190
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
1-үлгі. Бос орынға хабарландыру
Хабарландыру!
«Жетісу» АҚ қаржы бөлімінің кеңсе-менеджерлері қызметінің бос
орнына байқау жариялайды.
Байқау 14 сәуір күні сағат 15.00 -де «Жетісу» АҚ филиалында тест
негізінде өткізіледі.
Талаптар:
1. Жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
2. Жасы 23-тен 27-ге дейін;
3.
Жеке куәлік, ӘЖК (СИК), СТТН (РНН), еңбек кітапшасы;
4. 6 дана 3х4 суреті
міндетті түрде болуы керек.
Байланыс тел.: 277-77-77.
,
2-үлгі. Бос орынға хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Жұмысқа орналастыру жөніндегі
агенттіктер мен бюролар, сондай-
ақ телекоммуникация саласында инженерлік мамандығы бар жеке
тұлғалардың назарына.
“Қазақтелеком”АҚ Мамандық деңгейін көтеру орталығы (МДКО)
жанынан Қоғам мұқтаждығы үшін ведомстволық нормативтік-техникалық
құжаттар әзірлеумен және дамытумен айналысатын бөлім құрылмақшы.
Бөлімнің штаттық кестесінде мынадай бос орындар бар:
– бас маман;
–
жетекші маман;
– I санатты маман;
– II санатты маман.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
•
Бос орындарға мамандық бойынша жоғары техникалық білімі не
ұжымды техникалық жағынан басқару жөнінде мол іс-тәжірибесі бар,
ғылыми, жобалық, нормативтік-техникалық
немесе басқа да құжаттама
түрлерін әзірлеумен айналысатын білікті инженерлер шақырылады.
191
Орынғазы Әбутәліп
•
Кәсіби білімі және нормативтік-техникалық құжаттамамен
(НТҚ) жұмыс істеу дағдысының болуы,
телекоммуникация саласының
қалыптасу және даму негіздерін білуі қажет.
•
Қарым-қатынасқа бейімділіктің болуы.
•
Microsoft Office (Word, Excel, Autocad) бағдарлама пакеттерін,
ЭҚА (электронды құжат айналымы) білу.
•
Құжат айналымы және ісжүргізу негіздерін білу.
Жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде мына телефондарға
хабарласуға болады: 2-58-48-51, факс: 2-25-63-81.
,
Достарыңызбен бөлісу: