О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Ісқағаздарындағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен



Pdf көрінісі
бет13/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

Ісқағаздарындағы мәлімет қысқа, нақты және белгілі бір ізбен 
жүйелі жазылуы тиіс.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланы-
луы;

терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік термино-
логия комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң 
сақталуы.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан 
шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы 
анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми ісқағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу 
орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөзді алатын 
болсақ: 
Ресми құжаттарда – азамат, жолдас.
Телефон станциясында – абонент.
Ательеде – тапсырыс беруші.
Шаштаразда – клиент.
Ауруханада – науқас.
Шипажайда (санаторийде) – демалушытынығушы.
Көлікте (транспортта) – жолаушы т.б. болып табылады.


17
Орынғазы Әбутәліп
ç
Тапсырмалар:
Ауызекі сөйлеу стилінде Аружан анықтама алды десек, 
ісқағаздары стилінде Бектаева Аружанға анықтама берілді деп 
жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын 
өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның 
ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стиль түріне жататы-
нын табыңыз.
«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту-
ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің 
бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде 
өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық 
боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. 
Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да, 
басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім, 
патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін 
ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар 
болған сияқтымын, жылауық болмаппын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет