О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

3. ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚТАРЫ
3.1. Сабақ жүйесiнiң даму тарихы
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу 
әрбiр үстем таптың мақсатына бағындырылып отырды. Қоғам-
дық-экономикалық формациялардың ауысуымен оқыту мен 
тәрбиенiң мақсаты мен мазмұны да өзгердi. Мұнымен бiрге 
оқытудың ұйымдастыру түрлерi де жаңарды. 
Көне Афин елiнде жекелеп оқыту жүйесi пайдаланылған. Мұ-
ғалiм жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексе-
ретiн, мәтінi оқытып тыңдайтын, қалай оқу керек екенiн көр-
сететiн, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсiндi ретiн, 
му зыкалық құралдармен пайдалануды үйрететiн. Дене шынық-
тыру тәрбиесiнен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдас тыра-
тын және жеке не бiрнеше оқушымен әңгiме жүргiзу әдiстерiн де 
қолданатын. 
Орта ғасырда оқу iсiн дiн қызметкерлерi шiркеуде ұйымдас-
тырды. Мұғалiм оқушылардың азғана тобына оқу материалының 
мазмұнын қысқаша баяндайтын немесе кiтаптан оқып беретiн. 
Ал оқушылар материалдың мазмұнын түсiнбей, тек шiркеулiк 
уағыздарды жаттайтын. Күнделiктi өтетiн сабақты қашан бастап, 
қай уақытта аяқтайтын мерзiмi көрсетiлмейтiн, ол мұғалiмнiң өз 
еркiнде болатын. Сөйтiп, оқу iсiнде белгiлi бiр жүйелiлiк болма-
ды. Оны ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшелiктерi мен 
зейiндiлiгi ескерiлмедi. 
Қазан төңкерiсiне дейiн қазақ елiндегi молдалардың бала-
ларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесiне өте ұқсас 
едi. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгiнiп отырып, әр 
кiтаптан оқитын. Кiтаптары – мұқтасар, құран, әптиек деп ата-
латын дiни әдебиеттер болатын. Бұл кiтаптар араб әрпiмен араб 


24
тiлiнде жазылған едi. Оқыған мәтіндерiнiң мазмұнын шәкiрттер 
де, молданың өзi де түсiнбейтiн. 
Еуропа мен Ресейдегi жоғары дәрежелi мектептерде лекция 
оқылды, диспуттар жүргiзiлдi. Бұлардың өзi шiркеу догмат тары-
ның уағыздарына сүйенген, өмiр тәжiрибелерiнен аулақ схолас-
тика болды. 
Кейiн сауда мен өнеркәсiптiң дамуына байланысты ғылым 
алға басты. Сондықтан да мектепте оқытудың сапасы жақсарды. 
Осыған орай чех халқының белгiлi педагогы Я.А. Коменский 
мектептерде оқыту жұмысын ұйымдастырудың ең негiзгi түрi 
сынып-сабақ жүйесiн ұсынды. 
Я.А. Коменский мұндай пiкiрдi ұсыну үшiн алдыңғы қатар-
дағы педагогикалық тәжiрибелердi зерттедi. Әсiресе Ресей мек-
тептерiнен көптеген педагогикалық тәлiм-тәжiрибелер алды. 
Сөйтiп, ол оқу iсiн жүйелi түрде ұйымдастыру үшiн, оқушы-
ларды сыныптарға лайықтап топтастыру қажет деп тапты. 
Топтастырылған оқушылардың жасы мен бiлiмi бiркелкi болу-
ын талап еттi. Күнбе-күн әр пәннен өтетiн сабақтың тұрақты 
оқу кестесi жасалсын, жеке пәндердiң оқу материалдары сабаққа 
жiктелсiн және олардың өзiндiк дидактикалық мақсаты болсын 
дедi. 
Я.А. Коменский сабақ үстiнде мұғалiмнiң материалдық 
мазмұнын түсiндiруiн талап еттi. Сөйтiп, ұстаздың сабақтағы 
белсендiлiк рөлiн көтердi. Ол сабақта оқушылардың тапсырма-
ны орындауларын бақылап, оған басшылық ететiн болсын және 
материалдың мазмұнын түсiндiруге өте қолайлы әңгiме әдісін 
қолдансын дедi. Оның оқу iсiн мұндай жүйемен ұйымдастыру ту-
ралы пiкiрi қоғам талабына сай келдi. 
Сынып. Сабақ жүйесi бойынша кластағы оқушылар саны 50-
60 баламен шектелдi. Бұдан былай жүйелi бiлiм алу талабы кең 
етек алды. Оқуға балаларды көбiрек тарту мақсаты көзделдi. 
Алайда Я.А. Коменский ұсынған дидактикалық бағалы пiкiр-
лер бiрден жүзеге асты деуге болмайды. Бұл кезде мұғалiмнiң 
материалдың мазмұнын сыныпта түсiндiруiне уақыт аз бөлiндi. 
Көп уақыт шәкiрттерден сұрауға кеттi. 
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Англияда 
Белль-Ланкестер оқу жүйесi тарады. Бұның негiзiн салушылар 


25
дiн қызметкерi – А. Белль және мұғалiм Д. Ланкестер едi. Белль-
Ланкестер оқу жүйесi бойынша бiр оқу залында 600-ден астам 
оқушы оқыды. Жасы кiшi оқушыларды мұғалiмнiң жәрдемшiсi 
ретiнде жақсы оқитын жоғары сыныптағы ересек оқушылар 
оқытты. Ал ұстаздар ересек оқушылардың жүргiзген оқу iсiн оқу 
залында жүрiп бақылады. 
Ересек оқушылардың жүргiзген жұмысынан нәтиже шық-
пады. Өйткенi олардың бiлiм көлемi өте төмен болды. Ендi 
мұндай оқу жүйесi ұзақ өрiс ала алмады. 
ХІХ ғасырдың бiрiншi жартысында немiстiң метафизикалық 
көзқарастағы педагогы И.Ф. Гербарт сынып-сабақ жүйесiн қайта 
құру мәселесiмен шұғылданды. Ол сабақтың негiзгi төрт кезеңiн 
көрсеттi:
1. Мұғалiмнiң оқу материалын мазмұндау кезеңi. 
2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңi. 
3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргiзу кезеңi. 
4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңi. 
И.Ф. Гербарттың және оны жақтаушылардың айтуы бойын-
ша, сабақ бiр iздiлiкпен құрылды, материал жүйелi баяндалды 
және материалдардың өзара байланысы болды. 
Бiрақ бұл жүйеде сабақты шығармашылық жолмен құру бол-
мады. Оқу iсiн ұйымдастыруда өзгермейтiн бiр-ақ сызбаны ұс-
тады. Мұның өзi оқу iсiн ұйымдастыруда формализмдi туғызды 
және ұстаздың сабақты шығармашылық жолмен құруына нұқсан 
келтiрдi. 
Немiс мектептерiнде оқу iсiн демократиялық жолмен дамыту-
да немiс халқының атақты педагогы А. Дистервег бағалы пiкiрлер 
ұсынды. Ол оқытудың үдетпелi жолын ұсынып, бiлiмнiң дер ке-
зiнде берiлуiн қолдап, оқушының белсендiлiгiн көтере отырып, 
оқу үдерісiн жақсарту қажет деп тапты. Немiс мұғалiмдерiне ар-
нап жазған басшылық құралында сабақ үстiнде оқушылардың 
ойлау қабiлетiн дамытуды талап еттi. Ол өзiнiң мұғалiмдiк ең-
бе гiне сүйене отырып, сабақ үстiнде балалардың ойлау белсен-
дi лiгiн көтеру арқылы олардың бiлiм сапасын арттыру туралы 
тәжiрибелер жасады. 
Оқу iсiн жүйелi ұйымдастырудың бағалы жолдарын зерттеу де 
орыс халқының ұлы педагогы К.Д. Ушинский көп еңбек сiңiрдi. 


26
Ол И.Ф. Гербарттың консервативтiк көзқарасына қарсы күрес 
жүргiздi. К.Д. Ушинский оқушыларды бiлiммен қаруландырумен 
қатар оларды жан-жақты дамыту амалдарын қарастырды. Оқу 
iсiн жақсартудың ең негiзгi шарты мұғалiмнiң өзiнiң педаго-
гикалық шеберлiгiн арттыра бiлуде деп түсiндi. Сабақ үстiнде 
оқушыларды оқыта бiлудi үйрену қажет екендiгiн талап еттi. 
Олардың сабаққа енжар қараушылығын жою жақтарымен 
шұғылданды және материалдың мазмұнын өздiгiнен шеше бiлу 
жолын iздестiрдi. Мұғалiм материалды баяндаумен қатар, оны 
оқушылардың үй тапсырмасымен және өткен материалдарды 
тұтастай үдерістермен байланыстыра бiлу шараларын көздедi. 
Оқушыларға шамасы келмейтiн тым ауыр материалдарды 
оқыту олардың ақыл-ой белсендiлiгiнің дамуына өте зиянды 
деп есептедi. Материалдың оқушылардың шамасына лайық бо -
луына үлкен мән бердi. К.Д. Ушинский өз заманындағы озат пе-
да гогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, оқу iсiн ұйымдас-
тыру үшiн аса қажеттi дидактикалық және психологиялық 
ұстанымдарды ұсынды. 
Кең байтақ Ресейдiң мұндай прогрестiк педагогикалық идея-
лары басқа да ұлт аймақтарына тарады, оның iшiнде қазақ саха-
расына да келiп жеттi. 
Қазақ даласында Ресейдiң прогрестiк педагогикалық идея-
сын жалғастырушылардың бiрi Ы. Алтынсарин болды. Ол
К.Д. Ушинскийдiң, И.И. Паульсонның педагогикалық көзқарас-
тарын зерттедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет