СЕНІМХАТ
1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген,
№0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:
өтініш жазуға;
қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға;
сатуға қажетті құжаттарды толтыруға;
оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге;
мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге;
осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс- әрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.
Сенімхат 6 ай өз күшінде.
1997 жылғы 7 қаңтар (қолы)
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы 1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенұлы Жандос қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.
№97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (Қолы)
(Мөрдің орны)
2-үлгі. Мұрагерлік істі жүргізу жөнінде
Достарыңызбен бөлісу: |