Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет62/95
Дата20.10.2022
өлшемі1.76 Mb.
#463038
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
7 1 ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ

Тірек сөздер: бизнес психологиясы, кәсіпкер психологиясы, бизнесмен тұлғасы
бизнестегі табыс. 
Бизнес психологиясы-бұл психологияны бизнестегі практикалық қолданумен 
байланыстыратын, адамның жұмысын жақсартуға және кәсіпкерлікке қажет 
ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған көпір. 
Бизнес психологиясының міндеттері бизнес пен қоғамның әсерінен адам 
психикасының дамуын зерттеумен шектелмейді-ол кәсіпкерліктің барлық компоненттерін 
және онымен байланысты процестерді қарастырады. 
Бизнесті бизнес психологиясы тұрғысынан орналастыру мынандай түрдерге 
бөлінеді: 
1. Табыс алуға бағытталған және адамнан белгілі бір қасиеттерді талап ететін қызмет түрі 
ретінде. 
2. Қоғамда ерекше тәртіп, мінез-құлық стандарттарын құратын және әлеуметтік 
құрылымдарға әсер ететін әлеуметтік институт ретінде. 
3. Белгілі бір принциптерге сәйкес құрылған және құрылатын қызмет ережелерін сақтайтын 
жеке адамдар тобы (ұйым) ретінде. 
Бизнес психологиясы алдына төрт саланың: компанияның, стейкхолдерлердің, 
жұмыс орындары мен қызметкерлердің өзара іс-қимылын зерделеп және түзете отырып 
бизнестің өнімділігін арттыру мақсатын қояды. 
Бизнес психологиясы нені зерттейді? 
Бизнес психологиясы әртүрлі бағыттардағы күрделі психологиялық құбылыс 
ретінде бизнестің өмір сүруінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын 
зерттейді, оларға мыналар жатады: 
- бизнесменнің тұлғасы және оның қызмет саласы; 
- компания бизнес құралы ретінде; 
- ұйым мен стейкхолдерлердің өзара қарым-қатынасы; 
- компаниялардың құрылуы мен өмір сүруінің заңдылықтары; 
- бизнес - ортада және бизнес-қоғамдастықта адам мінез-құлқының ерекшеліктері; 
- тұтынушы психологиясы және бизнес өнімін жылжыту механизмдері; 
- басқару функциялары; 
- бизнес субъектілерінің психологиялық ерекшеліктері; 
- кадрлық міндеттер мен мәселелер; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет