О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын



бет10/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
is-kagaz Abutalip

Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала баспаханалық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды ай- тамыз. Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын рас-

тайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, тегі, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі баспаханалық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады.



  1. Еркін мәтінді ісқағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша жа- зылмайтын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді ісқағаздарын безендіруде де жалпы ісқағаздарына қойылатын талаптар сақталады.



Қолданылу орнына қарай:
  • Мекемеішілік;


  • Мекемеаралық;
  • Мемлекеттік;


  • Халықаралық болып бөлінеді.

Шығу, жасалу сатысына қарай:
  • түпнұсқалық;


  • көшірмелік болып бөлінеді.

Түпнұсқалық ісқағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.




Ал көшірмелік ісқағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.


Үзінді құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет