О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет13/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   116
is-kagaz Abutalip

Туған күні, айы, жылы:

11.09.1990 ж.

Туған жері:

Алматы қаласы

Ұлты:

қазақ

Жынысы:

әйел

Отбасы жағдайы:

тұрмыс құрмаған

Азаматтығы:

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы, телефоны, e-mail:

С.Сейфуллин даңғылы, 179 үй;
87015559577; asanova@mail.ru

Үміттеніп отырған орны:

АТФ банкі. Менеджер

Білімі:

жоғары

Бітірген оқу орындары:

2005-2009 жж. Алматы қаласы,
Халықаралық Бизнес Академиясы

Мамандығы:

экономика

Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі:

жоқ

Ғылыми атағы, дәрежесі:

жоқ

Жетістіктері:

2002 ж. Алматы қаласы, Облыстық олимпиада, 1 орын (математика пәні).
2003 ж. Алматы қаласы, Республикалық олимпиада,
2 орын (математика пәні).

Тілдерді білуі:

қазақ тілі – ана тілі,
орыс тілі – жетік, ағылшын тілі – орташа

Компьютерді білуі:

Microsoft Word, Exell

Жеке қасиеттері:

жауапты, тиянақты, ұқыпты

Қызығушылығы:

кітап оқу, музыка тыңдау,
сурет салу

Қосымша ақпараттар:

автокөлік жүргізе алады

Ұсыным хат немесе кепілдеме:

Ұсыным хат қосымшада тіркелген

🗈 2-үлгі




ТҮЙІНДЕМЕ

Аты-жөні:

Асанова Арай Болатқызы

Туған күні, айы, жылы:

11 қараша, 1990 жыл

Туған жері:

Алматы қаласы

Ұлты:

қазақ

Жынысы:

әйел

Отбасы жағдайы:

тұрмыс құрған

Азаматтығы:

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы, телефоны, e-mail:

Астана қаласы, Самал ауданы, 870164477555; arai@mail.ru

Үміттеніп отырған орны:

АТФ банкінің вице-президенті

Білімі:

жоғары

Бітірген оқу орындары:

2009-2011 жж. Канада, Калгари қаласы,
Калгари техникалық институты. Магистратура;
2005-2009 жж. Алматы қаласы, Халықаралық Бизнес Академиясы
Бакалавр.

Мамандығы:

менеджмент

Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі:

2016-2020 жж. Астана қаласы, Халық банкі АҚ, бөлім бастығы; 2013-2016 жж. Астана қаласы, Халық банкі АҚ, бас менеджері; 2011-2013 жж. Алматы қаласы, АТФ банкі АҚ, менеджер.

Ғылыми атағы, дәрежесі:

экономика ғылымдарының кандидаты

Жетістіктері:

2018 ж. «Банктің үздік қызметкері»

Тілдерді білуі:

қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – жетік

Компьютерді білуі:

Microsoft Word, AutoCad, Turbo Pascal, C++, Power Point, Internet, Exell, Photoshop, Corel DRAW.

Жеке қасиеттері:

жауапты, ұқыпты, еңбекқор

Қызығушылығы:

кітап оқу, спорт, музыка, саяхат

Қосымша ақпараттар:

автокөлік жүргізудің «А, Д» категориялары

Ұсыным хат немесе кепілдеме:

Ұсыным хат қосымшада тіркелген.



Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?

  2. Түйіндеме нешінші жақта жазылады?

  3. Түйіндеменің қызметі мен ерекшелігі қандай?

  4. Түйіндеменің қандай жазылу тәсілдері бар?

Тілдік бірліктер:





  • ұлты

  • жынысы

  • мекенжайы

  • отбасы жағдайы

  • азаматтығы

  • білімі

  • мамандығы

  • еңбек өтілі

  • тілдерді білуі

  • компьютерлік сауаттылығы

  • ғылыми атағы, дәрежесі

  • жетістіктері

  • жеке қасиеттері

  • қызығушылығы

  • кепілдеме

  • ұсыныс хат

  • әйел

  • ер

  • тұрмыс құрған

  • тұрмыс құрмаған

  • күйеуге шыққан

  • күйеуге шықпаған

  • үйленген

  • үйленбеген

  • бойдақ

  • жоғары

  • орта

  • арнайы орта

  • бөлім бастығы

  • сәулетші

  • дәрігер

  • бас есепші

  • құрылысшы

  • инженер

  • технолог

  • жүргізуші

  • тәрбиеші

  • меңгеруші

  • орынбасары

  • бас менеджер

  • ана тілі

  • еркін

  • жетік

  • сөздікпен

  • жауапты

  • ұқыпты

  • еңбекқор

  • ұйымдастырушылық қабілеті

  • тез тіл табысады

  • адамгершілігі мол

  • кітап оқу

  • спорт

  • музыка

  • саяхат

  • саятшылық

  • әдеби кітап оқу




  1. жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Азаматтығы туралы мәлімет, тілдерді білуі, жұмыс тәжірибесі, қысқа әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерді білуі, ұйымдастырушылық қабілеті, алға қойған міндеттері, спортқа қатысы, бос уақытында шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.

  1. жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

  • Арман, маған көмектесіп жіберші.

  • Қандай көмек керек, Әсел?

  • «Мұнайгаз» компаниясында конкурстық негізде қабылдайтын хатшы-референттің бос қызмет орны бар екен. Мен сол конкурсқа қатысайын деп едім. Соған түйіндеме дайындау керек.

  • О-о, бұл өте жақсы ғой. Түйіндемеде өзің туралы мәліметтерді толық, бірақ нақты етіп беруге тырыс.

  • Міне, жазған түйіндемемді көріп жіберші, өзім туралы жалпы ақпараттарды толық берген сияқтымын. Тағы не қосуға болады?

  • Сен өзіңнің жеке қасиеттеріңді көрсетпепсің. Бұл өте маңызды.

  • Сен қалай ойлайсың? Қандай жеке қасиеттерімді жазуға болады?

  • Әсел, сенің бойыңда жақсы қасиеттер өте көп қой! Мы- салы: жауаптысың, ұжыммен жұмыс істей білесің, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілетің де бар. Меніңше, осы жақсы қасиет- теріңнің бәрін жазуың керек.

  • Көмегіңе рахмет, Арман.

  • Оқасы жоқ.




  1. жаттығу. Сұхбат бойынша сұрақтардың жауабын жазыңыз.

  1. Конкурс жариялаған қандай компания?

  2. Қандай бос қызмет орнына конкурс жариялаған?

  3. Арман Әселдің қандай жақсы қасиеттерін атап өтті?




  1. жаттығу. Мәтін бойынша түйіндеме жазыңыз.

Аты-жөніңіз... Жасыңыз 29-да. Орал қаласында дүниеге келдіңіз. Заң және сыртқы экономикалық байланыс саласында жалақысы жоғары қызмет іздеп жүрсіз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін әлемдік эконо- мика мамандығы бойынша бітірдіңіз. «Синтез-А» Ашық акционерлік қоғамында қызмет істедіңіз. Ана тіліңіз – қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін өте жақсы білесіз. Отбасыңыз бар. Сіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңіз: тез тіл табыса білу, жауаптылық, ұйымдастырушылық қабілет. Мекенжайыңыз...

 Тапсырмалар:


  1. Салық полициясы комитетіне «программист» ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.

  2. «Каспий» банкіне «қаржыгер» болып орналасу үшін түйіндеме жазыңыз.

  3. «Алматы қаласының «Алматы ақшамы» газетінің редакциясына

«тілші» қызметіне үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.

  1. Балабақшаға «тәрбиеші» болып орналасу үшін түйіндеме жазы- ңыз.

  2. М.Мақатаевтың «Менің анкетам» өлеңін жаттау.

МЕНІҢ АНКЕТАМ

Туған жерің?


Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.


Туған жылың?


1931. Құрдасымын Шәмілдің.


Жынысың кім? Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...


Партияда барсың ба?


Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.


Шыққан тегің?


Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.


Білімің ше?


Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.


Ана тілің?


Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.


Қайда істедің?


Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.


Міндеттісің бе әскерге?


Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге.


Сөгіс алып көрдің бе?


Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

Шетелдерде болдың ба?


Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, Осы отырған орнымда-ақ.


Мекенжайың?


Мекенжайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! (М. Мақатаев)

 Сөздік және сөз тіркестері:


түйіндеме – резюме
аты-жөні – фамилия, имя, отчество туған жылы, күні, айы – год рождения, число, месяц туған жері – место рождения
ұлты – национальность
жынысы – пол
мекенжайы – адрес
отбасы жағдайы – семейное положение
азаматтығы – гражданство
мамандығы – специальность
еңбек өтілі – стаж работы
тілдерді білуі – знание языков компьютерлік сауаттылығы – компьютерная грамотность ғылыми атағы, дәрежесі – научное звание, степень жетістіктері – достижения
жеке қасиеттері – личные качества
қызығушылығы – хобби (интересы)
кепілдеме – ходатайство
ұсыныс хат – рекомендательное письмо

6-cабақ




Анықтамасы:

ӨМІРБАЯН


Өмірбаянжеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат.

Өмірбаян, әдетте, оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазы- лады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.


Өмірбаян азат жолдан «Мен» – деп басталып, бірінші жақта, жекеше түрде баяндалады.
Тәжірибеде өмірбаян 3 түрлі болып жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет