О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет7/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116
is-kagaz Abutalip

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша ресми ісқағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Ресейдің әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей, хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялай- тын мазмұнда болды.
Ресми ісқағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай 3 топқа бөлінді. 1-ші топ. Патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар
(указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминология- сы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен, өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді.

  1. ші топ. Заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б.

Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар.

  1. ші топ. Жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері.

ІІ. Кеңес үкіметі құрылған кезең

1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:


    • 1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.

    • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;

    • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;

    • Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қаулысы;

    • Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау хаты.

    • 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.

    • Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

    • Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы

21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;

  • Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты;

  • 1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. Бірақ көп ұзамай-ақ, қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым- қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына баста-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет