INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
112
Кілт сөздер: құзыреттілік, көптілді,
коммуникативтік оқыту,
кәсіби тіл, ғылым,
ұлтаралық қатынас
Бүгінгі таңда көптілді меңгеру – жас ұрпақтың білім әлеміне еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін
қажеттілік. Көптілділік – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді
меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және
қалыптастыру.
Тәуелсіз
мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін,өзінің білімі мен
іскерлігін қолдана білетін мамандар қажет.Адам алдымен жан- жақты дамуына ерекше
көңіл бөлуі қажет, парасаттылық адамға өзінен-өзі келмейді.Ол
ұлан-ғайыр еңбек етіп,
ғылым-біліммен молынан сусындаған адамға ғана қонады.
Шет тілін білу шын мәнінде осындай даярлықтың органикалық компоненті болып
табылады. Осы орайда шетел тіліндегі коммуникативтік дағдыларды одан әрі жетілдіру
мақсатында оларды қалыптастыру маңызды функционалдық мағынаға ие бола бастады.
Тілдік емес жоғарғы оқу орындарындағы шет тілінің бағдарламасы бұл пәнді жеке
курс ретінде қарастырады. Негізгі мақсаты – болашақ түрлі ғылыми және техникалық
саланың мамандарын шет тілін қажетінше өндірістік
қызметте пайдаланудың кең
көлемдегі тілдік тәжірибесін қалыптастыруды көздейді. Шет тілі оқытушыларының
алдындағы қойылған міндеті болашақ инженерлер, менеджерлерді өз мамандығы
бойынша мақалалар оқып, ғылыми–техникалық ақпараттар алу, шет тіліндегі техникалық
әдебиеттермен жұмыс жасап реферат және аннотация құрастыруға үйрету тұр. Бұл
техникалық жоғарғы оқу орындарындағы шет тілінде білім
берудің басты мақсаттары
болмақ.
Техникалық жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту ерекшеліктерін қарастыра
отырып, білім беру мәнінің үш міндетін: зерттеуді, білім беруді және мәдени дамуды есте
сақтау қажет. Дәл осы үш міндет жеке-жеке қарастырыла алмайды, олар тек өзара
байланыста, өзара әрекеттестікте және бірыңғай білім беру
кеңістігінде қызмет етуде
қарастырыла алады.
Біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы даму кезеңінде техникалық жоғары оқу орны
шегінде бұл жағдайларды жүзеге асыру үшінші құрамдас бөлікке – мәдени дамуға ерекше
назар аудару жағдайында жүретіндігін айта кету керек. Базалық техникалық білімдері бар
техникалық мамандар, мәдени білімнің жетіспеушілігін бастан өткеретіндігін тәжірибе
көрсетіп отыр. Осыған байланысты жоғары білім берудің үш мәнінің мәдени құрамдас
бөлігін дамыту керек. Осы міндетті жүзеге асыруда шетел
тілдерін оқытуға қандай рөл
бөлінеді? Аталған сұраққа жауап алу үшін тіл функцияларының және олардың жоғарғы
мектептің міндеттерімен арақатынасының проблемасын қарастырған жөн. Тілдің әр түрлі
функцияларын зерттеуге әлемге танымал атақты лингвистердің еңбектері арналған. Бізді
тек техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің шеттілдік құзыреттілігі маңайында
толғандыратын функцияларға ғана тоқталайық.
Зерттеулік құрамдас бөлік тілді білім меңгеру құралы ретінде қарастыратын
танымдық функциямен байланысты. Білім беруші құрамдас бөлік,
ең бірінші кезекте,
ақпаратты беруге, белгілі бір деректерді хабарлауға бағытталған ғылыми мәтіндер мен
мақалаларда жүзеге асырылатын және үстем болатын, тілдің репрезентативтік
функциясымен байланысты. Аталған мәтін лингвистикалары,
психологиялар және
психолингвистикалар
мәтінді
оқу
барысында
түсіну
оның
семантикалық
компрессиясымен және мағыналық тірек бөлімдерімен органикалық тұтастықта екендігін
көрсетеді.