Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет106/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
104 
Мысалы, мектепте жаратылыстану бағыытында 9-сыныпта «Алюминий және оның
қосылыстары» тақырыбын оқытуда бірізділік жүйесіе сақтай отырып, алюминийдің 
ашылу тарихынан бастап, атом құрылысын, қасиеттерін, оның табиғатта кездесуін және 
қосылыстарының қолданылу орындарын саралап түсінеді. 
Жоғарыда келтірілген тақырып бойынша кесте түрінде әрбір оқушыға үлестірмелік 
тапсырма таратылады (1 кесте). 
Түсіну таным мен ойлаудың орта деңгейі. Бұл категория негізгі идеяларды: 
ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен 
идеяларды түсінетіндігін сипаттайды. Оқу материалын түсіну нәтижесінде оқушы 
мынадай іс-әрекеттерді атқара алады: 
-аударма жасау /трансляция/ — оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» 
ауыстыру (мысалы, элементтердің таңбасын сөзбен айту, формуласын жазу, схемамен 
көрсету, т.б.); 
-интерпретация - оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау 
(алюминийдің ашылу тарихын; периодтық жүйедегі орнын; атомының электрондармен 
толтырылу сипатын т.б.); 
-жорамалдау құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне 
тарқату; оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның 
салдары мен нәтижелерін болжау (алюминий затының көп салаларда қолданылуына қарай 
маңыздылығы жайында т.б.). Мұнда оқушы фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді, 
сөзбен келтірілген материалды схемалар, реакциялар арқылы түрлендіреді, берілген 
ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттай алады. Бұл жағдайда 
қысқаша «Химиялық диктант» жұмысын орындауға мүмкіндік бар. Мысалы, мынадай 
тапсырма беріледі: 
Алюминий периодтық жүйеде……… периодта, …….... топты, топшасында 
орналасқан; Оның атомының сыртқы қабатындағы электрондық деңгейінде……..электрон 
бар. Алюминийдің оксиді: ...........; Алюминий еліміздің ………облысы аймағында 
өндіріледі. Алюминийдің..........сияқты маңызды қасиеті бар. Сондықтан — саласында жиі 
қолданылады. 
Сонымен қатар, қосымша тапсырма беріліп, мынадай талап қоюға болады: 
«Алюминийді кеннен қалай алуға болады?», «+3 тотығу дәрежесін көрсету себебі?», 
«Оксидінің қышқылмен және сілтімен әрекеттесу ерекшелігі қандай?», «Алюминий қайда, 
не үшін қолданылады?», «сызбанұсқадағы үрдістерді реакция теңдеулерімен көрсетіңдер» 
т.б. . 
Тапсырма: Алюминийді қандай кеннен және қалай өндіреді? Алюминийдің 
физикалық және химиялық қасиеттері қандай? Реакцияны формулалар арқылы аяқта және 
теңестір (2 кесте). 
Сұрақ 
Жауап 
Алюминийдің таңбасы: 
Реттік нөмірі: 
Салыстырмалы атомдық массасы: 
Периодтық кестедегі орны: 
Электрондық құрылысын жаз. 
Ядродағы протон мен нейтрон саны: 
Қандай элемснт түріне жатады (металл немесе бейметалл)? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет