Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет149/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
143 
Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер 
қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде ұлттық ойындардың орны ерекше. 
Ұлттық ойындар ұлт болып қалыптасқалы халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы 
ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, 
сөйлеуге,мергендікке, тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, 
төзімділікке және т.б. тәрбиелеудң ұтымды құралы болған. Қазірде әртүрлі ұлттар 
ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары жинақталған кітаптар шығарылуда. 
Ұлттық ойындары – интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт 
ойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар. 
Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір 
жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. 
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр. Ол-сандаған 
ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың 
ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады. Ұлттық 
ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір 
жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп караған жөн. Өйткені, ойын баланың 
дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір 
кезіндегі тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын адамдармен, жолдастарымен 
карым – қатынасын елеп ескермей өмір тәжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс 
дүниеге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның 
үстіне бұл тәрбие үдерісінде жақыннан алысқа жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, 
белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді. 
Қазақ халқының ұлттық ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол 
бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиешісі, үлгі берершіктей 
әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы 
жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған сол арқылы өмірге жолдама 
алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу 
орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын – сауықтарды 
бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы 
дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп меңгеруге, шаруашылық 
жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды 
тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет