О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қызметтік хаттардың түрлері



бет63/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116
is-kagaz Abutalip

Қызметтік хаттардың түрлері:




  • Өтініш хат

  • Ресми хат

  • Ұсыныс хат

  • Сұраныс хат

  • Жолдама хат

  • Баяндау хат

  • Ақпарат хат

  • Циркуляр хат

  • Шағым хат

  • Бас тарту хат

  • Хабарлама хат

  • Жауап хат

  • Ілеспе хат

  • Ескертпе хат

  • Талап ету хат

  • Түсінік хат т.б.

🖶 Қызметтік хаттардың құрылымы:



  1. Кәсіпорынның атауы.

  2. Кәсіпорын бөлімшесінің атауы (кейбір жағдайларда).

  3. Кәсіпорын туралы анықтамалық деректер.

  4. Күні, айы, жылы.

  5. Тіркелім нөмірі.

  6. Хатты алушы.

  7. Мәтінге тақырып.

  8. Негізгі мәтін.

  9. Хат жіберушінің аты-жөні, қолы.

Анықтамасы:

ӨТІНІШ ХАТ


Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.
🗈 1-үлгі





Халықаралық Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz


« » 20 ж.


Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кітапхана директоры
А. Құсайыновқа


ӨТІНІШ ХАТ


Құрметті Арман Нұрланұлы!

Халықаралық Бизнес Академиясының ректораты сізден қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Сұлтан Ақнұр Ержанқызына кітапханадағы кандидаттық және докторлық диссертациялармен танысуға жағдай жасауыңызды өтінеді.




Ректор /қолы/ Т. Балықбаев

Орынғазы Әбутәліп
🗈 2-үлгі



17 М.Мақатаев атындағы орта мектеп

Алматы қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 55 үй Тел. 2-35-39-62


Факс. 2-35-45-12
09.11.2010. №25


Алматы қаласының орталық емханасының бас дәрігері Б.Кенжебековке


Медициналық тексерістен өткізу туралы
ӨТІНІШ ХАТ


Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
Сізден М.Мақатаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен қызметкер- лерін кезекті медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастыруыңызды өтінемін.


Мектеп директоры: ( қолы ) Б.Садықов

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Өтініш хат қандай құжат?

  2. Ол қандай жағдайда жазылады?

  3. Өтініш хаттың қандай бөліктері бар?



1-жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз. 1.өтініп сұраймын / болғандықтан / аса қажет.

  1. шешілуіне / дұрыс / ықпал етсеңіз / осы мәселенің.

  2. талабыңызды / сіздің / алмаймыз / өкінішке орай / қанағаттандыра.

  3. аталған / мүмкіншілігі / орындауға / қазір / тапсырманы / мекеменің

/ жоқ.

  1. бере / орай / қажетті / сізге / өкінішке / ақпаратты / алмаймыз.

  2. сұраймыз / қарастыруыңызды / мүмкіндікті / бар.

  3. алған / жойылды / кемшіліктер / орын.

Тілдік бірліктер:





  • мырзаға

  • туралы

  • құрметті

  • сізден

  • өтінеді

  • ықпал етсеңіз

  • құқылы екенімізді ескертеміз

  • есіңізге саламыз

  • жіберіліп отыр

  • көмек көрсете алмаймыз

  • қарастыруыңызды сұраймыз

  • ақпаратты

  • құжатты

  • үлгіні

  • анықтаманы

  • бақылауынан алуыңызды сұраймыз

  • бақылауына беруіңізді сұраймыз

  • хабарландыру мәтіні

  • бұйрықтың мәтіні

  • заңның мәтіні

  • шақырудың мәтіні

  • сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз

Тапсырмалар:

  1. Көшірме орталығының директоры Б.Омаровқа Алматы облыс- тық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының қызметкерлеріне визит карточкаларын жасап беруді өтінетіндігіңіз туралы өтініш хат жазыңыз.

  2. «Гамма» көркемсурет фирмасының басшысы атынан «Жанна» жиһаз жасау кәсіпорнының президентіне қажетті жиһазды жасауға өтініш хат жазыңыз.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты директорының атына «Орта білім және білім берудің жаңа технология- лары» деген тақырыпта семинар ұйымдастыруды өтініп, хат жазыңыз.

  4. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті телеарнаның жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайын- дауды өтініп, хат жазыңыз.

  5. Мектеп директоры атынан орталық емхананың меңгерушісіне

мектептің мұғалімдері мен қызметкерлерін кезекті медициналық тексерістен өткізуге өтініш білдіріп, хат үлгісін жазыңыз.

  1. Сіздің фирмаңыздың тұсаукесер тойына байланысты, маңызды сәтті «Қазақстан» арнасынан көрсетілуін өтініп, телеарна директорының атына өтініш хат үлгісін дайындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет