О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет14/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116
is-kagaz Abutalip

Өмірбаянның бірінші түрі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санама- лап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
🟔 Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:

  1. хронологиялық тәртіппен жазылады;

  2. ресми стильде мәтін түрінде жазылады.



Өмірбаянның екінші түрі мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.
Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла- ды.
🟔 Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:
1) жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де
таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады.
Мысалы:

  1. Д.А. Қонаев «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. (1992), 443 бет.

«Дәуір» баспасы.

  1. Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983), 214 бет.

«Жазушы» баспасы.

  1. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» романы. 1977, 392 бет. «Жа- зушы» баспасы.

  2. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958 ж.



Өмірбаянның үшінші түрі – қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

🟔 Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі:



  1. жеке адамды зерттеу барысында жазылады;

  2. ғылыми стильде жазылады.

Мысалы:
Ұлы ойшыл, ақын А.Құнанбаев өмірі туралы М.Әуезовтің ғылыми- зерттеу еңбектерін атап айтуға болады.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын өмірбаянның түрі – ресми түрі. Өмірбаян бірінші жақта жазылады, көлемі шағын болады.
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

🖶 Құрылымы:



  1. Құжаттың атауы.

  2. Аты-жөні (толық жазылады), туған күні, айы, жылы, туған жері.

  3. Ұлты. Азаматтығы.

  4. Білімі, оқыған оқу орындары.

  5. Жетістіктері.

  6. Отбасы (ата-анасы, жұбайы, балалары) туралы мәлімет.

  7. Қосымша мәліметтер (тіл білуі, қызығушылығы) т.б.

  8. Қазіргі жұмысы, мекенжайы туралы мәлімет.

  9. Құжаттың жазылған күні, айы, жылы.

  10. Қолы.

🗈 1-үлгі
Өмірбаян


Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11 қарашада Павло- дар қаласында тудым.
Ұлтым қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жал- пы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым.
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиада- сында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.
2008 жылы аталған мектепті «Алтын Белгімен» бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы- экономика факультетінің «Экономика» мамандығына оқуға түстім. Қазір 2 курс студентімін.
Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы, 1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған, Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Рай- хан, 1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем Айгүл, 1985 жылы туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын меңгердім.
Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй. 8 қыркүйек, 2009 жыл
🗈 2-үлгі


Өмірбаян


Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым.
Ұлтым қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1971 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына бардым.
1981 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түстім.
1986 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылдандым.
1989 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым.
1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.
1998 жылы доцент атағын алдым.
Отбасым бар. Жолдасым Бекжанов Берік Бексұлтанұлы, 1961 жылы туған, «Рауан» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Ұлым – Бекжанов Нұрлыбек Берікұлы, 1987 жылы туған, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің 4 курс студенті. Қызым – Бекжанова Данагүл Берікқызы, 1989 жылы туған, Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Аудармамен кәсіби деңгейде айналысамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, көркем әдебиет оқимын. Әскери қызметке міндетті емеспін.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 21 үй, 57 пәтер. 23 қаңтар, 2010 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет