Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»


Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет



бет29/33
Дата19.05.2022
өлшемі138.34 Kb.
#457643
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ПЕДИАТРИЯ чек лист СД

Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
29- шы клиникалық жағдай Емшек жасындағы баланың күнделікті күтімін демонстрациялап, анасына түсіндіріп, көрсетіңіз. Тапсырма: баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу алгоритімін демонстрациялаңыз.



Бағалау критерийлері

1,0

0,5

0

1

Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырды, баланың аты-жөнін, жасын сұрады. Бала күтімі ролін- баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандырудың мәнін айтты. Қажетті құралдарды, заттарды дайындады.










2

Керекті құралдарды дайындап, баланы шешіндіріп жөргектейтін үстел үстіне жатқызды. Шешілген кір киімдерді арнайы қапқа тастады. Таңертеңгілік тазалығын өткізу алдыңда баланың нәжісін, дене температурасын тексеріп, сондай-ақ, керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажеттігін де айтты..










3

Баланын бетін қайнаған суға малынған мақта тампонымен абайлап сүртті.










4

Қайнаған суға малынған мақта тампонымен баланың көзінін сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіп өңдеді (әр көзге жеке тампон қолданды). Сол ережемен көздерін құрғақ мақта тампондарымен құрғатты.










5

Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршақталған мақтаны айналдыра қозғалтып 1 см тереңдікке еңгізіп тазалады. ( әр мұрын жолына бөлек мақта қолданды). Мақтаны мұрынға сағат тілінің бағытымен еңгізіп, сол бағытын өзгермей алып шықты










6

Есту жолдарын өсмдік майы, немесе қайнаған суға малынған, шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 2 см тереңікке еңгізу арқылы тазалады (әр есту жолына бөлек мақта қолданды). Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе керектігіне байланысты тазалау керектігін айтты.










7

Абайлап баланың иегін басып аузын ашып, ауыз қуысының шырышты қабатын тексерді.










8

Табиғи тері қыртыстарын стерильді май жұғындысымен- мақта тампонымен өңдеді. Келесі реттілікті қатаң түрде сақтай отырып: құлақ арты–мойын–қолтық асты– шынтақ иілісі–тізе асты–тірсек табан–шап–анус айналасын өңдеп көрсетті.










9

Баланы киіндіріп, анасына беріп, жөргектеу столындағы жөргектерді кір киімдер салынған қапқа тастады.










10

Жөргектеу столын дез ертіндімен өңдеп, қолғаптарын шешіп, қорапқа салып, қолдарын жуып құрғатты.










Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен. Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________ Емтихан алушының аты – жөні және қолы:_________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет