INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2022: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, SEPTEMBER 2022
28
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әртүрлі жағдайларға байланысты
болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының
жасаған өтінішіне байланысты. Бірақта бұл өтініштегі несие мөлшері несиені
қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі
мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның
ішінде:
- қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
- несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және
олардың өтімділік дәрежесіне;
- маржа деңгейіне;
- несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
- банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау- несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін
анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда,қарыз
алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі
болып табылады.
Несиелік қоржынды басқару- бұл банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін
анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік
лимитін белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз
алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
- әртүрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
- жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу-несиелік портфельді құруға бақылау жасауда
тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршендік қабілетті жақсарту үшін
пайдаланылатын басты тәсіл [1, 31 – 33 бб.].
Проблемалық несиелерге:
- несиелік келісім-шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты
кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
- сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемелген қамтамасыз етілген несиелер
бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк
алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
- несиелік есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілген күненнен 30
күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады .
Проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
қарыз алушының қызметін қайта құру;
несиені қайтару кестесін өзгерту;
пайыз төлеу тәртібін өзгерту.
|