О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Сабақты өткiзу жолдары
Жаңа сабақты түсiндiруде әртүрлi тәсiлдердi пайдаланумен 
қатар көрнекi материалдарды молынан пайдалану жолдарын 
қарастыру – мұғалiмнiң мiндетi. 
Әңгiме, баяндау, тек түсiндiру арқылы географияны оқыту 
онша ойдағыдай нәтиже бермейдi. Оқушылардың оқу материа-
лын оқып-үйрену кезiнде таным белсендiлiгi жоғары болатын 
сабақтар бiлiм мен бiлiктiлiктi сапалы түрде меңгерудi қамтамасыз 
ете алады. Оқу үдерiсiн жандандыру түрлi әдiстi таңдай бiлуге, 
қолда бар көрнекiлiкке, құрал-жабдыққа, т.б. көптеген себептерге 
байланысты. 


27
Жаңа сабақты түсiндiру мұғалiмнiң қойған сұрақтарына тiке-
лей қатысты. Күрделi сұрақтарға жауап беруi оқушылардың гео-
графиялық бiлiм деңгейiне байланысты, қойылған сұрақтарға да 
қатысты. 
Түсiндiру, қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны 
пайдалану, оқулық бетiндегi анықтамаларды, қосымшаны пайда-
лану жолдарын iздестiру қажет. 
Қайталау сабақтарының болашағы зор. Қайталау жаңа сабақты 
бекiтуде, жаңа танымдар мен түсiнiктерде қалыптастыруда үлкен 
рөл атқарады. 
3.2. География пәнiндегi сабақтардың түрлерi
География пәнiн өтуде қазiргi кезде сабақтардың бірнеше 
түрi қолданылады. Әр сабақтың өзiндiк ерекшiлiктерi мен әдiс-
тәсiлдерi бар. Бiр сабақтар жаңа сабақтар өтуде, екiншiлерi үй 
тапсырмасын сұрауда, үшiншiлерi сабақты қайталау мен қоры-
тындылауда қолданылады. Бiз төменде осындай сабақтардың 
әртүрлі үлгiлерiн ұсынып отырмыз. 
Сарамандық және зертханалық сабақтар
Оқушылардың iскерлiк дағдыларын қалыптастыру бағы тын-
да зертханалық және сарамандық жұмыстардың маңызы зор. 
Сарамандық жұмыстардың дидактикалық қызметi қазiргi таң да 
күннен-күнге өсiп келедi. Сарамандық жұмыстар оқушы лардың 
теориялық және сарамандық бiлiмiне бақылау қыз метiн ғана ат-
қармайды, сонымен қатар олардың ойлау қабi летiн, шығар ма шы-
лық белсендiлiгiн, өз бетiнше жұмыс iстеу дағ ды сының дамуы-
на жағдай жасайды. Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушыларға 
өн дiрiс орындарының әлеуметтiк тәжiрибелерiн игеруге, қоғам 
бай лығын өндiруге, араласуына, мамандық таңдауы на мүмкiндiк 
бередi. География сабағының әр тақырыптарында сарамандық 
және зертханалық сабақтар өтуге болады. Мысалы, Қазақстанның 
жер бедерi, геологиялық құрылымы, тектоникасы, климаты, iшкi 
суы, пайдалы қазбалары, аумақтық аудандары, т.б. тақырыбының 
барлығында карта және кескiн картамен жұмыс жаса татын сара-
мандық жұмыстар орындалса, 6-сыныптағы «Жергi лі ктi жер пла-
нын сызу» тақырыбында топографиялық жұмыстар орындалды. 


28
Оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттыруға ар-
нал ған сабақтар (көбiнесе дәстүрлi емес сабақтар). 
1. Сот сабағы. 
2. Конференция сабағы. 
3. Баспасөз-конференция сабағы. 
4. Инновация сабағы. 
5. Топпен жұмыс сабағы. 
6. Кiрiктiрме сабақ. 
7. Мәслихат сабағы, т.б. 
Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сабақта еркiн сөй-
леп, өзара сұрақтар қойып, өз пiкiрлерiн айтып, өз ойларын ке-
ңей туге мүмкiндiк беретiн сабақтар оқушылардың өз бетiмен 
даяр ла нуына, iзденуiне мол мүмкiндiк жасап, нашар оқитын 
оқу шы лар ға талпыныс тудырады. Оларды еңбекқорлыққа, iзде-
нiмпаз дыққа, әртiстiк шеберлiкке баулиды. Мысалы, қазiргi 
таңда гео графияда экологиялық мәселелер көп айтылады. Қазақ-
стан дағы Арал Каспий, Балқаш көлдерiнiң, Семей, Байқо ңыр, 
Сары шаған аймақта рының экологиялық жағдайлары туралы 
оқушы лардан құралған әртүрлi маман иелерiн сомдап, баспасөз-
конференция, конференция сабақтарын өтуге болады. Оқушылар 
мамандар кейпіне ену үшiн көп iзденедi, оқиды, тiптi, шеберлiк-
терiн шыңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет