114
оқушыны жан-жақты дамыту дегенiмiз оның тек қана дене бiтiмi
жағынан өсiп жетiлуi емес, сондай-ақ баланың жан дүниесiнiң ба-
йып, рухани өсуi, қабiлетi мен дарынының анықталып, кең өрiстеуi,
парасаттылық, ой мен адамгершiлiк көзқарастарының қалып та суы
болып табылады. Оқушының бойында осындай iзгi қасиет тер дi
қалыптастыру, олардың iске асырылуы мектепте жүргi зiлетiн сы-
ныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тiкелей байланысты.
Сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстардың түрлерi көп. Бiрақ
барлығының мақсаты – баланы жан-жақты жетiлдiру, оның бой-
ында адамгершiлiк қасиеттердi дамыту. Тек олардың қай түрiн
оқушылармен жүргiзу керек дегенде мiндеттi түрде ескерiлетiн
нәрсе
оқушының жас ерекшелiгi, жүргiзгелi отырған жұмыс
мазмұны, тәрбиенiң өз мүмкiндiктерi.
Өмiр өзгерiп, заман жаңарып елiмiз дамудың жаңа жолына түс-
кен
кезде мектептердiң мiндетi, борышы бұрынғыдан әлде қайда
ауырлай түсетiнi белгiлi. Бұл мiндет әрбiр пәнге, әрбiр пән бойын-
ша жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстарға қатысты болуға тиiс.
Кез келген пәндi оқыту мен жеке пәндер бойынша жүргiзiле-
тiн сыныптардан тыс жұмыстар
жаңа заман тудырып отырған
әлеуметтiк-экономикалық талаптарға жауап беруi тиiс. Оқушы-
лар ға бiлiм мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұ-
мыстар мектептегi оқу-тәрбие жүйесiнiң бiр бөлiгi болып сана-
лады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың бiлiмдерi мен бi-
лiк тiлiктерiн қалыптастыру мұғалiмнiң жеке басына, оның жал-
пы кәсiби бiлiмi мен сабақтан тыс түрлi көпшiлiк қоғамдық жұ-
мыс тарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты.
Осының бәрi
бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүруi оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiнiң
дамуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: