Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет74/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
71 
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев айтқандай: «Ойын ойнап, ән салмай,
өсер бала болама» деп айқандай бала өмірінде ойын өзіндік ерекше орны алады. Жас 
жеткіншектің өмірді тануы, психологиялық ерекшеліктері, еңбекке қатынасы осы ойын 
әрекеті үстінде шыңдала түседі. Бала ойында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, 
айлакерлік, сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығая түседі. 
Ойын балаға не береді?:
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді 
танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің 
психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. 
С. А. Козлова мен Г. А. Куликованың пікірінше ойынға мынадай сипаттар тән болуы 
тиіс: 
- мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнелетін көрсетілімдердің 
толыққандылығы мен дұрыстығы;

қажеттілігі, 
белсенділігі, 
ұйымдастырылғандығы, 
ойын 
амалдарының 
шығармашылық сипаты; 
- жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін ескере отырып 
ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа алу қабілеті;
- ойыншықтарды, ойын амалдарын және материалдарды мақсатты пайдалану; 
- жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі.
Ойында педагог бала тұлғасының барлық жағына әсер етеді: оның санасына, 
сезіміне, еркіне, тәртібіне; ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі 
мақсатында пайдаланады. Ойын барысында баланың өзін қоршаған айналасы жөніндегі 
білімі, түсінігі нақтыланады және тереңдейді. Ойында қандай да бір рөлді орындау үшін 
бала өз түсінігін ойын амалына көшіруі керек. Бірақ ойын балалардың бар білімі мен 
түсінігін бекітіп қана қоймайды, үлкендердің жетекшілігімен жаңа білім алу процесіндегі 
белсенді таным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табыдады [2]. 
Ойындар - мазмұнына,ерекшеліктеріне, олардың бала өмірінде, тәрбиесі мен 
окуында қандай орын алатына карай ажыратылады. Шығармашылык ойындарға 
мазмүнды-бейнелі, кейіптендіру (драматизацияланған), қүрылыс ойындары жатады. Бүл 
ойындардың негізі - балалардың өз өнерпаздығы. Шығармашылық ойындары тәрбиешінің 
кейбір басшылығы мен балалардың өздері жасайды. 
Ережелі ойындарға — дидактикалык, қимыл, үстел үсті және ермек ойындары 
жатады. Олар айқын тұжырымдалған бағдарламалық мазмұнға, дидактикалық есептерге, 
мақсат қойып үйретуге негізделген.
Мазмұнды-бейнелі ойындары - мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойын 
болып болып табылады. Мазмұнды-бейнелі ойындардьщ ерекшелігі сол, оны балалардың 
өздері жасайды, ол ойын кызметі айқын өнерпаздық пен шығармашылық сипатта болады. 
Балалардың ойын әрекетінің өнерпаздык сипаты мынада: олар қандай да болсын 
кұбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түрде және өзіндік 
ерекшелікпен қайталап жасайды. Өзіндік ерекшелік қандай да болсын кұбылыстарды, 
фактілерді, байланыстардың балалардың қабылдауының, түсінуінің, ой елегінен өткізуінің 
ерекшеліктеріне, тәжірибенің барлығына немесе жоқтығына, сезімге негізделген. 
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты мынадан көрінеді: бала өзіне алған рөлдің 
бейнесіне түгелдей еніп және ойынның шындығына кәміл сеніп, ерекше ойын өмірін 
жасайды, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала өмір құбылыстарына, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет