INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
73
мүмкіндік береді. Сонымен, ойын - баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің болашақ
кайраткерді дамытудың психологиялық және физиологиялық басты негізі болып
табылады[5].
Қорытындылай келе, ойын жалпы баланың жеке басын қалыптастырудың тиімді
құралы болып табылады. Ойын баланың есте сақтау, зейіннің тұрақтылығы, моральдық -
ерік қасиеттері, интеллект және қимыл – қозғалысы дамиды.
Ойын арқылы баланың психикасында елеулі өзгерістер орын алады, оқу және кәсіби
қызмет үшін негіз қаланады. Кез келген жастағы бала үшін ойын – бұл басты әрекет. Бұл
қоршаған ортаны танудың ең қолжетімді тәсілі. Ойнау кезінде балалар жаңа эмоциялар
алады, өзін бақылауға үйренеді, өмірлік принциптер мен заңдылықтарды түсінеді.
А.С.Макаренко баланың ойыны мен еңбегінің арасында үлкен айырма жоқ екенін
атап көрсетті. Бала ойында да, еңбектеде күш-жігерін, ақылын жұмсайды.
Ойын тағы бір ерекшелігі — ойын оқумен байланысты. Баланың меңгерген білімін
ретке келтіріп, жүйелеп тереңдетуде ойынның маңызы орасан зор, сондай-ақ оқудың
ойынға әсері де ерекше. Баланың ойын үстінде қол жеткен табыстары мен одан алған
әсері, баланың жаңа білімге деген қызығушылығын арттыра түседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ф.Н.Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика – Астана : Фолиант, 2008 .- 336 б.
2. А.Қ.Аралбаева Мектепке дейінгі педагогика –Алматы 2012
3. Балажанова Ж.Б., Ташкенбаева С.М. Мектепке дейінгі педагогика. Шымкент: 2016. -
129 бет
4.Аникеева Н.П. Воспитание игрой: Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1987.
5.Воспитание детей в игре: Пособие для воспитателя дет. сада/ Сост. А.К.Бондаренко, -
М.: Просвещение, 1983.
Достарыңызбен бөлісу: |