«Кiм жылдам?» ойыны
Бұл ойынды ауызша да ойнатуға болады. Оқушыларды шап-
шаң ойлауға, ұшқырлыққа баулиды. Кез келген география саба-
ғында пайдалануға болады.
Мысалы, 8-сыныптағы «Қазақстанның табиғаты» тақырыбы.
Тақтаға 3 оқушы шығарып, парта үстiне жер-су аттары жазылған
кеспелердi шашып қоямыз (сандары шектеусiз). Әрбiр оқушыға
тапсырма берiледi. Олар өздерiне белгiленген объектiлерiнiң
атын белгiлi уақытта жинап алуы тиiс.
Мысалы:
1-оқушы – өзендер;
2-оқушы – көлдер;
3-оқушы – таулар.
Оқушылардың қайсысы кесте iшiнен өздерiне берiлген объек-
тiлерiн тез әрi дұрыс жинап алса, сол оқушы жеңiмпаз болып та-
былады.
Әзiл-жұмбақ викториналар
География сабақтарында қызықты да әзiлге құрылған жұмбақ-
сұрақтарды да қолданамыз. Мұндай сұрақтар оқушылардың ой-
лау қабiлетiн шыңдап, бiлiмiн арттырады. Мысалы,
1. Қандай шарды домалатуға болмайды? (Моточкин шар)
2. Қандай қақпаға доп ұруға болмайды? (Карский)
3. Ресейде қандай қалалар әйелдiң аттарымен аталады? (Лида,
Ольга)
4. Қазақстанның қандай қаласының аты, сол жердiң тұрғын-
дарының бұрынғы кәсiбiн көрсетедi? (Жезқазған)
5. Оралда қандай өзен шахмат фигурасының атымен аталады?
(Тура), т.б.
Географиялық жұмбақтар
Сабақта оқушыларды сергiту үшiн географиялық жұмбақ тар-
ды да жиi қолданамыз. Мысалы,
1. Шетi бар, шегi жоқ. (Көкжиек)
2. Жер бетiнiң кескiнiн,
110
Түрлi-түспен көрсеткен.
Болса да өзi құрметтi,
Тиiптi орын ең шеттен. (Шартты белгiлер)
3. Қаласы бар, үйi жоқ,
Даласы бар, шөбi жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегiс,
Құмдары да теп-тегiс.
Кең жазықтан әртүрлi,
Керегiңдi көресiң.
Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың. (Географиялық карта)
Достарыңызбен бөлісу: |