178
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
лайық
– подходящий
орындаушы
–
исполнитель
әкімшілік
– администрация
өзекті мәселе
– актуальная проблема
кезек күттірмейтін мәселе – неотложная проблема
маңызды
– важный
бос орын
–
вакансия
бөлінді
– выделено
іссапар
– командировка
іссапарға жіберу
– командировать
көрсеткіш
– показатель
өңдеу
–
обработка
белгілеу
– обозначение
қарау, талқылау
– рассмотреть
179
Орынғазы Әбутәліп
22-cабақ
ҚҰТТЫҚТАУХАТ!
Құттықтаухатты қолданылуына қарай екі түрге бөлуге болады.
1. Ресми. 2. Бейресми.
Анықтамасы:
Ресми құттықтаухат – ресми ұйымдар мен мекемелерді және
лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми
құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданады.
Анықтамасы:
Бейресми құттықтаухат – жеке адамдарды маңызды мерекелерде,
мерейтойларда, тағы басқа жағдайларда жазылады.
Құттықтаухат
құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген
сөздермен басталады.
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш
иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
– Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға)
жеттіңіз.
– Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
– Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
– Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
– Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың
(кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-
жөні
шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен
аяқталады.
6
Құрылымы:
•
Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа-
зылуы.
•
Құттықтау себебі.
•
Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.
•
Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.
180
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
Басында:
Соңында:
•
Құрметті
• Қадірлі
• Аса қадірлі
• Қымбатты
• Сүйікті
• Шын жүректен
• Ізгі тілекпен
• Шынайы көңілмен
•
Ізгі ниетпен
• Тілек білдіруші
Есте сақтаңыз!
Сізді
Тәуелсіздік күнімен
Жаңа жыл мерекесімен
Республика күнімен
Халықаралық әйелдер күнімен
Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен
55 жылдық мерейтойыңызбен
Достарыңызбен бөлісу: