О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары



бет6/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
is-kagaz Abutalip

Хан жарлықтары және хандар мен би, болыстардың жазған хаттары


1731 жылғы 2 қаңтар – ... қараша. Хандар Әбілқайыр мен Сәмеке- нің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қарақалпақ ханы мен старшын- дарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға жазған хатынан:
Ұлы мәртебелі императрица, Сіздің жарлығыңыз бойынша бізге жіберілген Мәмет мырза Тевкелеев бізге ұлы мәртебелі императрица

  • Сіздің жарлығыңызды жариялады. Ол бойынша мен, Әбілқайыр хан, өз боданымдағы қайсақтарыммен бірге ұлы мәртебелі императрица

  • Сізге және ұлы мәртебелі ұрпақтарыңызға бодан болып, төменде жазылған тармақтарды қызмет етуге қабылдадым. Ең алдымен, аса қасиетті және ұлы державаның иесі ұлы патша императрицамыз – Анна Иоанновнаға бүкілресейлік және басқаларының, тағы басқа сол сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз....

  1. Біздің ұлы патша императрицамызға және ұлы мәртебелі Сіздің ұрпақтарыңызға әрқашан адал әрі әділ қызмет етуге уәде беремін.

  2. Ұлы мәртебелі императрица Сіздің бізге, қайсақ ордасына, қызмет етуге жарлығыңыз келген кезде Ресей бодандары башқұрттармен және қалмақтармен бірге, соның ішінде айтылған жерге біз өз әділдігімізбен барамыз.

  3. Қайсақ ордасы жайық казактарына, башқұрттарға, қалмақтарға және Ресейдің барлық бодандарына дұшпандық шабуыл жасамайды және оларға залал келтірмейді, олармен тату-тәтті тұрады.

  4. Ресей бодандары Астраханьнан және басқа жерлерден көпес керуенімен біз, қайсақтар арқылы қай жаққа баратын болса немесе керуен бізге, қайсақтарға, келетін болса, біз оларға еш жаманшылық жасамаймыз және оларды жаман адамдардан қорғаймыз және оларды қажетті жерлеріне жеткізіп саламыз.

  5. Тұтқынға алынған Ресей бодандары біздің қайсақ ордасынан қайтарылады, ал алдағы уақытта тұтқын алынбайды және башқұрт-

тардан және Ресейден алынған тұтқындардың біздің дінімізге өткендерінен басқалары қайтарылады және ұлы мәртебелі императри- ца Сізге біздің жыл сайын адал қызмет етуіміз үшін ұлы мәртебелі сіздің құлдарыңыз башқұрттарға қарсы және жасағыңызға 4000 түлкіден жіберіп тұруға уәде беремін, осыған сендіріп, мен, Әбілқайыр хан, осы параққа өз мөрімді бастым және өз елшім Бақа батырды жібердім.
1143 жылғы режеп айының 17-сі күні,
1732 жылғы қаңтардың 2-сі күні жазылған.
«XVI–XVIII ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 38-бет.

1856 ж. Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші:


Сібір қырғыздары орналасқан жерлерде алтын кен орындарын бар- лаумен және олардан кен өндірумен, сондай-ақ басқа да металл кендерін іздестірумен және өндірумен айналысқым келіп, мен жоғары мәртебелі Сізден маған осымен қоса табыс етіліп отырған құны 90 тиын гербті қағаз парағына Заңдар жинағының 2432 және 2443-баптарына, Кен жарғысының VII томына және 1854 жылғы 2443-бабына, 19 мамыр- да Сібір комитетінің жоғары дәрежеде бекітілген ережесіне сәйкес рұқсат етілген Қаржы министрлігінің куәлігін алуға өтініш жасау үшін осындай кәсіпшілікке алдын ала рұқсат етуіңізді барынша тағзым ете отырып сұраймын.
Осы өтінішке жүзбасы Тәттімбет Қазанғапов өз аты жазылған мөрін басты.
«XVIII–XIX ғ. қазақ-орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 419- бет.


Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңі


Қазақ ресми ісқағаздарының тарихына келетін болсақ, ресми іс- қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланыс- ты тарихқа аздап тоқтала кететін болсақ, Жоңғар шапқыншылығының салдарынан халықты, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі толық аяқталды.
1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі ережелері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді.
Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді. Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторына, Жетісу және
Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартты.
Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орын- даттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең та- рату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.

  1. Ташкентте 1870-1882 жылдары «Түркістан уәлаятының газеті»;

  2. Омбыда 1882-1902 жылдары «Дала уәлаятының газеті»;

  3. 1895 жылдан бастап Троицкіде «Торғай газеті» шығып тұрды.

Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан, қазақ әдеби тілін да- мытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармағы – ресми ісқағаздар стилін жетілдіруде үлкен рөл атқарды.
Газеттің негізгі бағдарламасы – үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, сот орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Ресей және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық ха- барларын жазып тұру болды. Сонымен қатар, мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінді: ресми және ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтары, кейбір саяси- экономикалық мәселелер, ресми емес бөлімге жай корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материал- дары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми ісқағаздар стилінде жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет