17
Орынғазы Әбутәліп
ç
Тапсырмалар:
Ауызекі сөйлеу стилінде
Аружан анықтама алды десек,
ісқағаздары стилінде
Бектаева Аружанға анықтама берілді деп
жазылады. Мысалы, тілдің бірнеше стилінде дерлік қолданылатын
өмірбаянға тоқталайық. Төменде көрсетілген өмірбаянның
ерекшеліктеріне қарай қайсы нұсқасы қандай стиль түріне жататы-
нын табыңыз.
«А» нұсқасы
Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде ту-
ыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің
бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде
өткізеді екен.
Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық
боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған.
Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қора үйде тағы бір бала туа салған да,
басқа балалардың атына ұйқастыра ат берілген.
Әрине, ол күннен менің есімде қалған еш нәрсе жоқ. Болысым кім,
патшам кім... табым кім, онда менің жұмысым болмауы керек. Кейін
ондайды ұнатпасам да, ол кезде тістеген мен шаққанға да енжар
болған сияқтымын, жылауық болмаппын.
Достарыңызбен бөлісу: