Үңiлiп бет-аузына қарай берсең,
Өзiне қызықтырар карта тарта.
(Кескiн карта)
10.
Бiр нәрсе бетiнде жоқ, ой менен қыр,
Өзiнiң кiндiгiнен айналып жүр.
Өзiне
назар салып қарасаңыз,
Келбетi жер жүзiнiң көрiнiп тұр.
(Глобус)
11. Жер көрдiм қаласы бар,
Үйлерi жоқ мекендейтiн.
Көл көрдiм,
өзен көрдiм,
Сулары жоқ тереңдейтiн.
(Карта)
12. Әдемi түнде мен жүрсем жүредi бiрге.
(Ай)
13. Жұрттың бәрi соны сүйедi,
Бiрақ қарағысы келмейдi.
(Күн)
14. Жазда жатсаң көлеңкесiне алады,
Қыста жақсаң жаның рақат табады.
(Ағаш)
15. Үлкен-үлкен түйенi
Тастапты адам шөгерiп.
Өркешi бұлтқа тиедi,
Бауыры жатыр көгерiп.
(Тау)