INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
109
Пәнаралық байланыс
Жануарлардың таралуы туралы түсініктер арқылы
география пәнімен, көбею арқылы популяция санының
өзгеруі туралы қарастыру арқылы математика пәнімен
байланыс орнатылады.
Алдыңғы білім
Оқушылар 6 сыныптан жаратылыстану курсынан өсу мен
даму арасындағы айырмашылықты, жыныссыз және
жынысты көбеюді, 7-сыныптағы «Көбею» тарауынан
өсімдіктің жыныссыз және жынысты көбеюін, өсімдіктегі
вегетативті көбею тәсілдерін, хромосомадағы ДНҚ –ң
генетикалық материалының рөлін, жыныстық және сомалық
жасушалардағы хромосома санын, ағзалардың өсу және
даму үдерістерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақ
қезеңдері
Жоспарланған іс-әрекеттер
Оқыту көздері
мен ресурстар
Сабақтың басы
0-4 мин
Оқушылармен тірі ағзалардың тіршілік етуінің түпкі
мақсаты неде сұрағы талқыланады. Әр тірі ағза өзінен
кейін ұрпақ қалдыру арқылы жер бетіндегі тіршіліктің
жалғасуын қамтамасыз етеді деген қорытынды
шығарылады. Ендеше тірі ағзалар қалай көбейеді
сұрағын қою арқылы жануарлардың жыныссыз және
жынысты жолдармен көбейетініне назар аударылады.
Жасуша қалай көбейеді сұрағы талқыланып,
оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен
мақсаттары ашылып, бағалау критерийлері
анықталады.
1 -3- слайд
Сабақтың ортасы
4-12 мин
Мұғалім таныстырылымның көмегімен митоз бен
мейоздың маңызын түсіндіреді.
Оқушыларға
митоз
бен
мейозбен
бөлінетін
жасушалардағы хромосома сандары бойынша моделдеп
түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.
Митозбен бөлінетін жасушада бастапқыда диплоидты
жиынтық болады, ал мейозбен бөлінетін жасушада
гаплоидты
жиынтық
болады.
Мысалы,
адам
жасушалары алынса онда сомалық жасушада 46
хромосома, ал жыныстық жасушада 23 хромосома
болуы тиіс. Оқушылар өз моделдерін пайдалана отырып
митоз бен мейоздың ерекшеліктерін ауызша сипаттап
түсіндіреді.
Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады.
Критерийлер:
митоз бен мейоз үдерістеріне анықтама беру;
митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру;
4-14 слайд
|