О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


 Сөздік және сөз тіркестері



бет64/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116
is-kagaz Abutalip

 Сөздік және сөз тіркестері:


қызметтік хат – служебное письмо
қызмет – служба
ақпарат, хабар, мәлімет – информация
тізім – список
танысу – ознакомление
мүмкіндік – возможность
бас редактор – главный редактор
лауазым – должность
мәтінін жариялауды өтінеді – просить опубликовать текст хабарландыру мәтіні – текст объявления

Анықтамасы:

РЕСМИ ХАТ


Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.
🗈 1-үлгі



Ақмола облыстық білім департаменті

Көкшетау қаласы, Бейбітшілік көшесі, 27 үй Тел. 35-39-62


Факс. 35-45-12
07.05.2009. №65


Көкшетау қаласындағы мектептерге


РЕСМИ ХАТ

2009 жылдың 10 мамырында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында қалааралық жылдық мұғалімдер сайысы өтеді. Әр мектептен бір мұғалім қатысуға міндетті.


Осыған орай, мектепаралық мұғалімдер сайысы өткізілсін. Жеңімпаз туралы толық ақпарат Ақмола облысының білім департаментіне жіберілсін.


Департамент директоры: (қолы) А. Ержанов

🗈 2-үлгі



Алматы қалалық білім департаменті

Алматы қаласы, Исаев көшесі, 56 үй Тел. 2-15-77-62


Факс. 2-35-45-82
07.05.2009. №14


Алматы қаласындағы балабақшаларға


РЕСМИ ХАТ


2009 жылдың 15 маусымында Алматы қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында жылдық «Үздік тәрбиеші» сайысы өтеді. Әр балабақшадан бір тәрбиеші қатысуға міндетті.
Осыған орай, балабақшааралық тәрбиешілер сайысы өткізілсін. Жеңімпаз туралы толық ақпарат Алматы қалалық білім департаментіне жіберілсін.


Департамент бастығы: (қолы) А. Жұмалиев

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Ресми хат қандай құжат?

  2. Ол қай кезде жазылады?

  3. Ресми хаттың құрылымы қандай?

  4. Ол қандай бланкке бастырылады?

Тілдік бірліктер:





  • жіберілсін

  • өткізілсін

  • осыған орай

  • мұғалімдер сайысы өткізілсін

  • жеңімпаз туралы

  • толық ақпарат

  • білім департаментіне жіберілсін

  • қатысуға міндетті

  • ----- жылдың --- мамырында

Тапсырмалар:

  1. Алматы қаласындағы мектептерге 2010 жылдың 20 мамырында қалалық «Жыл мұғалімі» мұғалімдер сайысы өтетіндігі туралы ресми хат жолдаңыз.

  2. Қалалық Ішкі істер басқармасының Жасөспірімдердің ісі инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы криминогенді жағдайды ескеріп, 2-ауысымның оқушыларын сабақтан қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.

  3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын дерек- тер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат үлгісін жазыңыз.

  1. Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.

  2. «РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға ресми хат үлгісін жазыңыз.

  3. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республика- сы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Ал- маты маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет