О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-үлгі. Өтініш түрі Халықаралық Бизнес Академиясының



Pdf көрінісі
бет40/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

1-үлгі. Өтініш түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының 
Оқу ісі жөніндегі проректоры 
Ж.Нүсеновке
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Ахметовадан
АРЫЗ 
Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің 
қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді 
пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ 
кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын.
22 мамыр, 2010 жыл. (қолы)

2-үлгі: Шағым түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының
Жалпы мәселелер 
жөніндегі проректоры
Е.Т. Жарлықасымовқа
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Әділханұлынан
АРЫЗ 
Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университет-
те өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1 
асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы на-
шар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асха-
на басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш 
нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды 
сұраймыз.
28 қаңтар, 2009 жыл. 


63
Орынғазы Әбутәліп

3-үлгі. Шағым түрі
 
 Алматы қаласы,
 «Меруерт» дүкенінің директоры 
 Б.А. Мұратоваға
 
 Алматы қаласы, 
 Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің 
 тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543)
Құралай Мақсатқызынан
 
АРЫЗ 
Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат
14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт» 
дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250 
теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып 
алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты. 
Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып 
беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым 
қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара 
қолдануыңызды сұраймын. 
19.01.10. (Қолы) - - - - - - - - - - - -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет