INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
66
Дарынды балалармен жұмыс және үлгермеушілермен жұмыс. Қызығушылықтар
және жетістіктер, ерекшеліктер, оқытуды даралау.
Білім алушының пәнді өзінің таңдау жасауына жағдай жасау.
Бейіндік оқыту - жеке тұлғаға бағытталған оқу үрдісін іске асыруға бағытталған.
Мұнда оқушысының өзіндік дара білім алу аймағын құруына мүмкіндігі кеңейеді.
Бейіндік оқытуға көшу келесі мақсаттарды алдына қояды:
толық жалпы білім беру бағдарламаның жеке пәндерін терең
оқытуды қамтамасыз ету;
білім алушылардың жеке тұлғалық, дараланған, өзіндік білім
алу бағдарламаларын құруларына мүмкіндік беру және икемді оқыту мазмұнын
кеңінен саралауға жағдай жасау;
әртүрлі қабілеттіліктері бар білм алушылардың өздерінің бейінділіктері, дара
икемділіктері мен талаптарына сәйкес келетін
толық білім алуға тең қол жеткізуін орнатуға көмектесу;
- білім алушыларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіптік
білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету; мектеп бітірушілерді олардың
жоғары кәсіптік білім беруді қабылдауына тиімді дайындау.
Бейiндiк бiлiм берудi iске асыру тек қана бейiндiк емес пендердiң оқу материалын
салыстырмалы түрде қысқарту жағдайында ғана мүмкiн болады. Бейiндiк оқытуды ендiру
кезендерi:
- дайындык кезеңi;
- бiрiншi кезең;
- екiншi кезең;
- үшiншi кезең.
і.
Оқытуды бейіндік саралаудың шетелдік тәжірибесін А. Н. Джуринский, Н. Е.
Воробьев, Н. В. Иванова, А. К. Савина, т.б. өз зерттеулеріне өзек етіп алды. Бейіндік
оқытуға көшу шеңберінде оны ұйымдастыру мәселелері Д. Ермаков, Л. Гаджиева, В.
Гузеев, Г. Петрова еңбектеріне арқау болды. Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп
(10-11 сынып- тар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың бейіндік
саралаудың шетелдік тэжірибесін танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін
дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру
енгізіледі.
Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық
функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының
сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру
жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11
сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-
математикалық багыттарының оку-әдістемелік кешендері дайындалды.
Республиканың педагогтары 10-11 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнын
жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі.
12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін кұрастыруда кейбір
кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды:
- негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің
жеткіліксіздігі;
-
әлеуметтік-экономикалык
қиындықтардың
кездесуi,
бейіндік
оқытуды
ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның
ішінде шағын жинақталган мектептерде;
|