О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Хабарландыруға тән белгілер



бет83/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116
is-kagaz Abutalip

Хабарландыруға тән белгілер:


  • Ресмилік

  • Қысқа

  • Нақты

  • Анықтық

  • Хабарландыру

  • Көпшілікке арналған

Хабарландырудың берілу жолдары:


  • Теледидар

  • Радио

  • Газет

  • Афишалар

  • Интернет

  • Жүгіртпе жол

  • Телефон және т.б.

🟔 Хабарландыру түрлерінің өзіндік ерекшеліктері:



1

Бос орынға хабарландыруда

Жұмыс орнына тиісті
«талаптар» болады.

2

Мәжіліс, жиналыстарға
хабарландыруда

«Күн тәртібі» толық
жазылады.

3

Мәдени шараларға хабарландыруда

«Бағдарламасы» ұсынылады.

4

Тендерге хабарландыруда

«Шарттары» ұсынылады.

5

Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға хабарландыруда

«Сипаттамасы» жазылады.

6

Жалпылама хабарландыруда

«Жалпылама әртүрлі мәселелер»
көрсетіледі.

🖶Құрылымы:


  1. Құжат атауы.

  2. Негізгі мәтіні.

  3. Осы хабарландыруды таратқан бөлімнің атауы немесе мекеменің (жеке тұлғаның) мекенжайы мен байланыс мәліметтері.

🗈 1-үлгі. Бос орынға хабарландыру

Хабарландыру!

«Жетісу» АҚ қаржы бөлімінің кеңсе-менеджерлері қызметінің бос орнына байқау жариялайды.


Байқау 14 сәуір күні сағат 15.00 -де «Жетісу» АҚ филиалында тест негізінде өткізіледі.


Талаптар:

  1. Жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;

  2. Жасы 23-тен 27-ге дейін;

  3. Жеке куәлік, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), еңбек кітапшасы;

  4. 6 дана 3х4 суреті міндетті түрде болуы керек.

Байланыс тел.: 277-77-77.






ХАБАРЛАНДЫРУ!

Жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктер мен бюролар, сондай- ақ телекоммуникация саласында инженерлік мамандығы бар жеке тұлғалардың назарына.


“Қазақтелеком”АҚ Мамандық деңгейін көтеру орталығы (МДКО) жанынан Қоғам мұқтаждығы үшін ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеумен және дамытумен айналысатын бөлім құрылмақшы.

Бөлімнің штаттық кестесінде мынадай бос орындар бар:



  • бас маман;

  • жетекші маман;

  • I санатты маман;

  • II санатты маман.



Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Бос орындарға мамандық бойынша жоғары техникалық білімі не ұжымды техникалық жағынан басқару жөнінде мол іс-тәжірибесі бар, ғылыми, жобалық, нормативтік-техникалық немесе басқа да құжаттама түрлерін әзірлеумен айналысатын білікті инженерлер шақырылады.



🗈 2-үлгі. Бос орынға хабарландыру



(НТҚ) жұмыс істеу дағдысының болуы, телекоммуникация саласының қалыптасу және даму негіздерін білуі қажет.

  • Қарым-қатынасқа бейімділіктің болуы.

  • Microsoft Office (Word, Excel, Autocad) бағдарлама пакеттерін, ЭҚА (электронды құжат айналымы) білу.

  • Құжат айналымы және ісжүргізу негіздерін білу.

Жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: 2-58-48-51, факс: 2-25-63-81.



🗈 3-үлгі. Радиоға хабарландыру

Хабарландыру!!!


Қадірлі ұстаздар, құрметті студенттер!
Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе? Неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім. Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім, іздеймін, тағат бар ма? Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Сіздерді 17 ақпан күні болатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған театрландырылған поэзия кешіне шақырамыз!


Кеш сағат 17.00-де №414 дәрісханада өтеді. Келіңіздер, көріңіздер!


«НҰР» студенттер клубы



🗈 4-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру

Хабарландыру!


2003 жылдың 8 мамыры күні таңертеңгі сағат 10.00-де университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтеді.
Бағдарламада:

  1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.

  2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

  3. Көркемөнерпаздардың концерті.

Ректорат



Хабарландыру!!!


Бүгін, 22 қыркүйек күні – Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күні.
Осы мерекені Халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойына арнаймыз.

Бағдарламада:


1. Студенттердің қатысуымен Шәкәрімнің өмірі, шығармашылығы туралы сахналық көріністер болады. Ақынның өлеңдері, күйлері орындалады.
Кешке Шәкәрімді зерттеп жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар – Қалихан Ысқақ, Нұрлан Оразалиндер қатысады.
Әншілер: “Жаңа ғасыр – жаңа ән” және Халықаралық байқаудың лауреаттары Тамара Асар, Гүлнұр Өмірбаева қатысады.
Баршаңызды игі шараға шақырамыз.

Өтетін орны: ХБА, Конференц. зал. 22.09.2010. Сағат 16.00.


Тілдер кафедрасы



🗈 5-үлгі. Мәдени іс-шараларға хабарландыру
🗈 6-үлгі. Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет