ды. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:
1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы Қаулысы;
Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылғы сәуір айындағы «Ұлттық мектеп- терді қайта құру туралы» Қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы
ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеологияның ошағы, бала- ларды Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел таратылып жіберді).
Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жыл- дардың соңында етек алып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына 1989 жылы қол жеткізілді:
1989 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды;
1989 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы (Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі болып бекітілді);
1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарламасы».
1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iсқағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып та- былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға,
оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
2001 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |