Объединение юридических лиц в форме ассоциации



Pdf көрінісі
бет2/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

 
Аннотация: Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық 
әрекетке дайындаудың педагогикалық негіздері қарастырылады, ғалымдардың 
еңбектеріне талдау жасалынады.
Түйін сөздер: инновациялық іс-әрекет, инновациялық үдеріс, интегративті сипа, 
мотивациялық, креативті, операциялық және рефлексивті бөлік, шығармашылық әдістері, 
жеті есе іздеу стратегиясы, кездейсоқтық әдісі, тапсырмаларды шешу теориясы,
инновациялық ойын. 
 
Мұғалімдердің 
инновациялық 
іс-әрекетін 
қалыптастыру 
теориясы 
мен 
практикасында ғалым М.В. Кларин зерттеулерінің орны ерекше. Ғалымдардың 
зерттеулері бойынша инновациялық іс-әрекет диагностикасы үш кезеңде өтеді [1]. 
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде педагог инновациялық педагогикалық үдерісті 
ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үдеріске әсер еткен ішкі және 
сыртқы факторларды анықтайды. 
Инновациялық іс-әрекеттің стилдерін анықтап зерттеуге үлесін қосқан ғалымдар 
Е.А. Калимов, А.Н. Маркова, В.А. Сластенин, В.Д. Шадриков, Л.С.Подымова, О.А. 
Ермакова [2] еңбектерінде Мұғалімдердің инновациялық әрекетінің стилдік ерешелігін 
анықтау былайша сипатталған: 
- әрекет стилі субъектінің тұлғалық дара ерекшеліктері мен әрекет ерешеліктерін 
біріктіретін интегративті сипатта болады; 
- инновациялық әрекет құрылымы мотивациялық, креативті, операциялық және 
рефлексивті құрамдас бөліктерден тұрады; 
- іс-әрекеттің индивидуалды стилінің құрылымы мазмұндық, динамикалық және 
нәтижелік сипаттардан құрылады; 
- инновациялық стиль – бұл түлғаның шығармашылық мүмкіндігін ашуға және оның 
әрекетті жүзеге асырудың жеке тәсіліне айналуын қамтамасыз ететін педагогикалық іс-
әрекеттің пәндену үдерісі; 
- инновациялық әрекет стилі субъектінің тек жаңаны ойлап табу қабілетін ғана 
сипаттамайды, сонымен бірге дайын «жаңалықтың» қайта құрылуын, модификациясы мен 
жүзеге асуын сипаттайды; 
- инновациялық әрекет стилі адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу тәсілін 
таңдау негізінде қалыптасады, көп жағдайда өз мүмкіндіктерін ашуды қамтамасыз етуге 
бағытталған: қаншалықты күш салғаны тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру стратегиясымен 
анықталады. 
Инновациялық іс-әрекеттің эмпирикалық әдістеріне жататындар: әдебиеттерді 
зерделеу; бақылау әдісі; сауалнама және бағалау әдісі. Инновациялық іс-әрекеттің кешенді 
әдістері; педагогикалық эксперимент; педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау 
әдісі; дидактикалық жаңаны ендірудің ғылыми негізін құру әдісі; инновациялық басқару 
әдістері. Дидактикалық жаңаны ендірудің нәтижелерін бағалау мен талдау әдістері: тест 
және тестілеу; талдау; статистикалық өңдеу әдісі. Инновациялық іс-әрекеттің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет