СЕНІМХАТ
1999 жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
Мен, Қостанай қаласы, Төле би көшесі, 71 үй, 5 пәтер тұрғыны, ҚР ІІМ 1990 жылы 19 қыркүйекте берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенбаев Азамат Қанатұлы,
Қостанай қаласы, Ж.Аймауытов көшесі, 97 үйде тұратын ҚР ІІМ 2001 жылы 14 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері азамат Есенгелдин Жомарттың менің туған атам Бақытов Өскенбайдың қайтыс болуына байланысты одан қалған мүлік – 3 бөлмелі пәтерге менің мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.
Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомарттың:
менің атымнан өтініш жазуға;
анықтамалар мен құжаттар алуға;
менің орныма қол қоюға;
мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына өкілетті етемін. Сенімхат 1999 жылдың 18 қарашасына дейін берілген.
1999 жылғы 18 мамыр Қолы
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы 1999 жылы 18 мамырда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенбаев Азамат Қанатұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (Қолы)
( Мөрдің орны)
🗈 3-үлгі
СЕНІМХАТ
26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны, 01.12.2006 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы,
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 54 үй, 32 пәтердің тұрғыны, 28.01.2008 жылы ҚР ІІМ берген №1234567989 жеке куәліктің иегері Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін, менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:
менің атымнан қол қоюға,
банктегі есептерімді пайдалануға,
тиісті құжаттарды рәсімдеуге,
келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.
Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.
26.02.2010 ж. Ұ.Е. Ерғазин
Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы- ның Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (Қолы)
( Мөрдің орны)
|
Достарыңызбен бөлісу: |