О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты ісқағаздары



бет62/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116
is-kagaz Abutalip

Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты ісқағаздары




18-cабақ


ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР




Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі.
Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады.
Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стилімен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.
Қызметтік хаттар:

  • Сенімді;

  • Қысқа;

  • Нақты жазылуы керек.

  • Бір сөз максимум ақпарат беру керек.



Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді:

  • Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар.

  • Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.



Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар:
Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.


Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар:
Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама хат, ақпараттық хаттар т.б.


Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.

  • Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазы- лады.

  • Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын дәлелдейтін және оның оң жауап қайтаруына түрткі болатын сандық мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.

  • Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.

Рәсімдеу:



  • Хаттар бланкіде толтырылады немесе А-4 форматты қағазға жаз- баша жазылады.

Орынғазы Әбутәліп

  • Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.

  • Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бет- ке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).

  • Хат 2 данадан жасалады, хаттың түпнұсқасын кәсіпорын бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.

  • Хат кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға не- месе жеке тұлғаға жіберіледі.



Мәтінді құрастыруда мынадай тірек сөздер пайдаланылады:
Өтінемін, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлімдейміз, т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет