Объединение юридических лиц в форме ассоциации


«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»



Pdf көрінісі
бет105/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
103 
ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДЫ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Жакипов Ерғали Кадирбайұлы
Тараз қаласы, № 9 орта мектеп, ҚР Білім беру ісінің үздігі
Ы. Алтынсарин медалінің иегері
Сабыралиева Жанат
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
 
21 ғасырдың басында білім беру саласында көптеген өзгерістер, болып отырғаны 
белгілі. Білім беру траекториясы жаңжақты қамтитын маңызды параметрлермен 
толықтырылуда. 
Олардың бірі жаңартылған мазмұнды білім беруді ұйымдастыру. Жаңартылған білім 
беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру; 
ойлауға, қорытуға, шешімдер жасауға көмектесе отырып, шығармашылдық жұмыстар 
орындатып, соңында қоғамнан өз орнын табуына бағыт беру болып табылады. 
Айналадағы әр түрлі үрдістер-ақпараттық жаңалықтар, әлеуметтік-техникалық даму, 
адамдардың тіршілік іс-әрекеттерінің жүйеленіп, жаңару сипаты білім беру парадигмасын 
өзгерте түсуде; білім берудің мазмұны алдыңғы қатарлы елдердің жүйесіне кіріктіріліп, 
үйлестіріліп, мұғалім- оқушы арасында белсенді қарым қатынас пайда болды. Мектепте 
оқытылатын басқа пәндермән қатар, химия пәнін оқытуда білім берудің бұрыннан белгілі 
әдіс тәсілдерін үнемі жетілдірумен қатар, жаңартылған мазмұнды білімі беруді 
әдістемелік тұрғыдан тиімді ұйымдастыру бүгінгі күннің міндеттерінің бірі болып отыр. 
Бұл жөнінде ҚР «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім беру» жүйесінің басым 
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген /1/.
Мектепте химия пәнін оқытуда оқушының пәндік білімділік құзыреттілігін 
қалыптастыру үшін оқытудың педагогикалық технологиялар элементтерін саралап тиімді 
пайдалану керек. Пәнді оқытуда тақырыпты толығымен меңгеріп, оқушының өз қолымен 
оң нәтижеге қол жеткізуі Блум таксономиясын жүйелі пайдалану нәтижесінде байқалады. 
Мысалы, білу химиялық ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыру; түсіну сабақ мазмұнын 
меңгеруге бағыттау; синтез пән тақырыбы бойынша ой қорыту, шешімдер шығару
оқушының көзқарастарын, пікірлерін жинақтап, дұрыс тұжырымдар келтіру, 
шығармашылық жұмысты белсене орындауы; таксономияның әр қадамына келгенде, 
оқушы белгілі нәтижеге қол жеткізе алады және арнайы балдары көрсетілген тапсырмалар 
бойынша формативті бағалау іске асырылады. Блум таксономиясын қолдану үшін ең 
алдымен, тақырыпқа байланысты ұғымдар мен түсініктерді танып білуге қажетті ой салу 
керек. Ұғымдар мен түсініктерді білуі – танымын қалыптастырады, ары қарай күрделі оқу 
материалдарын түсінуге мүмкіндік береді, ой – танымын жетілдіреді. Сондықтан, білу → 
түсіну → қолдану → талдау → синтез → бағалау категориялары химиялық білімді 
меңгеруде оң нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді.
Білу-таным мен ойлау деңгейінің көрсеткіш сипаты. Сондықтан «Білу» 
категориясының химиялық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру және жетілдіреуде 
маңызы зор. Бұл кезеңде оқушы қолданылған терминдерді үйренеді, есте сақтайды және 
қайталайды, жұмыстың орындау ретін біледі, ережелерді, қағидаларды есінде сақтайды. 
Оқушыға берілген тапсырмаға байланысты «Кім?» , «Не?» , «Қашан?», «Қайда?»
«Қайда?» сұрақтарына түсініктерін келтіріп, ережелерді, теорияларды формуларды 
еске түсіреді, жазады, атап көрсетеді, жаттайды, еске сақтауға ынталанады, анықтамалар 
мен атауларды қайталайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет