О соотношении понятий «сознание» и «языковое сознание» Ма­қа­ла­да «са­на», «тіл­дік са­на»


Ту­ра­лы шы­лауының бір­де ту­ра­да



бет8/14
Дата09.07.2016
өлшемі4.02 Mb.
#186285
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Ту­ра­лы шы­лауының бір­де ту­ра­да (ту­ра­сын­да), бір­де ту­ра­лы бо­лып ке­луі оны қол­да­ну­дың әлі де бір із­ге түс­пе­ге­нін көр­се­те­ді.

Бұл ма­те­ри­ал­дар­да ың­ғай­лас­тық мән­де қол­да­ны­ла­тын пар­сы ті­лін­дік уа, Һәм жал­ғау­лық­та­ры жиі кез­де­се­ді. Мысалы: Да­ла уалайа­ты­ның қа­зақ­ча ка­зи­ті қыр­дың ара­сын­да­ғы қа­зақ­лар­ға ғы­лым өнер­дің үл­гі­сін уа тұ­қы­мын чаш­бақ­қа әдейі қа­зақ­лар үчүн чы­ға­ры­лыб тұ­ра­дұр («ДУГ», 18, 1894). Арақ — адам­дар үчүн за­рар­лы нәр­се Һәм оның за­рар­ла­рын са­наб бі­ті­ру­ге мүм­кін емес («Арақ у…», 2-б.). Араб әліф­биі­нен қа­зақ­дар Һәм бас­қа мұ­сыл­ман ха­лық­та­ры фай­да­ла­нып хат жа­за­ды («ДУГ», 22, 1899). Ша­ма­сы кел­ген­ше ты­ры­су­ға ке­рек үй­ді, сыр­тқы, іш­кі ки­ім­дер де, тө­сек­ді Һәм өте-мө­те тән­де­рін та­за ұс­тар­ға («Оба­дан…», 8-б.). Ағаш — жай­ды өзі­не тар­тып ала­тын нәр­се­нің бі­рі, сол се­беп­лі ай­на­ла­сы­на һәм аға­шы бар жер­ге жай аз түс­се ке­рек, һәм бұр­шақ та аз жау­са ке­рек («ДУГ», 4, 1898).

Кей­де екеуі де қо­сар­ла­нып уа Һәм бо­лып ке­ле­ді: Ман­соң ауру­дың Һәм қан­дай жер­лер­де бо­ла­тұ­ғы­нын уа Һәм қа­лай бө­тен та­раф­қа та­рай­тұ­ғы­нын ба­ян­дай­тын («Афат яки хо­ле­ра…», 3 б.). Бұл жал­ғау­лық­тар кө­бі­не бас­па­сөз бет­те­рін­де­гі ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар мен араб әр­пі­мен шық­қан кі­тап­ша­лар ті­лін­де кез­де­се­ді. Олар көп ма­ғы­на­лы бо­лып ке­ле­ді. Мы­са­лы, уа жал­ғау­лы­ғы қа­зір­гі әде­би ті­лі­міз­де бір­не­ше жал­ғау­лар ат­қа­ра­тын функ­ция­ны ат­қар­ған: я, жә­не, не, мен, да жал­ғау­ла­ры мен ал, та­ғы сөз­де­рі­нің ма­ғы­на­сын­да қол­да­ныл­ған. Ал һәм бол­са, әрі, да, жә­не де­ген жал­ғау­лар­дың ор­ны­на жұм­сал­ған. Екеуі бір­ге кел­ген­де (уа һәм) қа­зір­гі жә­не де де­ген шы­лау­дың ма­ғы­на­сы­на ұқ­сас. Бұл жал­ғау­лар­дың атал­ған үл­гі­лер­де де қол­да­ну­дан бір­тін­деп шы­ғып ба­ра жат­қа­ны бай­қа­ла­ды. Өй­тке­ні ті­лі­міз­де олар­дың қыз­ме­тін ат­қа­ра ала­тын ту­ма шы­лау­лар қол­да­ны­ла бас­тай­ды.

Қа­зір­гі ті­лі­міз­де­гі тал­ғау мән­ді не, не­ме­се, я, я бол­ма­са жал­ғау­лық шы­лау­ла­ры­ның іші­нен бұл ма­те­ри­ал­дар­да я (иа), яки (иаки), я бол­ма­са шы­лау­ла­ры қол­да­ны­ла­ды. Я, я бол­ма­са фор­ма­ла­ры ауыз­ша ай­ты­луы бойын­ша жа, жа бол­ма­са бо­лып та ке­ле­ді. Мысалы: Араб ха­ріф­ле­рі­нің дұ­рыс оқы­луы бір сөз­дің ба­сын­да иа ор­та­сын­да, иа аяғын­да ке­ле­ме онан да бо­ла­ды («ДУГ», 22, 1899). … жа­ра адам­ның тә­ні­не жі­бе­ру­ке ых­ти­ма­лы бар ірің­ні иаки бір за­лал­ды нәр­се­лер­ді («ДУГ», 5, 1902). Жүз нау­қас­тан бір яки екі нау­қас қа­на жа­зы­ла­ды («ДУГ», 16, 1894). Сол се­беп­ті қа­зақ­тар өзін «алаш» деп яки «алаш­тың хал­қы» деп ата­ған («ДУГ», 13, 1897). Сөз­ді аң­ғар­тып, ра­сы­ме­нен жет­кі­зу­ге жа­зу­дан ар­тық іш нәр­се бол­май­ды, не­ге де­сең бір кі­сі ар­қы­лы төрт ауыз сөз ай­тып жі­бер­сең, ең бол­ма­ған­да, ай­тқан төрт ауыз­дың бір аузы я ар­тық, я кем, я бол­ма­са бір­жо­ла өті­рік бо­ла­ды («ТУГ», 28, 1876). Жол­дұз­дар­дың жер­ден алыс­ты­ғын адам тіл­мен ай­тып, жа қа­ғаз­ға жа­зып тү­сүн­дү­ру­ге тым қыйын («Календарь», 44-б.). Әр бір көш­пе­лі қа­зақ өзү­нүң ки­із үйү жа зем­лен­ке­сі, жа ағаш үйү бол­са, үй иесі (ки­бит­ков­ла­де­лец) деп са­на­ла­ды («Ка­лен­дарь», 68-б.). Осун­дай кси­лер ко­бе­не­се жа ык­ти­ар­сыз кайыр-са­да­ка су­рап со­ну­ме­нен ка­на­гат ки­лып ту­ра­ды, жа бол­ма­са иш бир ша­руа­га жа­рай ал­май тек уй­дун иши­не ма­сыл бо­ла­ды («Тра­хо­ма», 7-б.). Бұ­лар­мен қа­тар не шы­лауы да кез­де­се­ді: Че­чек де­ке­нү­міз өл­түр­ме­кен­де де не кі­сі­нің кө­зі­нен, не құ­ла­ғы­нан ай­рұл­ды­ра­ды («Са­моу­чи­тель рус­ской гра­мо­ты для кир­ги­зов», 127-б.).

Араб ті­лі­нен ен­ген қар­сы­лық­ты ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­тін лә­кін шы­лауы ғы­лы­ми маз­мұн­ды ма­қа­ла­лар­да си­рек те бол­са кез­де­сіп қа­ла­ды. Мысалы: Араб әліф­биі­нен қа­зақ­дар фай­да­ла­ныб хат жа­за­ды лә­кин қа­зақ сөз­де­рін­де жұм­сақ хә­ріф ме­нен жа­зы­ла­тын Һәр түр­лі әуез­дер көб («ДУГ», 22, 1899). Шақ­қан жер­ле­рі азы­рақ ісің­кі­рей­ді, лә­кин көб за­ла­лы жоқ («ДУГ», 4, 1902). Қа­зақ­дың ті­лін тү­зу қы­лыб жа­зыб сөй­ле­те­тұ­ғын тия­на­ғы бар лә­кин мұн­дай тия­на­ғы жа­зы­лыб рет­тел­ген емес бір-ақ Ал­тұн­са­рин­нің кі­та­бын ай­тба­сақ («ДУГ», 27, 1894). Лә­кін хайу­ан­дар да өз­де­рі­нің нау­қас­та­рын жаз­бақ­қа дә­рі із­дей­ді ғой («ДУГ», 16, 1894).

Қа­зір­гі әде­би ті­лі­міз­де­гі сон­дық­тан, өй­тке­ні шы­лау­ла­ры­ның ма­ғы­на­сын ал­ғаш­қы ғы­лы­ми-көп­ші­лік әде­би­ет­тер­де со­ның үшін, оның (кей­де аның) үшін (ілік сеп­ті­гін­де­гі сол жә­не ол сіл­теу есім­дік­те­рі­нің үшін шы­лауымен тір­ке­суі ар­қы­лы жа­сал­ған) конструк­ция­ла­ры мен сол та­қы­рып­ты, сол се­беп­ті си­яқ­ты күр­де­лі шы­лау­ла­ры бер­ген. Мы­са­лы: … қа­зақ ті­лін­ше жа­сал­ған бір кі­таб жоқ, бар­ша­сы но­ғай­ша, сар­тша Һәм ғай­ри тіл­дер ара­лас, сол та­қы­рұб­лы хәл қа­ді­рін­ше кі­таб­дар­ды анық қа­зақ ті­лі ме­нен шы­ға­рұб тұр­са («ДУГ», 41, 1888). Жа­на бес әуез бар бұл бес әуез­ді жа­зу­ға орыс әліф­би­үн­де ха­ріф жоқ деб Или­мин­ски ай­та­ды, сол се­беб­ден өзі Һәр түр­лі ха­ріф ой­лаб чы­ға­рыб Һәм ла­тын әліф­биү­нен ха­ріф ала­ды («ДУГ», 22, 1899). То­ғайы бар жер­дің һауасы құр­ғақ бол­май­ды, сол се­беп­лі кел­ген жаң­быр жау­май кет­пей­ді («ДУГ», 41, 1898). сул се­беб­ден журт ара­сын­да сау­да са­ту бу­луб бир би­ри­ниң қу­лун­да­ғы нар­са­ли­рун алструб… («Са­моу­чи­тель», 83-б.). Ай­ның өзі жы­лын­да он екі жар­ти ма­нат жер­дің тө­ңі­ре­гін­ден ай­на­ла­ды, бұл се­беп­ті жы­лын­да он екі ай деп осы қы­ла­мыз («ТУГ», 20, 1876). Оба­дан ке­нет көп адам­дар ауыра­ды, со­ның үшін ай­та­мыз жұқ­па­лы «афат» ауру деп («Афат яки…», 7-б.). Тек мал дох­ты­ры­ның аф­тек­ден сұ­рауы бойын­ша алы­на­ды аның үшін оған ба­ру ке­рек («Мал­да бо­ла­тын…», 4-б.). Пла­не­ты­лер­ден ай­ру үшүн жол­дұз­дар­ды қоз­ғал­май­тын жол­дұз деп атай­ды, оның үшүн олар бір тұр­ған орын­да­ры­нан қоз­ға­лып жүр­мей­дү («Ка­лен­дарь», 42-б.). Жа­ра­қатта­ну­дан кі­сі та­ла­ды, оның үшүн әуелі ол кі­сі­нің есі бар ме­кен жоқ бе­кен қа­рау­ға ке­рек («Ка­лен­дарь», 65-б.). Ақ­қан жол­дұз­дар кө­бе­не­се су­ға тү­сө­дү, оның үшүн дү­ниө­нүң төрт бөл­ге­ні­нің бі­рі қа­ра жер, үш бөл­ге­ні су («Қа­зақ ка­лен­да­ры», 47-б.).



Өй­тке­ні жал­ғау­лы­ғы­ның ор­ны­на не­ге де­сең, не үшін де­се­ңіз тә­різ­ді тір­кес­тер де жұм­са­ла­ды. Мысалы: Бі­рақ си­ыр­дың ше­ше­гі кә­дім­гі ше­шек­тен көп же­ңіл бо­ла­ды, не­ге де­сең ол үш я төрт жер­ге ға­на егі­ле­ді («Са­моучи­тель», 129-б.). Арал­дар­дың хал­қы жу­ас бо­ла­ды, не­ке де­сең та­мақ ту­рұ­сын­да да жа бө­тен ке­рек нәр­се­сі­нің ту­рұ­сын­да да көб қи­ын­дұқ көр­мей­ді («Са­моу­чи­тель», 93 б.). Жер­дің қа­раң­ғы жа­ғы мен жа­рық жа­ғы бір­дей, не үшін де­се­ңіз күн­нің жа­ры­ғы әр уақыт­та әр ми­нут­та жер­дің қақ жар­ты­сы­на тү­сіп тұ­ра­ды («Ка­лен­дарь», 32-б.). Бо ұзақ де­ген құс­тар қар­лы­ғаш­тар­дың ке­мі­сін то­лұқ­тай­ды, не үшүн де­сең бұ­лар үл­кен қо­ңұз­дар­ды, құрт­тар­ды жей­ді («Ка­лен­дарь», 56-б.). Ким де ким бул ауру­ды би­ле­ди, не се­беп­ти де­се­ңиз ал­де не­ше рет кор­ген шы­гар өз­де­ри­нин ка­ла­лас кси­ле­ри­нин ара­сын­да («Тра­хо­ма де­ген жа­ман ауру», 3-б.).

Бұ­лар­мен қа­тар га­зет бет­те­рін­де­гі ғы­лы­ми си­пат­та­ғы ма­қа­ла­лар­да да, ғы­лы­ми-көп­ші­лік әде­би­ет­тер­де де, Абай мен Ыбы­рай шы­ғар­ма­ла­рын­да да қа­зір­гі әде­би тіл нор­ма­сы­на сай мен (ме­нен), се­бе­бі (есе­бі), сон­да да, сөй­тсе де, бі­рақ та, сол се­беп­тен (сол се­беп­ті), жә­не, ту­ра­лы си­яқ­ты «қа­за­қы» шы­лау­лар да қол­да­ны­ла бас­та­ған. Олар ма­ғы­на­ла­ры мен ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті жа­ғы­нан қа­зір­гі ті­лі­міз­де­гі­ден өз­ге­ше­лен­бей­ді. Бұл — ғы­лы­ми-көп­ші­лік стиль­дің ұлт­тық бел­гі­ле­рі­нің бі­рі бо­лып та­бы­ла­ды.

ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да­ғы ғы­лы­ми-көп­ші­лік әде­би­ет үл­гі­ле­рін­де, ал­ғаш­қы га­зет­тер­де­гі ма­те­ри­ал­дар­да қол­да­ныл­ған сеп­тік жал­ғау­ла­ры­ның ішін­де ерек­ше көз­ге тү­се­ті­ні — ілік, та­быс жә­не кө­мек­тес сеп­ті­гі­нің қо­сым­ша­ла­ры. Бұ­лар­да ілік сеп­ті­гі­нің қо­сым­ша­сы -ның/-нің тү­рін­де, та­быс сеп­ті­гі қо­сым­ша­сы­ның бір ға­на ва­ри­ан­ты -ны/-ні кез­де­се­ді. Мысалы: Адам­ға ке­рек­ді нәр­се­лер­ні та­бу бек қи­ұн бол­са да, арақ­ны ат­да­ған сайын … та­бу­ға мүм­кін­дүр («Арақ у …», 3-б.).

Кө­мек­тес сеп­ті­гі­нің мен қо­сым­ша­сы­на ке­ле­тін бол­сақ, кө­бі­не­се оның то­лық тү­рі ме­нен қол­да­ныл­ған. Көп­те­ген зерт­теу­лер­де мен-нің кө­мек­тес сеп­ті­гі­нің қо­сым­ша­сы ре­тін­де қа­ра­луы түр­кі тіл­де­рі­нің ішін­де тек қа­зақ ті­лі­не тән екен­ді­гі, өз­ге түр­кі тіл­де­рін­де ол бі­рың­ғай шы­лау ре­тін­де қа­ра­лып, ер­те­рек ке­зең­дер­де бұл шы­лау бір­ле, кейі­ні­рек бір­лә, бір­лән, бі­лә, бі­лән, илә, илән тұл­ға­ла­рын­да кез­де­се­ті­ні ай­ты­ла­ды. Тал­да­нып отыр­ған ма­те­ри­ал­дар­да мен (кей­де ме­нен) әрі кө­мек­тес сеп­ті­гі­нің жал­ғауы, әрі ың­ғай­лас­тық мән­де­гі шы­лау­дың қыз­ме­тін­де жұм­сал­ған. Мысалы: Су ічін­де не­че ай не­че күн­дер жү­рүб су ме­нен ас­пан­нан бас­қа чық нәр­се кө­ре ал­ма­ды («Са­моу­чи­тель…», 86-б.). Араб әліф­би­үн­де әуез ме­нен ке­ле­тін жұм­сақ хә­ріф аз… («ДУГ», 22, 1899). Ша­руа жа­һа­ды­нан ағаш­тың пай­да­сы бек көп: шөп тау­сыл­ған уақыт­да қа­ра­ман аға­шы­ның жа­пы­ра­ғы­ме­нен де жан сақ­тай­ды («ДУГ», 21, 1890). … се­бе­бі өз лы­ға­ты ме­нен сөй­леб, бө­тен лұ­ғат ме­нен жа­зу қи­ұн бо­ла­ды («ДУГ», 6, 1890). … осы бу­ме­нен ғы­лым­ның кү­ші­ме­нен па­ра­ход­ды жыл­дам ағын­ға қар­сы… («ДУГ», 3, 1890). Сон­дай шөп­ді жыл­қы ме­нен си­ыр әб­ден ашық­қан­да кө­ңіл­сіз жей­ді («ДУГ», 23, 1889).

Атал­ған үл­гі­лер мен га­зет ма­қа­ла­ла­ры­ның ал­ғаш­қы­ла­рын­да кө­мек­тес сеп­ті­гі­нің қо­сым­ша­сы мы­нан тү­рін­де де ұшы­рай­ды, мысалы: … бі­лім­ді адам­дар­дың қа­зақ сөз­де­рін орыс әліф­биі мы­нан орыс ха­ріф­де­рі мы­нан жа­зу жа­рай­ды деб ай­тқан­да­ры бір таң­сық сөз («ДУГ», 22, 1899). Дөң­ге­лек бұл ай­тыл­ған жол мы­нан об оңай сыр­ға­наб ке­те­ді бұл се­беб­ден те­мір­жол мы­нан көб ауыр жүк­дер­ді алыб жү­ру­ге мүм­кін бо­ла­ды («ДУГ», 24, 1894). Кии би­рауи ки­си қа­тар­на круб ас­қа ут­рса пчақ, чан­чқа, қасқ ми­нан алуб жи­ди («Са­моу­чи­тель…», 101-б.).

Ал­ғаш­қы ғы­лы­ми-көп­ші­лік кі­тап­ша­лар мен «Да­ла уәлая­ты га­зе­тін­де­гі» жар­ты­лай ғы­лы­ми маз­мұн­ды ма­қа­ла­лар­да дұр/дүр фор­ман­ты бір­де етіс­тік­ке, бір­де бас­қа сөз тап­та­ры­на қо­сы­лып қол­да­ныл­ған. Қа­зақ ті­лі грам­ма­ти­ка­сын­да: «Жік­тік жал­ғауының ІІІ-жақ фор­ма­сы бо­лып та­ны­ла­тын -ды/-ты қо­сым­ша­сы­ның ар­ғы төр­кі­ні «тұр» етіс­ті­гі. Бұл аф­фик­стің бас­қа түр­кі тіл­де­рін­де өзі­нің бас­тап­қы тұл­ға­сын­да, яғ­ни дұр, дүр бо­лып қол­да­ны­луы да осы­ны дә­лел­дей­ді», — деп жа­зыл­ған12. Етіс­тік­пен кел­ген­де ол бас­тауыш пен ба­ян­дауыш­ты қи­ыс­ты­ра­тын ІІІ-жақ­тың көр­сет­кі­ші (қа­зір­гі -ды, -ты қо­сым­ша­сы) бо­лып са­на­ла­ды. Мысалы: Қа­зақ­дың жи­лұс тоб­да­рын­да ең үл­кен си­лық қо­нақ ас­да­ры жыл­қы еті, па­лау Һәм қы­мыз бо­ла­дұр («ДУГ», 16, 1893). Ал бей­та­рап сөз­дер­мен кел­ген­де, олар­ды нақ­ты­лай, тия­нақ­тай, дәл­дей тү­се­ді: Қа­зақ де­ген сөз но­ғай­дың сөз бо­ла­дұр, іл­кін бой­дақ де­ген сөз­дүр («ДУГ», 15, 1888). Өз­ге жай жол­дан те­мір­жол­дың өз­ге­че бо­ла­тын­дұ­ғы­ның бая­ны бұ­дұр («ДУГ», 20, 1894). Арақ­ды ат­да­ған сайын … та­бу­ға мүм­кін­дүр («Арақ­дың за­ра­ры», 5 б.). Егер мал дох­тры маң­қа ауру еке­нін біл­се, ол мал­ды өл­ті­ру­ге ти­іс­дүр («Мал­да бо­ла­тын…», 3-б.). Маң­қа­дан өл­ген мал­ды ар­шын жер­ді қа­зып кө­му ти­іс­дүр (Сон­да, 4-б.). Арақ ішу міл­лә­ті­міз­дің ба­сы­на зор бір фә­ле­кет бол­ған­дық­тан, біз­дің Һәр қай­сы­мыз­ға қол­дан кел­ген қа­дар­лы, осы­ның ас­та­ғы­ма­лы­на қар­сы тұр­ған­дық ла­зым­дұр («Арақ у яки…», 5-б.). Бұл ауру бек жұқ­па­лы дүр («Мал­да бо­ла­тын…», 3-б.). Ғы­лым ақыл­дың сәу­ле­сідүр. Мұн­дай дә­рі­ле­рін жұм­са­мақ пай­да­лыдүр, қа­жетдүр («ДУГ», 16, 1894).

Р.Сыз­ды­қо­ва­ның ай­туы­на қа­ра­ған­да, жо­ға­ры­да көр­се­тіл­ген ерек­ше­лік­тер қа­таң қол­да­ныл­ған нор­ма емес, бұ­лар­мен қа­тар қа­зақ­тың өз тұл­ға-тә­сіл­де­рі де ер­кін қол­да­ны­ла­ды. Бұл, бір жа­ғы­нан, жа­ңа стиль құ­рал­да­рын із­деу үс­тін­де­гі құ­бы­лыс бол­са, екін­ші жа­ғы­нан — түр­кі ха­лық­та­ры­ның мә­де­ние­тін­де ер­те­ден ке­ле жат­қан ХV–ХVІ ға­сыр­лар­дан бас­тап ша­ға­тай­ша да­мы­ған ди­дак­ти­ка, ғы­лы­ми не­ме­се жар­ты­лай ғы­лы­ми пуб­ли­цис­ти­ка стиль­де­рін­де­гі жа­зу дәс­тү­рі­нің әсе­рі1.

ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да пай­да бол­ған ғы­лы­ми-көп­ші­лік әде­би­ет­тер ті­лін­де­гі «жа­рыс­па­лы­лық» («ва­риа­нт­ты­лық») тек түр­кі­лік-қа­зақ­тық эле­мент­тер қа­та­рын­да ға­на емес, қа­зақ ті­лі­нің өз тұл­ға-тә­сіл­де­рі­нің бе­рі­лу­ін­де де кез­де­се­ді. Мә­се­лен, ме­ненмен, тұ­ғынтын т.с.с. грам­ма­ти­ка­лық тұл­ға­лар па­рал­лель, жа­ры­са қол­да­ны­ла­ды. Қа­зір­гі ғы­лы­ми стиль­де бұ­лар­дың ық­шам ва­риа­нт­та­ры нор­ма бо­лып қа­лып­тас­қан. XIX ға­сыр­да­ғы үл­гі­лер­де олар­дың сыр­тқы тұл­ға­лық «дуб­лет­те­рі» стиль­дер­дің әлі де бір-бі­рі­нен ажы­ра­ты­ла қой­ма­ған­ды­ғын көр­се­те­ді.

Қо­ры­та ай­тсақ, қа­зақ ті­лін­де тұң­ғыш жа­рық көр­ген ғы­лы­ми маз­мұн­ды әде­би­ет­тің ті­лі бір із­ді, қа­лып­тас­қан жүйе­лі нор­ма­да бол­ма­ға­нын кө­ре­міз. Де­ген­мен, ғы­лы­ми-бі­лім не­гіз­де­рін ба­ян­дау ба­ры­сын­да қол­да­ны­ла­тын етіс­тік, үс­теу, зат есім, әсі­ре­се шы­лау­лар қа­зақ ті­лі қо­ры­нан алын­ған.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Сыз­ды­қо­ва Р. Қа­зақ әде­би ті­лі­нің та­ри­хы (ХV–ХІХ ғғ.). — Ал­ма­ты: Ана ті­лі, 1993. — 231-б.

  2. Су­лей­ме­но­ва Б. О рус­ских сло­вах в про­из­ве­де­ни­ях Абая // Из­в. АН КазССР. Сер. об­ществ. на­ук. — 1964. — № 4. — С. 62.

  3. Сыз­ды­қо­ва Р. Абай шы­ғар­ма­ла­ры­ның ті­лі. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1968. — 123-б.

  4. Жұ­ба­нов Қ. Қа­зақ ті­лі жө­нін­де­гі зерт­теу­лер. — Ал­ма­ты, 1966. — 284-б.

  5. Әбіл­қа­сы­мов Б. Қа­зақ әде­би ті­лі­нің қа­лып­та­суы // Ком­му­нис­тік ең­бек. — 1988.

  6. Ай­тба­ев Ө. Қа­зақ сө­зі. — Ал­ма­ты: Рауан, 1997. — 35-б.

  7. Мә­жі­тае­ва Ш. ХХ ға­сыр­дың бі­рін­ші жар­ты­сын­да­ғы қа­зақ әде­би ті­лі. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1999. — 148-б.

  8. Сыз­ды­ко­ва Р. Ос­нов­ные мор­фо­ло­ги­чес­кие осо­бен­нос­ти язы­ка Абая: Ав­то­реф. дис. … канд. фи­лол. на­ук. — Ал­ма-Ата, 1959. — С. 20.

  9. Әбіл­қа­сы­мов Б. Кө­не қа­зақ әде­би ті­лі // Қа­зақ Со­вет эн­цик­л.— Ал­ма­ты, 1988. — ІІІ-т. — 34-б.

  10. Қа­зақ ті­лі­нің грам­ма­ти­ка­сы. І-б. Мор­фо­ло­гия. — Ал­ма­ты, 1967. — 179-б.

  11. Әбіл­қа­сы­мов Б. ХІХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да­ғы қа­зақ әде­би ті­лі. (Бас­па нұс­қа­лар ті­лі не­гі­зін­де). — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1982.

  12. Сов­ре­мен­ный ка­зах­ский язык. Фо­не­ти­ка и мор­фо­ло­гия. — Ал­ма-Ата, 1962. — С. 330–331.

ӘОЖ 801.3

М.Қ.Ескеева

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана



Тіл дамуындағы тұлға мен мазмұн тұтастығы

В статье на основе моносиллабов рассматривается целостность формы и содержания в развитии языка.

On the base of monosyllabic roots the integrity of form and maintanance in the development of language is considered in the article.
Тіл та­би­ға­ты жүйе­лі де ке­шен­ді түр­де зерт­тел­ген­де ға­на то­лық ашы­ла­ры бел­гі­лі мә­се­ле. Бұл орай­да тіл­дің іш­кі заң­ды­лық­та­ры не­гі­зін­де, яғ­ни тіл­ді дер­бес жүйе ре­тін­де қа­рас­ты­рып, тек өзін­де бо­ла­тын заң­ды­лық­тар­ды са­бақ­тас­ты­ра оты­рып (фо­не­ти­ка­лық, лек­си­ка­лық, мор­фо­ло­гия­лық, се­ман­ти­ка­лық, син­так­сис­тік), им­ма­нент­тік тұр­ғы­дан қа­рас­ты­ру да тіл та­би­ға­тын то­лық­қан­ды анық­тау­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін­ді­гін ес­кер­ген жөн. Тіл­ді им­ма­нент­тік не­ме­се ин­тра­лин­гвис­ти­ка­лық не­гіз­де зер­де­леу құрылымдық лин­гвис­ти­ка­ның бас­ты қа­ғи­да­ла­рын құ­рай­ды.

ХХ ғ. ба­сын­да гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым са­ла­ла­рын­да (лин­гвис­ти­ка, пси­хо­ло­гия, фолькло­рис­ти­ка, әде­би­ет­та­ну, эт­но­ло­гия, эс­те­ти­ка т.б.) құ­ры­лым­дық әдіс­ті, мо­дель­деу­ді, се­мио­ти­ка­лық эле­мент­тер­ді, ма­те­ма­ти­ка­лық әдіс­тер­ді қол­да­ну­ға бай­ла­ныс­ты қа­лып­тас­қан струк­ту­ра­лизм мә­де­ни­ет­ті таң­ба­лар жүйе­сі­нің (тіл, ғы­лым, әде­би­ет, өнер, ми­фо­ло­гия, сән, жар­на­ма т.б.) жи­ын­ты­ғы ре­тін­де қа­рас­тыр­ды. Струк­ту­ра­лис­тік ба­ғыт­тың өкіл­де­рі (К.Ле­ви-Строс, М.Фу­ко, Р.Барт, Ж.Дер­ри­да, Л.Гольдман т.б.) құ­ры­лым­дық әдіс­тің нақ­ты ғы­лы­ми қа­ғи­да­ла­ры­на ерек­ше ба­сым­дық бе­ре­ді1. Бұл струк­ту­ра­лиз­мнің эк­зис­тен­циа­лизм, пер­со­на­лизм, нео­по­зи­ти­визм тә­різ­ді гу­ма­ни­тар­лық-ан­тро­по­ло­гия­лық ба­ғыт­та­ғы ғы­лы­ми ағым­дар­мен ан­ти­но­мия­лық қа­ты­на­сын, яғ­ни қар­сы қойыл­ға­нын, си­пат­тай­ды.

Струк­ту­ра­лиз­мнің көш­ба­сын­да струк­ту­ра­лық лин­гвис­ти­ка тұр­ды. Эт­но­ло­гия­ны, пси­хо­ло­гия­ны, фи­ло­со­фия­ны т.б. гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар­ды құ­ры­лым­дық тұр­ғы­дан зер­ттеу­ші­лер лин­гвис­ти­ка­лық мо­дель­дер­ді бел­сен­ді түр­де қол­дан­ға­ны­мен2, сөз­дің та­ным­дық не­гі­зі­не, идея­лық қы­ры­на, эт­нос бол­мы­сы ­мен бай­ла­ны­сы­на же­те мән бе­ріл­ме­ді.

«Сло­во „струк­ту­ра­лизм” ста­ло свое­го ро­да яр­лы­ком поч­ти для вся­ко­го дви­же­ния, пор­вав­ше­го с тра­ди­ци­ей» деп бел­гі­лі лин­гвист А.Мар­ти­не көр­сет­кен­дей3, тіл мен сол тіл­де сөй­леу­ші эт­нос­тың та­ри­хи та­мы­ры­ның, салт-дәс­түр, әдет-ғұр­пы­ның са­бақ­тас­ты­ғы көп ес­ке­рі­ле бер­ме­ді.

Струк­ту­ра­лық лин­гвис­ти­ка­ның өкі­лі, швед лин­гви­сі Фер­ди­нанд де Сос­сюр «Курс об­щей лин­гвис­ти­ки» ат­ты ең­бе­гін­де өз әді­сі­нің не­гіз­гі қыр­ла­рын тұ­жы­рым­дай оты­рып, лин­гвис­ти­ка­ның зерт­теу ны­са­ны жай­лы: «Един­ствен­ным и ис­тин­ным объ­ек­том лин­гвис­ти­ки яв­ля­ет­ся язык, расс­мат­ри­вае­мый в са­мом се­бе и для се­бя», — деп қо­ры­та­ды4.

Тіл­ді зерт­теу­де фор­му­ла тә­різ­ді кон­крет­ті тіл­дік мо­дель­дер­ді қол­дан­ған струк­ту­ра­лық тіл бі­лі­мі­нің әдіс-тә­сіл­де­рі тіл­дің та­ным­дық, биопси­хо­ло­гия­лық қыр­ла­рын аша ал­ма­ға­ны­мен, іш­кі заң­ды­лық­та­рын анық­тау­да үл­кен нә­ти­же­лерге жетті, сон­дай-ақ бар­лық гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым са­ла­сын­да­ғы тіл­дің рө­лін, мә­нін, ма­ңы­зын көр­се­тіп бер­ді. Ф.Сос­сюр: «Язык яв­ля­ет­ся важ­ней­шей из зна­ко­вых сис­тем»4 де­се, Э.Бен­ве­нист: «Язык есть ин­тер­пре­тант всех дру­гих се­мио­ти­чес­ких сис­тем как лин­гвис­ти­чес­ких, так и не­лин­гвис­ти­чес­ких»5 де­ген қо­ры­тын­ды­ға ке­ле­ді.

Тіл бі­лі­мін­де­гі струк­ту­ра­лис­тік ағым­ның ма­ңыз­ды қыр­ла­ры­ның бі­рі лин­гвис­ти­ка­лық таң­ба­лар­дың жүйе­лі­лі­гі­не, әм­бе­бап­ты­ғы­на, ма­ғы­на­лық құ­ры­лы­мы­на да ерек­ше мән бе­ру­ін­де. Ф.Сос­сюр идея­ла­рын не­гіз­ге ала­тын Пра­га лин­гвис­ти­ка­лық үйір­ме­сі­нің өкі­лі Н.С.Тру­бец­кой ды­быс ал­ма­су­ла­ры­ның сөз­дің сыр­тқы тұл­ға­сын ға­на емес іш­кі тұл­ға­сын да өз­гер­те ала­тын­ды­ғын ес­ке­ре оты­рып, фо­но­ло­гия­лық оп­по­зи­ция жай­лы: «Мы по­ни­ма­ем та­кое про­ти­воп­оло­же­ние зву­ков, ко­то­рое в дан­ном язы­ке мо­жет диф­фе­рен­ци­ро­вать ин­тел­лек­туа­льные зна­че­ния»6, — дей­ді. Мұн­дай пі­кір­лер струк­ту­ра­лық лин­гвис­ти­ка­ның зерт­теу нә­ти­же­ле­рі өзі­мен ан­ти­но­мия­лық ба­ғыт­та бол­ған ан­тро­по­ло­гия­лық лин­гвис­ти­ка­ның зерт­теу ны­са­ны­мен бел­гі­лі бір дә­ре­же­де ас­та­сып жат­қан­ды­ғын бай­қа­та­ды.

Тіл бір­лік­те­рін құ­ры­лым­дық тұр­ғы­дан зерт­теу бір­не­ше эт­нос­тар­ды бі­рік­ті­ріп отыр­ған ірі дер­жа­ва­лар­дың сая­си-идео­ло­гия­лық мүд­де­сі­не сәй­кес кел­ді. Се­бе­бі тіл та­би­ға­ты­на те­рең­деп ба­ру тіл­дік са­на қа­лып­тас­ты­рып, оның не­гі­зін­де эт­нос­тық са­на­ны оята­ды. Ұлт­тық са­на­ның, эт­нос­тық са­на­ның қу­ат­ты­лы­ғы бар­лық ұлт­тар мен ұлыс­тар­ға ор­тақ бір­тұ­тас қо­ғам­дық са­на­ның бе­рік­ті­гі­не нұқ­сан кел­ті­ре­ді. Ал қо­ғам­дық са­на­ның не­гі­зін­де ба­сым топ­тың (ұлт­тың, эт­нос­тың) бол­мы­сы, сая­си-әлеу­мет­тік мүд­де­ле­рі жа­та­ды.

Ке­ңес­тік түр­кі­та­ну­да да струк­ту­ра­лис­тік лин­гвис­ти­ка­ның қа­ғи­да­ла­рын не­гіз­ге ал­ған зерт­теу­лер үл­кен нә­ти­же­лер бер­ді. Түр­кі тіл­де­рі­нің фо­не­ти­ка­лық жүйе­сі, мор­фо­ло­гия­лық құ­ры­лы­мы, син­так­сис­тік конструк­ция­сы, лек­си­ка­лық құ­ра­мы, се­ман­ти­ка­лық жүйе­сі бір тіл ішін­де де, са­лыс­тыр­ма­лы, сал­ғас­тыр­ма­лы не­гіз­де де жан-жақ­ты зерт­те­ліп, әр­бір тіл­дің өзін­дік ерек­ше­лік­те­рі мен да­му жо­лы ғы­лы­ми тал­дау­ға түс­ті. Түр­кі тіл­де­рі­не қа­тыс­ты көп­те­ген құн­ды ең­бек­тер струк­ту­ра­лық лин­гвис­ти­ка­ның амал-тә­сіл­де­рі мен ұс­та­ным-қа­ғи­да­ла­рын не­гіз­ге ал­ға­ны­мен, тү­бір та­ну­ға, іш­кі құ­ры­лым­ға, сөз се­ман­ти­ка­сы­на, сөз­жа­сам­дық заң­ды­лық­тар­ға, сөз эти­мо­ло­гия­сы­на ар­нал­ған зерт­теу­лер­де тіл он­то­ге­не­зі, ими­та­тив тео­ри­ясы, эт­но­ге­нез бен глот­то­ге­нез бір­лі­гі, тіл­дің әлеу­мет­тік не­гі­зі жай­лы ан­тро­по­цент­рис­тік ба­ғыт­та­ғы тіл­дің та­ным­дық қыр­ла­рын мең­зе­ген тұ­жы­рым­дар да ай­ты­лып жүр­ді. Мә­се­лен, түр­кі­та­ну­да Э.В.Се­вор­тян, А.Н.Ко­но­нов, Б.М.Юну­са­ли­ев, К.М.Му­са­ев т.б., қа­зақ тіл бі­лі­мін­де — Қ.Жұ­ба­нов, С.Аман­жо­лов, Н.Сау­ран­ба­ев, А.Ыс­қа­қов, Ш.Са­ры­ба­ев, Р.Сыз­ды­қо­ва, Ә.Қай­дар, К.Құ­сайы­нов, Е.Қа­жы­бе­ков т.б. ға­лым­дар­дың, эт­но­лин­гвис­ти­ка, пси­хо­­лин­гвис­ти­ка, эт­ноп­си­хо­лин­гвис­ти­ка, лин­гво­мә­де­ни­ет­та­ну т.б. ба­ғыт­та­ры­ның дер­бес са­ла бо­лып қа­лып­та­суы­на үлес қос­қан бас­қа да зерт­теу­ші­лер­дің ең­бек­те­рін атау­ға бо­ла­ды.

Әлем­дік тіл бі­лі­мін­де жа­ңа ба­ғыт ре­тін­де қай­та­дан жан­да­на бас­та­ған, В. фон Гум­больдттың тіл­ді ой­лау­мен, тіл­дік бей­не мен тіл­дік таң­ба­ны ұш­тас­ты­ра қа­рау­ға не­гіз­дел­ген «іш­кі фор­ма» тео­ри­ясы­нан7 бас­тау ала­тын «түп­кі құ­ры­лым» ұғы­мын қа­лып­тас­тыр­ған ге­не­ра­тив­ті лин­гвис­ти­ка­ның8 тео­рия­лық-әдіс­те­ме­лік ұс­та­ным­да­рын ар­қау ете­тін тіл­дің ког­ни­тив­ті ас­пек­ті­сі қа­зақ тіл бі­лі­мін­де де ерек­ше ма­ңыз­ға ие бо­лып отыр.

Өт­кен ға­сыр­дың 70-жыл­да­ры­ның со­ңын­да Еуро­па­да та­рал­ған тіл бі­лі­мі­нің ког­ни­тив­ті ба­ғы­ты­ның бас­ты ерек­ше­лі­гі — әдіс­те­ме­лік не­гі­зі­нің та­ным­дық үр­діс­тер­ге сүйе­ну­ін­де. Осы үр­діс­ке орай соң­ғы 7–8 жыл кө­ле­мін­де қа­зақ тіл бі­лі­мі бойын­ша жа­зыл­ған ең­бек­тер­де «іш­кі тұл­ға­ға» ерек­ше ма­ңыз бе­рі­ліп, «сыр­тқы тұл­ға» тек сөз­дің (ұғым атауының) «жа­мыл­ғы­шы» ре­тін­де бей­та­рап қа­лып жа­та­тын­ды­ғы да бар.

Тіл та­би­ға­ты мұн­дай бір­жақ­ты­лық­ты қа­был­да­май­ды. Се­бе­бі іш­кі тұл­ға мен сыр­тқы тұл­ға ге­не­ти­ка­лық жә­не та­ри­хи тұр­ғы­дан ты­ғыз қа­рым-қа­ты­нас­та. Олар өза­ра үй­ле­сім­ді­лік­ті сақ­тай оты­рып, тіл­дің да­муы­на жағ­дай жа­сай­ды, жа­ңа­дан та­ныл­ған құ­бы­лыс­тар мен зат­тар­ды таң­ба­лай­тын, бей­не­лей­тін ұғым­ның де­но­тат­тық жә­не сиг­ни­фи­кат­тық атау­ла­рын қа­лып­тас­ты­ра­ды. Сыр­тқы тұл­ға­ның да, іш­кі тұл­ға­ның да шарт­ты­лық си­па­ты адам­зат ті­лі да­муы­ның кейін­гі ке­зең­де­рі­нің же­мі­сі. Тіл­дің таң­ба­лық си­па­ты да іш­кі тұл­ға мен сыр­тқы тұл­ға­ның шарт­ты­лық си­пат­та­ры­на не­гіз­дел­ді9.

Ар­хи­тұл­ға мен ар­хи­се­ма­да мо­ти­ва­ция­лық қа­ты­нас­та­ғы ті­ке­лей бай­ла­ныс бар. Бұл ан­тро­по­ге­нез­дік, глот­то­ге­нез­дік, он­то­ло­гия­лық жә­не гно­сео­ло­гия­лық, се­мио­ти­ка­лық не­гіз­де атал­ған ілім­дер­ді са­бақ­тас­ты­ра оты­рып қа­на анық­тау­ға бо­ла­тын құ­бы­лыс. Ал іш­кі тұл­ға мен сыр­тқы тұл­ға­ның ара­сын­да­ғы абстрак­ция­лық, ас­со­циа­ци­ялық, ана­ло­гия­лық қа­ты­нас­тар адам­зат­тың ал­ғаш­қы ды­быс­тық ті­лі қа­лып­тас­қан­нан кейін­гі ақыл-ой­дың же­тіл­ген ке­зең­де­рін­де, адам са­на­сын­да бұ­рын та­ныл­ған құ­бы­лыс­тар мен зат­тар­дың, қи­мыл, іс-әре­кет­тің тіл­дік жүйе­де­гі ор­нық­қан атау­ла­рын қол­да­на оты­рып, сол ұғым­ның ерек­ше бел­гі­ле­рін жа­ңа та­ныл­ған ұғым­дар­мен са­лыс­ты­ру, ұқ­са­ту, бай­ла­ныс­ты­ру нә­ти­же­сін­де жү­ре­тін про­це­сі. Абстрак­ция құ­бы­лы­сы жай­лы бел­гі­лі қа­зақ ға­лы­мы І.Ке­ңес­ба­ев та: «... та­ри­хи ақи­қат­ты са­лыс­ты­ра оты­рып зерт­те­сек, көп­те­ген абстракт сөз­дер­дің кейін пай­да бол­ған­ды­ғын кө­ре­міз»10, — деп көр­се­те­ді.

Қа­зір­гі же­тіл­ген адам­зат ті­лін­де сыр­тқы тұл­ға мен іш­кі тұл­ға­ның ара­сын­да­ғы ті­ке­лей бай­ла­ныс кө­мес­кі­ле­ніп, шарт­ты­лық си­пат ал­ған де­сек те, фо­но­ло­гия­лық, мор­фем­дік, се­ман­ти­ка­лық, ло­ги­ка­лық тал­дау әдіс­те­рі ар­қы­лы кө­не заң­ды­лық­тар­ды анық­тау­ға бо­ла­ды. Түр­кі тіл­де­рі­нің лек­си­ка­лық не­гі­зін құ­рай­тын мо­но­сил­лаб­тар­дың тұл­ға­лық өз­ге­ріс­те­рі­нен тұл­ға мен маз­мұн тұ­тас­ты­ғы ай­қын кө­рі­не­ді.

Тіл бі­лі­мін­де фо­носе­ман­ти­ка­лық құ­бы­лыс, фо­не­ти­ка­лық сөз­жа­сам тә­сі­лі, іш­кі флек­сия, жа­сы­рын син­кре­тизм т.б. деп әр қы­ры­нан қа­рас­ты­ры­лып жүр­ген, құ­ра­мын­да­ғы ды­быс сәй­кес­тік­те­рі ар­қы­лы түр­лі ма­ғы­на бе­ре­тін го­мо­ген­ді тү­бір-не­гіз­дер­дің бас­тап­қы жал­пы тұр­па­ты мен маз­мұ­ны бір­дей бол­ға­ны­мен, кей­бі­рі­нің тұл­ға­сы мен ма­ғы­на­сы әр­түр­лі. Тек дер­бес ма­ғы­на­лы мо­но­сил­лаб­тар ға­на емес ди­сил­лаб­тар мен по­ли­сил­лаб­тар құ­ра­мын­да­ғы ал­ғаш­қы бу­ын­ды да кө­не тұл­ға­лар (ар­хи­тұл­ға емес) ре­тін­де қа­рас­ты­ру­ға тео­ри­ялық не­гіз бар. Түр­кі тү­бір­ле­рі­нің мо­но­сил­лаб­тық ба­ғы­ты көп­те­ген ға­лым­дар та­ра­пы­нан қол­дау тауып отыр (В.Рад­лов, Ж.Де­ни, В.Кот­вич, Дж.Кло­сон т.б.)

Бір бу­ын­ды сөз­дер­дің соң­ғы ды­быс­та­ры­ның та­ри­хи тұр­ғы­дан ал­ма­суы соң­ғы ды­быс­тар­дың жа­ңа ма­ғы­на ту­ды­ру­шы қо­сым­ша-мо­ди­фи­ка­тор­лық си­па­ты­мен тү­сін­ді­ріл­се (боз~бор, бос (ану~бош (алау)), жоқ~жой~жұт, жүз~жүр, кел~кет, өс~өн~өр (кен­деу) ~өш, ой~ұқ, кес~кез (дік), сыз~ши (май), жан~жақ~жал (ын`~жай~жар (ық), тер~тіз, сөз~сөй (ле) ~сөк, сұқ~су (ыр), уат~уақ ~ұсақ~ұн т.б.), ан­ла­ут, ин­ла­ут по­зи­ция­сын­да­ғы сәй­кес­тік­тер (ен~ін, ат (у) ~ыт (у), оң~өң, із~ыз (у), қыр (у) ~сыр (у) ~жыр (у), ағ (у) ~ығ (у), боз~бөз т.б.) іш­кі флек­сия құ­бы­лы­сы­ның із­де­рі ре­тін­де қа­рас­ты­ры­лу­да. Мұн­дай мы­сал­дар сөз­дің ды­быс­тық тұл­ға­сын іш­кі тұл­ға­ның, ұғым­ның жа­мыл­ғы­шы ға­на деп қа­рау­ға ке­піл­дік бе­ре ал­май­ды. Адам­зат ды­быс­тық ті­лі­нің же­тіл­ген ке­зе­ңін­де ұғым-маз­мұн бі­рін­ші ту­ын­дап, со­ған лайық ды­быс­тық тұл­ға­ның сом­да­луы дау ту­дыр­май­ды. Ал ды­быс­тық тіл эво­лю­ция­сы­ның ал­ғаш­қы ке­зе­ңі жай­лы мұн­дай тұ­жы­рым жа­сау не­гіз­сіз, се­бе­бі ал­ғаш­қы адам­зат ті­лін­де ал­ды­мен ды­быс­тық қа­лып-тұл­ға­лар (ды­быс­тар мен ды­быс тір­кес­те­рі) қа­лып­та­сып, адам са­на­сы­ның же­ті­луі­не бай­ла­ныс­ты ма­ғы­на-маз­мұн­ға ие бо­лып отыр­ған. Мо­но­сил­лаб­тар құ­ра­мын­да­ғы ды­быс сәй­кес­тік­те­рі­нің се­ман­ти­ка­лық са­ра­ла­ну­ға ық­пал ету­ін же­ке­ле­ген ды­быс­тар­дың се­ман­ти­ка­лық мә­ні, яғ­ни фо­носе­ман­ти­ка­лық заң­ды­лық­тар ар­қы­лы ға­на тү­сін­ді­ру­ге бо­ла­ды. Жа­ңа сөз ту­ды­ру­да іш­кі тұл­ға мен сыр­тқы ды­быс­тық тұл­ға ті­ке­лей қа­рым-қа­ты­нас­қа тү­сіп, күр­де­лі лин­гвис­ти­ка­лық бір­лік­ке ай­на­ла­ды.

Әр­бір ды­быс­тық тұл­ға­ның іш­кі маз­мұн­ға ие бо­луы да күр­де­лі да­му жо­лы­нан өт­кен құ­бы­лыс, ой-са­на­ның өсуі­не бай­ла­ныс­ты реф­лек­сті түр­де ту­ын­дай­тын та­би­ғи ды­быс­тар бел­гі­лі бір ұғым­ды (маз­мұн, ма­ғы­на, ма­ғы­на­лық реңк тү­рін­де) біл­ді­ре ала­тын­дай дә­ре­же­ге жет­кен. Ал­ғаш­қы адам­зат ті­лі­нің сар­қын­ша­ғы ре­тін­де қа­ра­ла­тын го­мо­ген­ді ими­та­тив тү­бір­лер ара­сын­да­ғы ма­ғы­на­лық рең­ктер мен айыр­ма­шы­лық­тар да осын­дай тұ­жы­рым жа­сау­ға дә­лел бо­ла ала­ды. Ими­та­тив тео­ри­ясы жай­лы ой-пі­кір­лер­ге, тео­ри­ялық тұ­жы­рым­дар­ға тал­дау жа­сай оты­рып, ака­де­мик Ә.Т.Қай­дар: «Ды­быс­тық тіл­дің қа­лып­та­суы ең ал­ғаш­қы Адам­ның та­би­ғат­та­ғы бел­гі­лі ды­быс­тар­ға нақ­ты­лы бір, не бір топ ма­ғы­на жүк­теп, мен­шік­теп қол­да­нуы­нан бас­тал­ды дей­тін пі­кір­ге то­лық қо­сы­лу­ға бо­ла­ды», — деп көр­се­те­ді11. Бір бу­ын­ды тү­бір-не­гіз­дер­дің фо­не­ти­ка­лық, се­ман­ти­ка­лық та­би­ға­ты лек­се­ма­ның іш­кі тұл­ға­сы мен сыр­тқы тұл­ға­сын бө­ліп қа­рау­ға бол­май­ты­нын не­ме­се бі­рі­не ба­сым­дық бе­ріп, адам­зат ті­лі да­муы­ның бас­ты те­ті­гі ре­тін­де қа­рау­дың жаң­сақ­ты­ғын бейнелейді.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Со­вет­ский эн­цик­ло­пе­ди­чес­кий сло­варь. — М., 1988. — С. 1283.

  2. Бур­жу­аз­ная фи­ло­со­фия ХХ ве­ка. — М., 1974. — С. 138.

  3. Ос­нов­ные нап­рав­ле­ния струк­ту­ра­лиз­ма. — М., 1964. — С. 5.

  4. Сос­сюр де Ф. Курс об­щей лин­гвис­ти­ки. — М., 1933. — С. 207, 40.

  5. Бен­ве­нист Э. Об­щая лин­гвис­ти­ка. — М., 1974. — С. 64.

  6. Тру­бец­кой Н.С. Ос­но­вы фо­но­ло­гии. — М., 1960. — С. 41.

  7. Гум­больдт фон В. Из­бран­ные тру­ды по язы­коз­на­нию. — М., 1984. — С. 103.

  8. Хом­ский Н. Язык и мыш­ле­ние. — М., 1999.

  9. Бо­ду­эн де Кур­те­нэ. Из­бран­ные тру­ды по об­ще­му язы­коз­на­нию. — М., 1969. — С. 82.

  10. Ке­ңес­ба­ев І., Мұ­са­ба­ев Ғ. Қа­зір­гі қа­зақ ті­лі. Фо­не­ти­ка. Мор­фо­ло­гия. — Ал­ма­ты, 1975. — 40-б.

  11. Қай­дар Ә. Ими­та­тив тео­ри­ясы­на қа­тыс­ты жа­ңа­ша көз­қа­рас // ҚР ҰҒА-ның ха­бар­ла­ры. — Тіл, әде­би­ет се­р. — 2003. — № 5(141). — 18-б.

ӘОЖ 494.3-3

Б.Тілеубердиев

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет