INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
138
Бүйрек аурулары. Адам тіршілігі үшін бүректің маңызы өте зор. Бүйрек бел
омыртқаның екі жағына бір деңгейде орналасады. Бүйрек улы және зянды заттардан
ағзаны тазартып отырады. Сөйтіп оны уланудан сақтайды.
Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін әрбір адам өзін таза ұстап, денесін
шынықтырып, ащы тағамдарды, алқагольды көп пайдаланбай, тісін дер кезінде емдеп
және басқааурулардан сақтанып отыруы қажет. Бұйрекке арналған гимнастикалық
жаттығулар бүйректің қан айналысын жақсартып, қызметін жандандырады.
Бүйректің қабынуы (өткір түрдегі нефрит). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну;
ісінудің болмауы; 5 күн сайын қайталап 3 рет зерттеу жасағанда зәрде ақуыздың және
формалы элементтердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен кейін,
жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Дәрігердің
бақылауында жүйелі түрде болу керек. Екі-үш ай ішінде 2-3 жаттығу жұмыстарынан кейін
несеп анализін қайталап тапсыру керек.
Асқынған жүрек аурулары (спорттың немесе басқа қозғалыс салдарынан). Сауығу
белгілері: өзін жақсы сезіну, қозғалыс кезінде демігудің болмауы; жүректің қалыпты
көлемге келуі, таза және анық соғуы; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ
нәтижелері оң болу.
Дене шынықтыру сабағына 30-45 күннен кейін, жаттығуға 60-75 күннен кейін,
жарыстарға 90-120 күннен кейін қатысу. Дәрігер және мұғалім тарапынан тұрақты түрде
бақылау жасалынуы керек (дәрігер кабинетінде және дене шынықтыру сабақтарында).
Отит (өткір). Сауығу белгілері: 5 күннен аса қалыпты температура; ауырсыну
белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-25
күннен кейін, жарыстарға 30-40 күннен кейін қатысу. Суда жүзу сабақтарында аса абай
болу қажет.
Өткір түрдегі ревматизм. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 30 күннен аса қалыпты
температура; қозғалыс кезінде деформацияның және буын ауырсынуының болмауы;
жүрек тұсында ауырсыну белгілерінің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 6-8 айдан
кейін, жаттығуға 1-1,5 жылдан кейін, жарыстарға 2-2,5 жылдан кейін қатысу. 3-4 айдан
кейін арнайы топта емдік гимнастикамен айналысуға болады. Жаттығуды біртіндеп және
аса абай болып жасау. Егер ауруға қыс мезгілінде шалдықса, жаттығуды жазға дейін
бастамау лазым.
Мидың шайқалуы. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; бас ауруының және бас
айналуының қозғалыссыз және қозғалыс кезінде (15 күннен аса) болмауы; қалыпты
рефлекстер. Дене шынықтыру сабағына 20-25 күннен кейін, жаттығуға 30-40 күннен
кейін, жарыстарға 60-90 күннен кейін қатысу. Жарты жыл бойы дененің бірден
шайқалуымен байланысты (шаңғымен секіру, футбол және т.б.) жаттығулармен, сонымен
қатар бокспен айналысуға болмайды.
Скарлатина. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 20 күннен аса қалыпты
температура; тері қабыршақтануының мүлдем болмауы; несепте патологиялық
өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-40 күннен кейін, жаттығуға 50-60
күннен кейін, жарыстарға 75-80 күннен кейін қатысу. Дене шынықтыру сабағында аса
жаттығуларды біртіндеп, аса абай болып жасау керек. Жаттығу басталудың алдында және
алғашқы жаттығудан кейін міндетті несеп анализін тапсыру.
Дизентерия. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 15 тәуліктен аса қалыпты нәжіс;
тәбеті жақсы болу; негізгі салмаққа жақын; жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін
сынау нәтижелері оң болу. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, жаттығуға 20-
25 күннен кейін, жарыстарға 30-35 күннен кейін қатысу. Жүрек-қантамыр жүйесі мен
асқазан-ішек жолдары қызыметтерін жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Дифтерия. Сауығу белгілері: 15 күннен аса қалыпты температура; өзін жақсы сезіну;
несепте патологиялық өзгерістердің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 30-35 күннен
|