13-cабақ
Анықтамасы:
ҚОЛХАТ Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
🟔 Ерекшелігі:
Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.
Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын- дығы.
Мөр басылмайтындығы.
🖶 Құрылымы:
құжаттың атауы;
қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны);
қолхат алушының аты-жөні;
алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазба- ша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);
қайтарылатын нақты уақыты;
қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
қолхат жазылған күні, айы, жылы;
қолхат берушінің қолы;
куәлердің қолы (кейбір жағдайда).
🗈 1-үлгі
Қолхат
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы, азамат Дәуітбеков Уәлихан Өскенұлынан Nokia Xpress Music 5610 маркалы ұялы телефонын уақытша пайдалануға алдым. Бағасы 38 000 (отыз сегіз мың) теңге тұрады.
Алған ұялы телефонды 2009 жылдың 10-шы қыркүйегінде қайтаруға уәде беремін.
Жеке куәлік №1234567989.
10.08.2009. Ұ. Ерғазин
|
🗈 2-үлгі
Қолхат
Мен, Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47 үй, 10 пәтер тұрғыны Жандосұлы Жасұлан, азамат Арман Мұхитұлынан 50 000 (елу мың) теңге алдым.
Ақшаны 2010 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қайтаруға уәде беремін.
Жеке куәлік №123456789.
13 шілде 2010 жыл Жандосұлы Жасұлан ----------------
Куәгерлер: Берік Дәлелханұлы ----------------
Жарас Ахметжанұлы ----------------
|
🗈 3-үлгі
Қолхат
Мен, Халықаралық Бизнес Академиясының Тілдер кафедрасының оқытушысы Нарысбеков Дидар, университет кітапханасынан сабақ кезінде пайдалануға 10 (он) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Әрқайсысының бағасы 1200 (бір мың екі жүз) теңге тұрады.
Оқулықтарды 10 күнде қайтаруға уәде беремін.
Жеке куәлігімнің нөмірі №1234567989, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген.
13.07.10. ---------------- Нарысбеков Дидар
| Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
Қолхат неше дана етіп жасалады?
Қолхат кімде сақталады?
Тілдік бірліктер:
алынған ақшаны көрсетілген уақытта қайтаруға міндеттенемін жоғалған жағдайда
қайтаруға міндеттенемін келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде
қолхат беру растау
уақытша пайдалану үшін алдым берілген
|
жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша түрде аударыңыз.
Расписка
Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазақ тілі» для временного пользования энциклопедию «Казах-
стан» (стоимостью 2000 тенге). Обязуюсь вернуть книгу в течение не- дели. Номер удостоверения личности №123456789.
15 февраля, 2003 г. (подпись)
жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша түрде аударыңыз.
Расписка
Я, Жоламанова Гульнар, учитель математики казахской средней школы №6, получила для временного пользования компьютер марки
«Самсунг» стоимостью сорок тысяч (40000) тенге от кафедры мате- матики АГУ имени Абая. В соответствии с договором обязуюсь вернуть компьютер 6 февраля 1999 года.
Удостоверение личности №123456789 выдано 14 апреля 1995 года МВД Республики Казахстан.
Тапсырмалар:
Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.
Наурыз айындағы шәкіртақыны балалар қорына аударғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
Өзіңіздің көршіңіз А.Е. Еркіновтен 10 күнге 20000 (жиырма мың) теңге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
Сөздік және сөз тіркестері:
қолхат – расписка
пайыз төлеу – выплачивать проценты
қайтарып беру – вернуть, возвращать
қарыз – долг
мерзім – срок
уәде – обещание
алу – брать
уақытында – вовремя
алынған ақшаны көрсетілген – обязуюсь вернуть полученные уақытта қайтаруға міндеттенемін деньги в указанный срок жоғалған жағдайда – при утере
қайтаруға міндеттенемін – обязуюсь вернуть
келіп түскен күннен бастап – в течение месяца
бір ай ішінде со дня ее поступления
қолхат беру – дать расписку
растау – подтверждать
уақытша пайдалану үшін алдым – получил для временного
пользования
берілген – выданы
Анықтамасы:
СЕНІМХАТ Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, ме- кеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам та- рапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.
Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:
Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденция- ларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т.б.
Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.
14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата- аналары толтырады.
14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата- аналарының келісімімен толтыра алады.
Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына бай- ланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.
Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай.
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл.
Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.
Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады.
Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.
Сенімхаттың ерекшелігі:
Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |