О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


-cабақ  ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ



Pdf көрінісі
бет57/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

12-cабақ 
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ 

 Анықтамасы: 
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, бай-
ланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне 
лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағазы.
Визит карточкасының қызметі:
Таныстыру
Байланысу
Іскерлік қарым-қатынас құру
Бірігіп жұмыс жасау
6
Құрылымы:
1. Логотипі. 
2. Аты-жөні (тегі үлкен әріппен жазылады).
3. Тек ресми атқаратын қызметі («Міндетін атқарушы, уақытша 
орындаушы» деген сөздер жазылмайды).
4. Ғылыми дәреже немесе әскери атағы.
5. Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы. 
6. Байланыс телефондары, e-mail, факс. 
Түрлері:
 
Жеке 
 
Коммерциялық мақсаттағы
Мақсаты:
 
Мәлімет беру
 
Жарнама жасау үшін 
 
Визит карточкасы (Buziness card) өлшемі 50x90 миллиметрлік 
қатты қағазда жасалады. 
 
Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі 
әртүрлі болуы мүмкін.
 
Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына қарай 
жасалады.


85
Орынғазы Әбутәліп
Карточкаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
 
Визит карточкасының көлденеңінен жасалғаны дұрыс, себебі 
тігінен жазу оқуға ыңғайсыз болады.
 
Тегі үлкен қалың әріппен теріледі.
 
Міндетті түрде мекенжайы, байланыс телефондары, факс, 
электрондық поштасы көрсетіледі.
Визит карточкасын беру және алу әдебі (этикеті)
1) Кездесу кезінде визит карточкасын міндетті түрде кездесудің 
аяғында емес, басында бір-біріне тапсырады. 


86
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2) Визит карточкасын ең алдымен жасы немесе дәрежесі кіші адам 
береді. Ал екеуінің дәреже, жастары бірдей болса, кездесуге мүдделі 
адам бірінші ұсынады.
3) Визит карточкасын орнынан тұрып тапсырады. 
4) Визит карточкасын қабылдағанда: оң қолмен қабылдап, көз 
тоқтатып қарап (мазмұнымен танысып), алғыс білдіруі қажет. 
5) Ер адам – пиджактың төсқалтасынан алып береді.
6) Әйел адамдар – сөмкесінен, қойын дәптерінен (блокнот) немесе
визит карточкасын салғыштан алып береді.
Бұл – сыпайылықтың белгісі.
Визит карточкасын беру әдебіне жатпайды:
1) Біреу арқылы беру;
2) Өздігінен сұрап алу;
3) Ұсынылған визит карточкасын елеусіз қалдыру;
4) Визит карточкасын оның иесінің көзінше майыстыру, оған таңба 
салу, қолда айналдыру;
5) Визит карточкаларын бергенде бірден қалтаға, сөмкеге сала салу. 
Визит карточкаларының түр-түсі:
 
үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер 
көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды
 
қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, 
орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, 
металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстер;
 
түрлі дәрежедегі басқару органдарында жұмыс істейтіндер 
классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк, фон – 
ақшыл сия түсті, шрифт – сия түсті, фон – ақшыл қоңыр, шрифт – қара 
қоңыр т.б.) қалайды; 
 
әртүрлі мамандық иелері өз қалауына қарай жасатады. Мы- 
салы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатса, орман 
шаруашылығы қызметкерлері өз визит карточкаларының фонын көп 
жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады;
 
полиграфист қай реңкті таңдаса да, шрифт міндетті түрде қара 
түспен беріледі;
 
шығармашылық адамдары визит карточкаларын бірден көзге 
түсетіндей ерекше етіп жасатуға тырысады. Көбінесе абстракциялық 
өрнектер, бедерлермен безендіреді;
 
ғылыми интеллигенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс 
министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым 
қызметкерлері көбінесе ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фи-
гуралары, сызықтары жоқ визит карточкасын жасатады;
 
қызғылт және қызыл түсті визит карточкалары сирек кездеседі.


87
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет