О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет55/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

2-үлгі
Ұсыныс хат
Мұстағұлова Әсия Нардосқызы 1989 жылы 27 сәуірде Ресей 
Федерациясының Мәскеу қаласында туған. 
1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы №132 ағылшын тілін 
тереңдетіп оқытуға арнайы мамандандырылған мектеп-гимназиясында 
өте жақсы үлгеріммен білім алды. Сондай-ақ осы мектеп аясындағы 
«Балалардың музыкалық-хор студиясын» бітірген. Бұған Әсияның үздік 
білім көрсеткіштері үшін алған «Мақтау қағаздары» дәлел бола алады. 
2002-2003 оқу жылынан бастап Алматы қаласындағы Ораз Жандосов 
атындағы №105 халықаралық лингвистикалық гимназияда орта білімін 
жалғастырып, бұл оқу орнында да ағылшын тілі, математика, география 
пәндерін оқып-үйренуде ерекше жетістіктер көрсетті. Мектеп қабырғасында 
жүргенде Абылай хан атындағы «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем 
тілдері университетінің» аясындағы «Полиглот» білім беру орталығында, 
Сүлеймен Демирел атындағы университетте ағылшын тілі бойынша өз 
білімін жетілдіріп, сертификаттарға ие болды. 


82
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қазір ҚБТУ, Қаржы-экономика факультетінің 2-курс студенті. 
Университет қабырғасында білім алу барысында Әсия өзін өте салмақты, 
ойлы, талапты да жинақы студент ретінде таныта білді. Мінезі біртоға, 
сабырлы, барлық нәрсеге сын тұрғысынан қарайды, жас та болса өзіндік 
көзқарасын белсенді түрде байқата алады. Өз курстастары арасында бедел 
мен құрметке ие. 
Әсияның жауапкершілік сезімі өте жоғары, өзіне тапсырылған істі 
жан-жақты ойластырып, шығармашылық қатынаспен атқаруға тырысады. 
Оны «Іскерлік қазақ тілі» сабақтарындағы өздік жұмыстарды орындау 
барысында байқатты. Еңбекқорлығы, талмай ізденгіштігі, табандылығы 
арқасында орындаған жұмыстары топ алдында жоғары бағаланды. 
Университет қабырғасында 24.11.2006 ұйымдастырылған «Competitiveness 
in Kazakhstan on Contemporary Stage of Market Reforms’ Realization» 
тақырыбындағы конференцияға белсене қатысып, сертификатқа ие болды.
«Іскерлік қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргіз- 
ген оқытушы ретінде, Мұстағұлова Әсияның алға қойған мақсатына 
қол жеткізуге барлық күш-жігерін салатындығына, келешекте еліміздің 
экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосатындығына сенемін. Сондық- 
тан, Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы 
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін.
Тілдер кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д. 
1 маусым, 2009 жыл _____________________________ 
К. Құрманбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет