қоймайды. Мұғалiмдердiң сабақ басты нәрсе деуi, 
топтарда оқушылардың аса көп болуы, ең қажеттi деген жаб-
дықтардың болмауы экскурсия iсiне үлкен қиыншылық ту ғы зады. 
Бiздiң пiкiрiмiзше, осылардың барлығы ондайлық маңызды се-
бептер емес, бұлардың өзi көбiнесе бiрiншi себепке байланыс ты. 
Кейде экскурсия жұмысына бөгеттердiң бiрi ретiнде экскур-
сия жасайтын жер жоқ деген сылтау айтылады. Осы сияқты се-
бептер мұғалiмнiң дайындығы шала екендiгiн тағы да айқынырақ 
көрсетедi. Экскурсия үшiн пайдалануға келмейтiн жер бол-
майды. Бұлай деп тек Мәскеу, Алматы секiлдi iрi, физикалық-
географиялық экскурсия өткiзуге қажет объектiлерi мектептен 
алыс немесе өзгерiп кеткен қалалар туралы айтуға болады. Бiрақ 
iрi қалалардың жол қатынастары өте жақсы болады да, топ-
та қанша бала болса да 20-30 минутта қаладан 15-20 шақырым 
шығып кете алады. Ал түрлi ұсақ қалалар мен ауылдарды ала-
тын болсақ, физикалық-географиялық экскурсия үшiн олардағы 
жағдай анағұрлым қолайлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет