О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет5/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
is-kagaz Abutalip

«Жеті жарғы»


Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:

  • қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);

  • ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

  • денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой);

  • төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

  • егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

  • егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;

  • ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал ана- сы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

  • өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

  • егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

  • әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан боса- тылады;

  • егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

  • біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлім- ге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімі- мен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;

  • әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;

  • қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;

  • құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

  • кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;

  • құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;

  • ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

  • ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

  • ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

  • өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;

  • барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

  • дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

  • куәлікке екі немесе үш адам жүреді;

  • билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;

  • егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;

  • ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет