Объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық



бет2/3
Дата24.01.2024
өлшемі28.2 Kb.
#489731
1   2   3
stud.kz-117420

Лексикалық мағына — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. 
Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. 
Сөздің лексиқалық манасына, оның алдымен, онык нақты тура мағынасы жатыр. Айталық, Көл, құс, тау, үй, Көк, биік, Үш, жын Келу, жүрі сияқты сөздің лексикалыҚ Яғни нақты мағынасы: табиғаты соус қоймасы, үстін қуырсын жапқан ұсып, құйырлы адам. тұратын баспанасы, бір заттық нақты түсі (көк), бір заттың өлшемдік сипаты, заттардың нақты сандары (үш, жын), қымыл, көзғалыс. Сонымен бірге бір сөз осындаи наты тура мағынамен бірге басқа да мағыналарды айтып, ауыс, келтірді мағыналард да жұмсала берді. Мысалы, айыру етістігі, һер алдымен, саңылаулар еткізін жырту жүне қақ ыстығы, екіге бұлу мағыналарын білді.
Грамматикалық мағына (орыс. грамматическое значение) — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлғалары мен сөздердің жеке мағыналары болсын морфологиялықкатегориялар дәрежесін сақтай отырып, бір-бірінен өзгеше болады. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөзтіркестері мен сөйлемкомпоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалықсубъект пен объектінің мағынасы, құрмалассөйлемдердіңшылау арқылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады.

Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін. Кез келген сөзде белгілі бір мағына болғанымен, сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдірмейді. Мыс., "Мына сиыр сүтті-ақ екен" деген сөйлемдегі “ақ” шылауында күшейту мағынасы бар да, "Сен ауылға бардың ба?" сөйлеміндегі “ба” деген шылауда сұраулық мағына бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Сөз мағынасының әр түрлі эмоциялық реңкі болады. Мыс., "қаз-қаз" (жүру), "түу, ойбай-ай" деген сөздер заттық логикалық ұғымды білдірмейді, бірақ оларда сүйіну, күйіну, өкінуді білдіретін эмоционалдық мағына бар. Ал ұғымда мұндай эмоциялық реңк болмайды. Сөз мағынасының лексикалық және грамматикалық түрлері бар. Тілдегі сөздердің мағынасы сол тілдің семантикалық жүйесінің бөлшегі болып табылады да, оның сөздік құрамымен, сөздердің мәтінде қолданылу ерекшелігімен, тілдің грамматикасы табиғатымен байланыста айқындалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет