О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет11/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116
is-kagaz Abutalip

Дубликат құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

Кез келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруге құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып, қол қойылып, мөр басылғанда ғана заңды күші бар.


4-cабақ

РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ


Анықтамасы:

«Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма- сын көздейді.


Қазақ әдеби тіл стильдері:

  1. Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Көркем әдебиет стилі

  3. Публицистикалық стиль

  4. Ресми ісқағаздар стилі

  5. Ғылыми стиль



    1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі


      Орны:

      күнделікті қарым-қатынас

      Мақсаты:

      тіл табысу

      Сипаты:

      қарапайым

      Тілдік құралы:

      одағай, оқшау сөз

    2. Көркем әдебиет стилі

      Орны:

      көркем шығарма, айтыс, спектакль

      Мақсаты:

      адамның сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету

      Сипаты:

      образды, көркем

      Тілдік құралы:

      ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер,
      эмоционалды-экспрессивті сөздер
    3. Ресми ісқағаздары стилі


      Орны:

      ресми ісқағаздары, ресми кездесулер

      Мақсаты:

      іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат
      беру

      Сипаты:

      қысқа да нұсқа

      Тілдік құралы:

      ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер,
      терминдер, қалыпты тіркестер

    4. Публицистикалық стиль

      Орны:

      газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ құралдары)

      Мақсаты:

      ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу

      Сипаты:

      пафосты, ұранды, экспрессивті

      Тілдік құралы:

      термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби
      орамдар, экспрессивті сөздер
    5. Ғылыми стиль


Орны:

ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар,
монографиялар

Мақсаты:

білім беру, білім тарату

Сипаты:

дәлелді, дәйекті

Тілдік құралы:

терминдер, тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер

🟔 Ресми немесе ісқағаздар стилінің ерекшелігі: онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.


Ісқағаздарындағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен жүйелі жазылуы тиіс.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.


Ресми ісқағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөзді алатын болсақ:
Ресми құжаттарда – азамат, жолдас. Телефон станциясында – абонент.
Ательеде – тапсырыс беруші. Шаштаразда – клиент.
Ауруханада науқас.
Шипажайда (санаторийде) – демалушы, тынығушы. Көлікте (транспортта) – жолаушы т.б. болып табылады.

 Тапсырмалар:


Ауызекі сөйлеу стилінде Аружан анықтама алды десек, ісқағаздары стилінде Бектаева Аружанға анықтама берілді деп жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стиль түріне жататы- нын табыңыз.



«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту- ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар болған сияқтымын, жылауық болмаппын.

«Ә» нұсқасы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда қырғыз жеріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл өте парасатты, пайым- ды адам болған екен. Төреқұл ел басқару қызметінде болып, 1937-1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жазаның құрбаны болды. Кішкентай Шыңғыс бауырларымен бірге көп қиындық көріп өседі.
Ш.Айтматовтың шын мамандығы табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін жетілдіру үшін М.Горький атындағы Әдебиет инс- титутында оқиды. Шыңғыстың 1956 жылы жазылған «Жәмила» хи- каясы бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне, іле-шала Парижде француз тілінде жарық көріп, жас суреткердің есімін әлемге паш етті.
Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүниежүзіне мәшһүр. Шыңғыс ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Жазушы бейне- леген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, адамзаттық болмыспен бірігіп жатқан
бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды.





Орынғазы Әбутәліп

19


Жеке адам өміріне қатысты құжаттар




5-cабақ




Анықтамасы:

ТҮЙІНДЕМЕ

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін ісқағазының бір түрі.


Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. “Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорын- дарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Са- уатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі.
Жалпы тәжірибеде түйіндеме екі түрде жазылады. Бірінші – құжат атауы А-4 қағазының ортасына қою қара әріппен жазылады. Екінші – құжат атауы көрсетілмейді, үміткердің аты-жөні А-4 қағазының ортасы- на қою қара әріппен жазылады.
Түйіндемеде үміткердің «Түйіндеме құрылымында» көрсетілген мәліметтер беріледі.
🖶 Құрылымы:

  1. Құжат атауы.

  2. Үміткер туралы толық мәлімет: (аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы).

  3. Мекенжайы, телефондары, электрондық пошта (e-mail).

  4. Үміттеніп отырған орны.

  5. Білімі, бітірген оқу орындары.

  6. Мамандығы.

  7. Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі.

  8. Ғылыми атағы, дәрежесі.

  9. Жетістіктері.

  10. Тілдерді білуі.

  11. Компьютерді білуі.

  12. Жеке қасиеттері.

  13. Қызығушылығы.

  14. Қосымша ақпараттар.

  15. Ұсыным хат немесе кепілдеме.

🟔 Түйіндеменің ерекшеліктері:

  1. үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері

хронологиялық тәртіпте берілуі;

  1. бір мезгілде бірнеше жұмыс орнына өткізуге болатындығы.

Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеме 3-ші жақта жазылады.


Түйіндеме берудің екі түрлі тәсілі бар:

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай «кері хронологиялық» ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады.
Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Бірақ, мұнда да жұмыс өтілі «кері хронологиялық» ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1980-2010 жылдар аралығында №107 мектепте І, ІІ, ІІІ, ІV дәрежелі математика пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды».
Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
Түйіндеме жазу барысында сізді жұмысқа қабылдайтын басшыға түйіндемені оқып шығуға ыңғайлы болуы үшін түйіндеме құрылымының сол жақ бағаны қою қара әріптермен айқын көрсетілгені дұрыс.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін, онда: сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.


Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты на-
зарда болуы керек. Мысалы, сіз менеджер болып орналасқалы келсеңіз: түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, ұйымдастырушылық қабілетіңіздің жоғарылығы, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз, тапқырлығыңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет