Объединение юридических лиц в форме ассоциации


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет150/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. Сухомлинский В.И. Сердце отдаю детям. Москва: Педагогика,1979.-Т-11 
2. Шмакова С.А. Игры-обучение, трениг, досуг. М.,2004 
3. Эльконин Д.Б. Педагогика, 1989. 560 с: ил.— (Труды д. чл. и чл.-кор. АПН СССР). 
4. Әбу Насыр әл Фараби. «Бақыт жолында». Философиялық шығармасы. 
5. Абай. Энциклопедия. /Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы/ – А.: Атамұра., 2001, 
214 б. 
6. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – О.: Мәктубат, 1906. 
7.Покровский Е.А. Физическое воспитание детей дошкольного возраста: М.: 
Просвещение, 1991. – 61 с 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
144 
ӘОЖ:796.378 
НЕГІЗГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТОП СТУДЕНТТЕРІМЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ 
СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Шорганова Айнур Базарбеккызы 
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушысы 
Орман Кұлихан 
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, дене 
шынықтыру пәні мұғалімі
Өскемен, Казахстан 
 
Аннотация: Бұл мақалада негізгі медициналық топ студенттерімен өткізілетіндене 
тәрбиесі сабағының мақсаты, міндеттері, сонымен қатар, дене тәрбиесі және спорт 
жұмыстары толығымен қарастырылған. Мақалада автор студенттердің дене тәрбиесі және 
спорт жұмыстарының негізгі бағыттарынатоқталады. Мақала тақырыбы бойынша 
көптеген педагогикалық еңбектер зерттеліп, әр түрлі ғалымдардың еңбектеріне талдау 
жасалынған. Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының оқу 
әрекеті кезіндегі ұйымдастырылуы зерттелген. 
Тірек сөздер: жоғарғы оқу орны, негізгі медициналық топ, дене тәрбиесі, дене 
тәрбиесі және спорт жұмыстары, дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының бағыттары, 
спорттық секция. 
Жастардың дене тәрбиесі мен кәсіби дайындығы жоғарғы оқу орындарындағы 
оқытуды жүзеге асыратын, қазіргі білім беру үрдісін әлеуметтендірудің маңызды 
міндеттері болып табылады. Дегенмен де,еліміздің жоғары оқу орындарындағы дене 
тәрбиесінің 
қазіргі 
барысы 
көп 
жағдайда 
денсаулықты 
нығайтпайды, 
шұғылданушылардың жеке қызығушылығын қалыптастырмайды. Сабақ барысында 
студенттерде адамның саналы қызметінің ең маңызды жағдайлары болып табылатын 
қозғалыс белсенділігіне деген ішкі себеп, ұмтылыстар қалыптаспайды. Сондықтан, 
үйренушілерге жеке тұрғыдан келуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, педагогикалық 
үрдісті ғылыми-әдістемелік қамту қажеттілігі туындайды.
ЖОО-ндағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының маңызы зор. Қазіргі заманғы 
техникалық прогресс, ғылымның жедел дамуы, жедел ақпараттандыру болашақ маманның 
оқу еңбегін одан ары қарқынды, қарбаласты қылуда. Осыған орай, ЖОО-нда оқу 
барысында, күн тәртібінде студенттердің жұмыс қабілеттіліктері белгілі бір деңгейде 
сақталып, көтерілудің оңтайландыру құралы ретінде дене тәрбиесі және спорт 
жұмыстарының маңызы артуда. Студент 10-12 сағат көлемінде өте аз қозғалыста, 
бірсарынды жұмыс қалпында болады. Дене тәрбиесі жаттығулары болса – гиподинамия 
ауруына, ақыл-ой және жүйкелік-эмоционалды жүктемеге қарсы тұратын бірден бір құрал 
болып табылады. 
ЖОО-ндағы дене тәрбиесі сабағы – студентті сауықтыруға, дене қуаты дамуын, дене 
қуаты дайындығын дамытып, жетілдіруге, арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларын 
қалыптастыруға, жоғары өнімді еңбек пен әскери қызметке дайындауға бағытталған 
арнайы педагогогикалық үрдіс. 
Дене тәрбиесі пәнінің мақсаты болашақ жоғары дәрежелі мамандардың жан-жақты 
дайындығына жағымды әсер ету, жәрдемдесу. 
ЖОО-ндағы дене тәрбиесі және спорт мынандай міндеттерді шешуді қарастырады: 
- тұлғаны дамытудағы және оны кәсіби қызметке дайындаудағы дене тәрбиесінің 
әлеуметтік рөлін түсіндіру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет