64
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Бір-бірінен айырмашылығы
1.
Өзіне берілген құқықтарды
пайдалану үшін: жұмысқа қабылдау,
жұмысқа тұру, басқа жұмысқа ауысу,
кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс
демалыс сұрау, материалдық көмек
сұрау т.б. өзіне тиесілі жағдайды
шешу мақсатында жазылады.
2.
Деректерді көрсету міндетті
емес.
3. Өтініш жеке адам атынан жа-
зылады.
4. Өтініштің 1 түрі бар.
1. Азаматтардың заң арқылы қор-
ғалатын жеке құқықтары бұзылған
жағдайда шағым түрінде жазылады.
2. Деректер нақты болуы керек.
3. Арыз жеке адамның да,
ұжымның да атынан жазылуы
мүмкін.
4. Арыздың 3 түрі бар.
Ортақ белгілері
1. «Жеке
адам өміріне қатысты
құжаттар» түріне жатады.
2. Безендірілуі бірдей.
3. Құрылымы бірдей.
4.
Мәселені шеше алатын
лауазымды адам атына жазылады.
1. «Жеке адам өміріне қатысты
құжаттар» түріне жатады.
2. Безендірілуі бірдей.
3. Құрылымы бірдей.
4. Мәселені шеше алатын
лауазымды адам атына жазылады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
2. Арыз кімге жазылады?
3. Арыздың құрылымы қандай?
4. Өтініш түріндегі арыз дегеніміз не?
5. Шағым түріндегі арыз дегеніміз не?
6. Түсініктеме түріндегі арыз дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: