177
Орынғазы Әбутәліп
8. Ескертпе хаттың мәтінінде қандай да бір іс-әрекеттің, шараның,
оқиғаның жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы
хабарланады.
Мұндай хат адресатқа жеке байланыс немесе телефонмен сөйлесу
арқылы жауап ала алмаған жағдайда жолданады.
9. Талап ету хат мәтінін сатып алушы кәсіпорын міндетіне
жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды.
Мәтінде хат
иесінің талаптары мен шағымдары көрсетіледі. Бұл талаптар негізделеді,
қажет болған жағдайда, хат иесі өзіне
аударуды сұрайтын соманың
егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның
орынбасары қол қояды.
10. Түсінікхат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның)
жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды
тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі оқиғаны түсіндіріп, жоғары
тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер
ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі
ережесін бұзған жағдайда
(жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және
т.б.) жазылады.
h
Достарыңызбен бөлісу: